Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Парламент Сенатының жанындағы Талдау мектебінің бесінші легі қабылданып, дәрістер басталды.
Биыл бұл жобаға 1000-нан астам үміткерден өтінім келіп түскен.
Конкурстық іріктеуден 71 қатысушы өтті, яғни бір орынға 14 адам үміткер болды.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа кезеңнің алғашқы дәрісінде цифрлық техөнологиялар дәуіріндегі талдау жұмысының тұжырымдамалық қырлары туралы айтты.
Палата спикері қатысушыларға ілтипат білдіріп, ел өміріндегі үдерістерді терең талдап, мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосуды көздейтін қоғамдастықтың қалыптасуы Сенаттың бес жыл бойы түрлі саладағы сарапшылармен жүйелі өзара іс-қимылының нәтижесі екенін атап өтті.
Олар заң шығару бағытында бірлесіп жұмыс істеу, өңірлік жобаларды әзірлеп, іске асыруға септігін тигізген.
Сонымен қатар М.Әшімбаев Сенат жанындағы Талдау мектебі мен Сарапшылар клубы жас мамандардың аналитикалық қабілеті мен цифрлық мүмкіндігін кешенді түрде жетілдіруге, олардың бойына жасампаз құндылықтарды сіңіруге ықпал ететінін айтты.