Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Мейрамбек Назарқожаев Данияның Корольдік театрына қабылданған тұңғыш қазақ

Мейрамбек Назарқожаев Данияның Корольдік театрына қабылданған тұңғыш қазақ

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

— Ауылдың қарапайым баласымын. Алматы облысы, Іле ауданы, Қараой ауылында дүниеге келгенмін. Кішкентай кезімде менен жақсы футболшы шығады деп айтатын. Бірақ анамның жақындары ұсыныс жасап, осы салаға келдім. Балетке 10 жасымда бет бұрдым. Оқуда озат болдым, 8 жылда халықаралық конкурстарда лауреат болдым. Арманым шетелде шыңдалу болды, соған қадам бастым, — дейді ол.

Өнер иесінің алғашқы белесі Мәскеумен байланысты. Бұл кезең жас әртіс үшін кәсіби қалыптасудың сатысына айналған.

Видеодан алынған кадр

— Ресей — әлемге танымал хореографтар мен бишілердің отаны. Мәскеуде Russian State Ballet труппасына қабылдандым. Труппаның көркемдік жетекшісі Вячеслав Гордеев маған сенім артып, үлкен рөлдерді беріп отырды. Сол кісінің қол астында Германия, Швейцария, Австрия, Қытайдың үлкен сахналарында және Үлкен театр, Кремльде жетекші партияларды сомдап өнер көрсеттім. Мен үшін Мәскеу Еуропаға жол ашатын үлкен асу болды, — дейді спикер.

Кейін бұл жол Германияға жалғасып, жаңа орта мен жаңа талаптар әртістің көкжиегін кеңейткен.

— Германияның Киль қаласында Қазақстаннан бишілер бұрыннан бері өнер көрсететін. Ол шағын театр болғанмен, деңгейі өте жоғары. Сол жерде тыңдалымнан өтіп, арнайы шақыру алдым. Алғашында ағылшын тілін білмегендіктен қиналдым. Бірақ театр директоры, Украинада туған, орысша білетін Ярослав Иваненко көп көмектесті. Жаттығуларда түсінбей жатсам, орысша түсіндіретін. Сонымен қатар қазақстандық әртістер де қолдау көрсетті. Сол себепті ортаға тез сіңіп, ағылшын тілін де жылдам үйреніп кеттім, — дейді ол.

Фото: bekballetschool.tilda.ws

Осы тәжірибенің бәрі оны Еуропадағы ең беделді сахналардың біріне алып келді.

— Дания корольдік театрының үш жүз жылдық тарихы бар. Еуропадағы ең көне театрлардың бірі. Онда жұмыс істеуді армандамайтын әртіс жоқ шығар. Алдымен түйіндемемді жібердім. Жүзге жуық үміткердің ішінен 10-15 адамды іріктеп, арнайы сынаққа шақырады. Соның ішінде тек екі әртіс қана қабылданады. Мен сол іріктеуден өтіп, театр труппасына қосылдым. Қазір осы тарихи сахнада еңбек етіп келемін. Сонымен қатар Дания корольдігінің жоғары марапатын да алдым, — деді Мейрамбек Назарқожаев.

Театрдың тағы бір ерекшелігі — әртістерге берілетін әлеуметтік кепілдіктердің жоғары болуы.

— Өмір бойына келісімшарт жасастық. Бұл — үлкен қолдау. Қаласаң, одан бас тартуға болады. Қазақстанда бұл жүйе қалай жұмыс істейтінін нақты білмеймін, бірақ осындай тәжірибе енгізілсе екен деймін, — дейді балет әртісі.

Мейрамбек Назарқожаев туған елмен байланысын үзген жоқ. Керісінше, жинаған халықаралық тәжірибесін Қазақстанға әкелуді көздейді. Осы бағытта ол отандық әріптестерімен бірге Nomad Ballet Project жобасын іске қосты. Жоба аясында Канада, АҚШ, Жапония, Португалия, Оңтүстік Корея, Польша елдерінен келген Дания Корольдік театрының жетекші әртістері Алматы Theatre сахнасында өнер көрсетіп, көрерменнің жоғары бағасына ие болды.

Фото: instagram.com/digitalbusinesskazakhstan

Сонымен қатар жоба тек сахналық қойылымдармен шектелмей, кәсіби тәжірибе алмасуға да жол ашты. Атап айтқанда, балет әртістері мен Бурнонвиль техникасының шебері Динна Бьёрн Алматы хореография училищесінің студенттеріне арнайы мастер-класс өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Ендігі кезекте елорда көрерменін ерекше мәдени кеш күтіп тұр.

— 5 сәуір күні Астанада Дания Корольдік театрының гала кеші өтеді. Жаңа техника, жаңа әсермен бөлісуге асықпыз. Болашақта да ел көріп, жер көріп, толыққанды тәжірибе жинаған соң елге оралуды ойлаймын. Бар мақсатым — білгенімді үйрету, — дейді ол.

Айта кетейік, Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың өзара мәдениет жылының ашылу салтанаты өтті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 18:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары