Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

MIT ке қабылданған оқушы

MIT ке қабылданған оқушы

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Осы күні таудай талабы бар жастар алынбайтын асудай көрінетін биіктерді бағындырып жүр. Соны көргенде кеудеңді қуаныш кернейді. Бойыңды мақтаныш сезімі билейді. Біз бүгін әлемнің маңдайалды оқу орны – Массачусетс технологиялық институтына (MIT) оқуға түскен озат оқушы туралы әңгімелемекпіз.

Мұхиттың арғы жағына жол салған Нұргүл Егенбергенова елордадағы «Nurorda» мектеп-лицейінде оқиды. Үздік оқушының  физика  пәні бойын­ша жетістіктері таңдай қақтырады: респуб­ликалық олимпиаданың үш дүркін алтын медаль иегері, халықаралық Жәуті­ков олимпиадасының жеңімпазы, Фран­ция­да өткен (IPhO) халықаралық физика олимпиадасының қола жүлдегері. Кейіпкеріміздің осы еңбегі еленіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың жеке қабылдауында болып, арнайы сыйақы сертификатын иеленген еді. Енді, міне, МІТ-ге оқуға түсті.

Шын мәнінде, бұл беделді университетке түсу – кез келген талапкерге оңай емес. Мәселен, биылғы оқу жылында 29 мыңнан аса үміткердің ішінен тек 4-5%-ы ғана шақырту алған. Ал өзге елдердің студенттеріне іріктеу бұдан да қатаң. Шетелдік талапкерлердің небәрі 2%-ы оқуға қабылданды. Соның ішінде біздің отандасымыз бар. Озат  оқушының осы жетістігі – жай ғана сүйінші хабар емес, отандық білім жүйесі мен жас дарынның көпжылдық еңбегінің жемісі һәм жеңісі. Біз Нұргүлдің жетістік құпиясын оның ұстаздары мен өзінің ұстанымдары арқылы танып көруге тырыстық.

Халықаралық деңгейдегі оқу орындарына түсу барысында Нұргүлге бағыт-бағдар берген Сержан Жұрмағамбетов шәкіртінің  ерекше жауапкершілігін атап өтті. Оның айтуынша, MIT-ке түсу – кездейсоқ сәттілік емес, жүйелі жұмыстың нәтижесі. «Нұргүл – ерекше оқушы. Ол – тек дарынды ғана емес, сонымен қатар өте тәртіпті, жауапкершілігі жоғары жан. Оның физикаға қызығушылығы жай пән деңгейінде емес, нағыз зерттеушілік деңгейде қалыптасқан. Нұргүл – дайын шешім күтетін оқушы емес, керісінше, сұрақ қоятын, ізденетін, терең түсінуге тырысатын адам. Мұндай мінез бен төзімділік оны әлемдік бәсекеде оқ бойы озық шығарды», дейді  Сержан.

Оның жетекшісі әрі менторы Арнұр Қазыбеков шәкіртінің күнделікті кестесі кәсіби спортшылардан кем болма­ғанын айтады. «Нұргүл 8-сыныптан бастап жоға­ры математиканы, дифферен­циал­дық теңдеулерді игеріп, мектеп бағ­дар­ламасынан әлдеқайда алға озды. Біздің дайындығымыз аптасына 6 күн, күнде кешкі сағат 20.30-ға дейін жалғаса­тын. Ең бастысы – Нұргүл өзі ғана дамып қоймай, айналасына да пайдасын тигізеді. Қазірдің өзінде ол 8-сыныптың екі оқушысына ментор болып, оларды республикалық деңгейге шығарды. Бұл оның тұлғалық кемелдігін көрсетеді», дейді Арнұр.

Кейіпкеріміздің тәрбиешілері мен жақындары оның сабырлы мінезі мен қарапайымдылығын айрықша атайды. Оны өзгелерден ерекшелендіретін қасиеті –  жеңіске мастанбай, қателіктен сабақ ала білуі. Ал Нұргүлдің өзінен болмысын 3 сөзбен сипаттауды сұрағанымызда арманшыл, өзінің ішкі менімен сырласатын, әрқашан өзіне есеп беретін, талапшыл адам екенін айтты. «Үлкен адам болу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға», деп ақын Мұхтар Шаханұлы жырлағандай, оның білімге деген құштарлығы бала арманынан бас­тау алған. 

 – Өзбекстанның Науаи өңірінде дүниеге есігін аштым. 6 жасымда атажұртқа отбасыммен көшіп келдік. Ауылда өскендіктен, түнгі аспандағы жұлдыздарды анық көре алатынмын. Сондықтан ғарышты зерттегім келетін. Бірақ тек астрономияға байланып қалғаным жоқ. Физика ғылымының басқа да бағыттарына қызығамын. Сол себепті де әлемдегі ең үздік технологиялық университетке түсуді мақсат еттім. МІТ-ке өтініш тапсыруды өткен жылдың қыркүйек айында бастадым. Өз кезегінде «IELTS», «SAT» сияқты сертификаттарын тапсырып, мотивациялық эсселер жаздым. Ең қиын сәт өткен жылы желтоқсан айында болды. Сол кезде халықаралық емтихандар да, сұхбаттар да, өтінімді тапсыру мерзімі де, олимпиадаларым да бір мезгілге түсіп қалды. Осының барлығын бірге алып жүру қиын болды. Бірақ еңбегімнің бір күні ақталарына сеніп, өзімді жігерлендірдім, – дейді табанды оқушы.

Біздің кейіпкеріміздің кәсіби жолдағы таңдауы бала күнгі арманынан алыстамады. Физика бағытын таңдады. Ол университетте тек білім алып қоймай, жақсы тәжірибе жинап, оны бакалаврдан бас­тап жаңа технологияларға айналдыруға үлес қосуды көздейді. Оның айтуынша, сол мақсатын іске асыруға MIT дәл келеді. Өйткені осы жоғары оқу орнында  «практикалық инновация» жағына көбірек көңіл бөлінеді.

Енді Нұргүл Егенбергенова МІТ-те физика және инженерлік бағытты тереңдетіп оқуды жоспарлап отыр. Оның арманы – әлемдік деңгейдегі білімді игеріп,  еліміздің технологиялық әлеуетін көтеруге үлес қосу.

Соңғы жаңалықтар

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады

Қоғам • Бүгін, 08:45

Технология мен ғылымды тоғыстырған

Ғылым • Бүгін, 08:43

Алматы Кремний алқабына айнала ма?

Ғылым • Бүгін, 08:40

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38

Жазата жеткізген жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:35

Берекенің бесігі

Көрме • Бүгін, 08:33

«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім

Әдебиет • Бүгін, 08:30

Актер шындығы қайда жоғалды?

Өнер • Бүгін, 08:28

Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті

Әдебиет • Бүгін, 08:25

Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген

Тұлға • Бүгін, 08:23

Тасқынға тастүйін дайындық

Су тасқыны • Бүгін, 08:20

Тағдырын таныған таланттар

Әдебиет • Бүгін, 08:18

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Наурыз 2026 08:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see202

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see182

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see176

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see167

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see165

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

22 Қыркүйек 2026 02:21see153

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see153

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see152

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see148

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see141

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see138

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

22 Қыркүйек 2026 02:22see137

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see132

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see125

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see120

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see119

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

22 Қыркүйек 2026 02:21see117

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see113

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары