Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Талдықорғандағы Қаратал өзенінің төменгі жақ жағалауы күл-қоқыстан арылмайды.
Жазда демалуға келгендер ластаса, қыста қоқыс әкеліп, төгіп кететіндер көп. Салдарынан өзеннің айналасындағы күл-қоқыстың суға жайылу қауіпі бар. Бұл мәселеге сол маңның тұрғындары да алаңдап отыр. Жалпы облыс орталығынан күніне 100 тоннаға жуық қоқыс арнайы орынға шығарылады. Тұрмыстық қалдықты қайта өңдеу мәселесі де өзекті.
«Мерекелік» саяжай алабының маңында үйілген қоқыс бір көлікке жүк болардай. Қар көбесі сөгілгенше жиналмаса, шашылған тұрмыстық қалдық Қаратал өзенін ластайды, дейді тұрғындар.
Жазира Қожахан, қала тұрғыны:
- Мерекелік саяжайында тұрам негізі. Мусор тастайды ғой елдер. Жолдың бойына дейін тастайды. Дача жақ бәрі мусор.
Бұл аумақты жауапты мекеме жұмысшылары тазалағанымен біраз уақыттан кейін бәз баяғы қалпына түседі. Себебі тұрақты бақылау жоқ.
Берік Шоранов, қала тұрғыны:
- Камера қойған дұрыс әйтпесе мында ешкімде мусорка жоқ. Алдында мына мәгәзин жанында мусорка қойған. бәрі сол жерге тастайтын. Қазір мусорка жоқ. Сол үшін бірдеме қолдану керек.
Жауаптылардың айтуынша, айналаны ластайтындар алыстан келмейді. Сол маңның тұрғындары тұрмыстық қалдық шығарудан қашып, кез-келген жерге заңсыз төге салады.
Аманжол Нұрғазы, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:
- Саяжай аумақтарында орналасқан саяжай төрайымдарының өтінішіне сай алынып тасталды. Жалпы, экологиялық кодекске сәйкес әр жеке тұрғын үй секторының иесі контейнер сатып алуға міндетті. Және де қоқыс шығаратын Компаниялармен келісім шарт жасауға міндетті. Скл Жабайы қоқыс дейміз ғой соны кім лақтыратынын анықтау мақсатында бізде фототұзақтар бар. Аталған бағытта жұмыстар жүргізілуде тәртіп сақшыларымен бірге.
Тәртіп сақшылары былтыр қала аумағындағы қоғамдық орындарын ластаған 500-ден аса адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұндай рейдтер облыс көлемінде де өткізілді. .
Қайсар Мухметов, облыстық ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы:
- 700-ден астам рейдтік шара өткізілді. Осы іс шаралар нәтижесінде елдімекендердегі ортақ орындарды ластау дерегінің 3085 дерегі анықталды. Олар әкімшілік кодекстің 434 прим 2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қоршаған ортаның тазалығы мен экология мәселесіне бей-жай қарамайтындар бұл заңсыздықтың алдын алуына болар еді. Ол үшін қоқысты суретке түсіріп, «TazaQazBot» телеграм каналына жіберсе болғаны. Былтыр осы чат арқылы жергілікті атқарушы органдарға 600-ден аса шағым түскен.
Нұрлан Жетпісбай, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
- Телеграм чат боты іске қосылған сәттен бастап, облыс бойынша 630 өтінім түсті. Оның 529 орындалды. 101 өтінім телеграм каз боттың сұрақтарына сәйкес келмеген соң кері қайтарылған болатын. жыл басынан бері алты өтінім түсті барлығы орындалды.
Яғни чатқа келген өтінімдердің 84 проценті шешімін тапқан. Кері байланыс бар деген сөз. Дегенмен, мамандардың сөзінше, 700 мыңға жуық халқы бар Жетісу облысы үшін бұл көрсеткіш өте аз. Себебі тұрғындардың дені «Таза қаз бот» телеграм каналы туралы білмейді. Кейбірі қолдана алмайды. Сондықтан белсенділік төмен.
БЛИЦ:
-Таза Қаз бот бағдарламасы туралы естімедім.
- Бұған дейін Таза Қаз бот деген чатты қолданып көрген жоқпыз. Өтінім де беріп көрген жоқпыз енді.
- Жоқ әлі қолданған жоқпын, көрген жоқпыз.
Түсінгеніміз, «TazaQazBot» телеграм каналын насихаттау жұмыстары мардымсыз. Әйтпесе бұл жоба қоғам бақылауын күшейту арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етер еді дейді жауаптылар.
Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев