Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Тағдыршешті шешімдер қабылданған жиын

Тағдыршешті шешімдер қабылданған жиын

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысы шын мәнінде ел шежіресіне алтын әріппен жазылатын айшықты оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей қатысуымен өтіп келген Ұлттық құрылтай өзін мемлекет үшін тағдыршешті мәселелер талқыланатын басты алаң ретінде толық дәлелдеді. Ол халқымыздың көне дәстүрлерін қайта жаңғырта отырып, ұлттық мемлекет құрудың ұзақмерзімді моделін қалыптастырған ашық әрі маңызды диалог қызметін тиімді атқарды.

Алқалы жиынды еліміздің әр өңі­рінде өткізу туралы шешім тек тари­хи жадымызға деген құрмет қана емес. Сонымен бірге күн тәртібіндегі жалпы­ұлттық мәселелерді аймақтардағы бел­сен­ді азаматтармен бірлесе талқы­лауға, хал­қымыздың бірлігін нығайтуға жол ашқан маңызды қадам болды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев президенттік қызметіне кіріскен күннен бастап, жұртшылықпен ашық диалогқа басымдық беріп келеді. Мемлекет басшысының алғашқы шешімдерінің бірі ретінде ел тағдырына бейжай қарамайтын сарапшылар мен азаматтарды біріктірген Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруы – соның айқын көрінісі.

Президент бастап берген қоғамдық диалогтің аясы кеңейіп, уақыт өткен сайын жетіліп, әрдайым жаңа деңгейге көтеріліп отырды. Сонымен қатар азаматтардың ел болашағына атсалысуға деген ынтасы мен белсенділігін арттыра түсті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бесінші Құрылтайда қоғам мен билік арасындағы ашық диалогқа жоғары баға беріп, келешекте оны конституциялық деңгейге көтеруді ұсынды. Бұл – алты жыл бұрын бастау алып, қоғамды ел басқару ісіне кеңінен тартуға бағытталған саяси рефор­малардың заңды жалғасы.

Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы Ассамблеясының орнын басатын Халық кеңесі өзге де маңызды функциялар атқарып, мемлекеттің тұрақтылығы мен тыныштығының кепіліне айналуға тиіс. Сондай-ақ ол көпұлтты әрі көпкон­фессиялы еліміз халқы үшін өз мүддесін білдіретін және қорғайтын жаңа да салмақты құрал қызметін атқарады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде бір палаталы Парламентке көшу мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл орайда, еліміздің дамуы үшін аса маңызды жайт алдын ала жарияланып, кейінгі алты ай бойы кеңінен талқыланғанын тағы да атап өткен жөн. Оған қатысты ұсыныстарын білдіруге тек Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы мүшелері ғана емес, қарапайым азаматтар да мүмкіндік алды. Парламент депутаттары да белсене атсалысқан бұл жұмысқа Президент жоғары баға берді.

2022 жылы конституциялық реформадан бастау алған өзгерістер Парламент өкілеттіктерін айтарлықтай күшей­те түскенін ерекше атап өткім келеді. Осы аралықта біз Мемлекет басшысы айқындаған «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының түпкілікті жүзеге асуына жүйелі түрде қадам басып келеміз.

Парламентті одан әрі нығайтуға бағытталған жаңа бастамалар заң шыға­рушы органның өкілеттігін бұрынғыдан да кеңейте түседі. Тек партиялық тізім бойынша сайланатын бір палаталы Парламент түрлі идеологиялық платформалар мен сайлаушылар мүддесінің жүйелі түрде ұсынылуы арқылы қабыл­данатын шешімдердің сапасын арттырады.

Алты партиялық фракцияның бел­сенді жұмысы заң жобалау үдерісі мен парламенттік пікірталастың мазмұнын әлдеқайда күшейткенін Мәжілістің сегізінші сайланымының тәжірибесі көрсетіп отыр.

Әлем тарихында қос палаталы құры­лымнан саналы түрде бас тартып, бір палаталы парламентті таңдаған елдер аз емес. Бұл көбіне заң шығару үдері­сін жетілдіруге және шығындарды қысқар­туға ұмтылатын унитарлы мемлекеттерге тән. Жалпы алғанда, ХХ ғасырдың соңғы ширегінде әлемдегі барлық ұлттық парламенттер арасында бір палаталы парламенттердің үлесі тұрақты түрде өскені байқалды. Қазіргі уақытта бір палаталы жүйе ұлттық парламенттердің шамамен 60 пайызын құрайды.

