Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Таксистер жолаушыларды да сақтандыруы керек пе? Полиция түсіндірді

Таксистер жолаушыларды да сақтандыруы керек пе? Полиция түсіндірді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Редакцияға оқырман хабарласып, жол полициясы такси жүргізушілерінде тек міндетті автосақтандыру ғана емес, жолаушылар алдындағы жауапкершілікті қамтитын полистің болуын да тексере бастағанын хабарлады. Бұл ретте жолаушылар жол жүрісі кезінде агрегаторлар арқылы сақтандырылған болса, осындай құжат талап ету заңды ма деген сұрақ туындап отыр. Tengri Auto тілшісі мәселенің мән-жайын анықтап көрді.

Не болды?

Оқырманның айтуынша, соңғы уақытта жол полициясының қызметкерлері такси көліктерін тоқтатып, жүргізушілерден жолаушылар алдындағы жауапкершілікті сақтандыру құжаттарын талап етеді.

"Бұл қаншалықты заңды? Жүргізуші өзін жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, жолаушылар тасымалдауға рұқсат алуы қажет дегенге келісеміз. Бірақ неге бөлек сақтандыру қажет? Такси сервистері сапар басталған сәттен бастап жолаушыларды автоматты түрде сақтандырады ғой", - деп жазды оқырман.

Полиция жауабы

Алматы Полиция департаменті редакция сауалына берген жауабында, жүргізушінің көлікті иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартысыз басқаруға құқығы жоқ екенін еске салды.

Ал егер көлік жолаушылар тасымалы үшін пайдаланылса, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін де сақтандыру қажет.

Осылайша, такси көліктері үшін тек стандартты автосақтандыру ғана емес, сонымен қатар жолаушылар тасымалына арналған қосымша полис те қажет.

Департамент мәліметінше, инспектор көлікті тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын тексеруге құқылы. Оның ішінде:

жүргізуші куәлігі; көлікті тіркеу куәлігі; міндетті сақтандырудың бар болуы; жолаушылар тасымалы қызметімен айналысу құқығын растайтын құжаттар; егер жүргізуші ресми түрде жолаушылар тасымалымен айналысса (таксистер, таксопарктер, автобус парктері) жолаушылар тасымалына байланысты қосымша сақтандыру полисі. Заңгердің түсіндірмесі

ALC Attorneys халықаралық заң компаниясының заңгері Мадина Сәпинова "Жол қозғалысы туралы" заңға сәйкес жүргізуші заңнамада көзделген құжаттарды өзімен алып жүруге және полиция қызметкерлерінің талап етуі бойынша көрсетуге міндетті деп түсіндірді. Оларға мыналар кіреді:

жүргізуші куәлігі, көлікті тіркеу куәлігі, міндетті сақтандырудың бар екендігін растау.

"Сондықтан жол полициясының қызметкері басқа құжаттармен қатар сақтандыру полисінің бар-жоғын тексере алады", - дейді Сәпинова.

Сондай-ақ ол жарамды сақтандырусыз көлікті басқару әкімшілік құқықбұзушылық болып саналатынын еске салды. Бұл үшін жауапкершілігі ҚР ӘҚБтК 230-бабында қарастырылған, жүргізуші айыппұл арқалауы мүмкін.

Жолаушы тасымалымен айналысатындарға бөлек талаптар қолданылады.

"Егер жүргізуші адамдарды ақылы түрде тасымалдайтын болса, ол тасымалдаушы болып есептеледі. Бұл жағдайда әдеттегі автосақтандырудан бөлек тағы бір полис тасымалдаушының жолаушылар алдындағы міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру қажет", - деп түсіндірді маман.

Полис сапар кезінде жолаушыға зиян келтірілген жағдайда, мысалы, жол-көлік апаты кезінде қолданылады. Сақтандыру жолаушылардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтейді.

Заңгердің айтуынша, такси сервистері расында жолаушыларды қосымша сақтандыра алады. Әдетте ол тапсырыс қабылданған сәттен бастап автоматты түрде іске қосылып, тек сапар уақытына қолданылады.

Алайда заңгер агрегатор тарапынан мұндай сақтандыру заң талаптарын жоймайтынын айтты.

"Жолаушылар тасымалы үшін негізгі заңдық және қаржылық жауапкершілік тасымалдаушыға, яғни көлік иесіне немесе таксопаркке жүктеледі. Сондықтан агрегатор арқылы жұмыс істейтін жүргізуші де заңнамада көзделген міндетті сақтандыру полистерін рәсімдеуі керек", - дейді Мадина Сәпинова.

Сонымен қатар маман жолаушылар тасымалы саласында жұмыс істеу үшін өз қызметінің заңдылығын растау қажет екенін айтты. Әдетте бұл үшін жеке кәсіпкер немесе өзін-өзі к жұмыспен қамтушы ретінде тіркеліп, рұқсат алу немесе тасымалды бастау туралы хабарлама беру қажет.

Осылайша, заңгер "жол полициясы такси жүргізушілерінде сақтандыру полисінің бар-жоғын тексеруі заңды. Сонымен қатар, сапар кезінде агрегатор тарапынан берілетін сақтандыру жолаушыларға қосымша қорғау ретінде қызмет ете алады, бірақ заңдағы міндетті талаптарды алмастырмайды" деп қорытындылады.

Жолаушылар алдындағы міндетті сақтандыру полисін тасымалдаушы — көлік иесі, таксопарк немесе жеке кәсіпкер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген жүргізуші рәсімдеуі тиіс.

Әдетте мұндай полис бір жылға рәсімделеді. Ол жолаушылардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:239
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 10:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары