Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Редакцияға оқырман хабарласып, жол полициясы такси жүргізушілерінде тек міндетті автосақтандыру ғана емес, жолаушылар алдындағы жауапкершілікті қамтитын полистің болуын да тексере бастағанын хабарлады. Бұл ретте жолаушылар жол жүрісі кезінде агрегаторлар арқылы сақтандырылған болса, осындай құжат талап ету заңды ма деген сұрақ туындап отыр. Tengri Auto тілшісі мәселенің мән-жайын анықтап көрді.
Редакцияға оқырман хабарласып, жол полициясы такси жүргізушілерінде тек міндетті автосақтандыру ғана емес, жолаушылар алдындағы жауапкершілікті қамтитын полистің болуын да тексере бастағанын хабарлады. Бұл ретте жолаушылар жол жүрісі кезінде агрегаторлар арқылы сақтандырылған болса, осындай құжат талап ету заңды ма деген сұрақ туындап отыр. Tengri Auto тілшісі мәселенің мән-жайын анықтап көрді.
Не болды?Оқырманның айтуынша, соңғы уақытта жол полициясының қызметкерлері такси көліктерін тоқтатып, жүргізушілерден жолаушылар алдындағы жауапкершілікті сақтандыру құжаттарын талап етеді.
Полиция жауабы"Бұл қаншалықты заңды? Жүргізуші өзін жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, жолаушылар тасымалдауға рұқсат алуы қажет дегенге келісеміз. Бірақ неге бөлек сақтандыру қажет? Такси сервистері сапар басталған сәттен бастап жолаушыларды автоматты түрде сақтандырады ғой", - деп жазды оқырман.
Алматы Полиция департаменті редакция сауалына берген жауабында, жүргізушінің көлікті иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартысыз басқаруға құқығы жоқ екенін еске салды.
Ал егер көлік жолаушылар тасымалы үшін пайдаланылса, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін де сақтандыру қажет.
Осылайша, такси көліктері үшін тек стандартты автосақтандыру ғана емес, сонымен қатар жолаушылар тасымалына арналған қосымша полис те қажет.
Департамент мәліметінше, инспектор көлікті тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын тексеруге құқылы. Оның ішінде:
жүргізуші куәлігі; көлікті тіркеу куәлігі; міндетті сақтандырудың бар болуы; жолаушылар тасымалы қызметімен айналысу құқығын растайтын құжаттар; егер жүргізуші ресми түрде жолаушылар тасымалымен айналысса (таксистер, таксопарктер, автобус парктері) жолаушылар тасымалына байланысты қосымша сақтандыру полисі. Заңгердің түсіндірмесіALC Attorneys халықаралық заң компаниясының заңгері Мадина Сәпинова "Жол қозғалысы туралы" заңға сәйкес жүргізуші заңнамада көзделген құжаттарды өзімен алып жүруге және полиция қызметкерлерінің талап етуі бойынша көрсетуге міндетті деп түсіндірді. Оларға мыналар кіреді:
жүргізуші куәлігі, көлікті тіркеу куәлігі, міндетті сақтандырудың бар екендігін растау."Сондықтан жол полициясының қызметкері басқа құжаттармен қатар сақтандыру полисінің бар-жоғын тексере алады", - дейді Сәпинова.
Сондай-ақ ол жарамды сақтандырусыз көлікті басқару әкімшілік құқықбұзушылық болып саналатынын еске салды. Бұл үшін жауапкершілігі ҚР ӘҚБтК 230-бабында қарастырылған, жүргізуші айыппұл арқалауы мүмкін.
Жолаушы тасымалымен айналысатындарға бөлек талаптар қолданылады.
"Егер жүргізуші адамдарды ақылы түрде тасымалдайтын болса, ол тасымалдаушы болып есептеледі. Бұл жағдайда әдеттегі автосақтандырудан бөлек тағы бір полис тасымалдаушының жолаушылар алдындағы міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру қажет", - деп түсіндірді маман.
Полис сапар кезінде жолаушыға зиян келтірілген жағдайда, мысалы, жол-көлік апаты кезінде қолданылады. Сақтандыру жолаушылардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтейді.
Заңгердің айтуынша, такси сервистері расында жолаушыларды қосымша сақтандыра алады. Әдетте ол тапсырыс қабылданған сәттен бастап автоматты түрде іске қосылып, тек сапар уақытына қолданылады.
Алайда заңгер агрегатор тарапынан мұндай сақтандыру заң талаптарын жоймайтынын айтты.
"Жолаушылар тасымалы үшін негізгі заңдық және қаржылық жауапкершілік тасымалдаушыға, яғни көлік иесіне немесе таксопаркке жүктеледі. Сондықтан агрегатор арқылы жұмыс істейтін жүргізуші де заңнамада көзделген міндетті сақтандыру полистерін рәсімдеуі керек", - дейді Мадина Сәпинова.
Сонымен қатар маман жолаушылар тасымалы саласында жұмыс істеу үшін өз қызметінің заңдылығын растау қажет екенін айтты. Әдетте бұл үшін жеке кәсіпкер немесе өзін-өзі к жұмыспен қамтушы ретінде тіркеліп, рұқсат алу немесе тасымалды бастау туралы хабарлама беру қажет.
Осылайша, заңгер "жол полициясы такси жүргізушілерінде сақтандыру полисінің бар-жоғын тексеруі заңды. Сонымен қатар, сапар кезінде агрегатор тарапынан берілетін сақтандыру жолаушыларға қосымша қорғау ретінде қызмет ете алады, бірақ заңдағы міндетті талаптарды алмастырмайды" деп қорытындылады.
Жолаушылар алдындағы міндетті сақтандыру полисін тасымалдаушы — көлік иесі, таксопарк немесе жеке кәсіпкер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген жүргізуші рәсімдеуі тиіс.
Әдетте мұндай полис бір жылға рәсімделеді. Ол жолаушылардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!