Осылайша, бір палаталы Парламент – біз секілді унитарлы мемлекеттер үшін халықаралық стандарттарға толық сай келетін, уақтылы жасалған қадам.

Парламенттің жаңа атауына қатысты Президент ұсынысы да ерекше назар аударуға тұрарлық. Парламент – демократияның өзегі. Ал Құрылтай қазақ халқы үшін ежелден дала даналығы мен әділдіктің нышаны, ел тағдыры бірлесе шешілетін жер болған. Қазақстан Парламентін Құрылтай деп атау – ата-баба тарихына құрмет көрсету және дәстүр сабақтастығын сақтау деген сөз.

Мемлекет басшысының Вице-президент институтын енгізу жөніндегі ұсынысы да – прогрессивті идея. Конс­титуция бойынша, бұл – елдегі екінші тұлға ретінде ол мемлекеттің сая­си бағытын толық жүзеге асыруға жауап­ты болады.

Осы бірегей әрі батыл шешім Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мемлекетті демократиялық қағидаттар негізінде құру қағидатын берік ұстанаты­нын айқын дәлелдейді. Мұндай ұстаным қазақстандықтар мен халықаралық қоғамдастыққа Президент саясатының өзегінде мемлекеттік билік вертикалының тұрақтылығы мен айқындығы тұрғанын анық көрсетеді.

Сондай-ақ Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы күн тәртібінде тұрған барлық негізгі мәселені қамтыды. Атап айтқанда, салық кодексі мен цифрландырудан бастап, экология, денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылымды дамыту, жастарды қолдау, сыртқы саясат, патриотизм және резонанс тудырған қылмыстармен күреске дейінгі жайттарға назар аударылды. Сол арқылы Прези­дент қоғамды толғандыратын мәселелер­ді терең білетінін және оларды шешу­дегі жүйелі көзқарасын тағы бір мәрте аңғартты.

Айта кету керек, жыл басынан бері Президент халыққа екінші рет бағ­дарламалық сөз арнап, бүкіл мемлекеттік аппарат пен қоғам жұмы­сына жоғары қарқын мен нақты бағыт беріп отыр. Жаһандық тұрақсыздық жағ­дайында осындай үндеулердің жиі жасалуы қоғамдық көңіл күйді тұрақ­тандырып, Мемлекет басшысының ел болашағына деген шынайы алаңдау­шылығын айғақтайды.

Жалпы, бір палаталы Парламент, Халық кеңесі және Вице-президент инс­титуты – Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қар­саңында қабылданғалы отырған аса маңызды шешімдер. Мән-мазмұны жағы­нан олар бүкіл саяси жүйені түбе­гей­лі жаңғыртып, жаңа заманауи мем­лекет құру дәуіріне жол ашады. Атал­ған кезеңде Тәуелсіздікті тұғырлы ету мем­лекеттің басты құндылығы әрі Прези­дент жүргізіп отырған барлық рефор­маның бұлжымас бағдары болып қала бермек.

Ерлан ҚОШАНОВ,

Мәжіліс төрағасы

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында 92 ағаш заңсыз кесіліп, залал 760 мың теңгеден асқан

Қоғам • Бүгін, 00:29

Робот-хирург тізе буынын ауыстыру отасын жасады

Технология • Кеше

«Қайрат» бельгиялық «Брюггеден» ірі есеппен жеңілді

Футбол • Кеше

Жамбыл облысында оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Суперкомпьютердің қажеттілігі неде?

Қоғам • Кеше

Шымкенттің коммуналдық қызметі шетелдік компанияға беріле ме?

Оқиға • Кеше

4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды

Қоғам • Кеше

Әлемнің 10-шы ракеткасы атанған Бублик «Australian Open» турнирін сәтті бастады

Спорт • Кеше

Қостанайда өңір оқырмандарының «Оқы және жең» байқауы мәреге жетті

Аймақтар • Кеше

Қарағанды облысының велошабандозы әлемдік деңгейдегі команда құрамына енді

Спорт • Кеше

Банкоматтан қолма-қол ақша шешіп алатындар камераға не үшін түсіріледі?

Қоғам • Кеше

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Шымкент жаңа қадамға барды

Экономика • Кеше

Елордада бұқаралық шаңғы жарысы қашан өтеді?

Спорт • Кеше

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • Кеше

Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайтадан жүруі мүмкін

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 08:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары