Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Талдықорғанда өзен жағасын қоқыс жайлап жатыр

Талдықорғанда өзен жағасын қоқыс жайлап жатыр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Талдықорғандағы Қаратал өзенінің төменгі жақ жағалауы күл-қоқыстан арылмайды.

Жазда демалуға келгендер ластаса, қыста қоқыс әкеліп, төгіп кететіндер көп. Салдарынан өзеннің айналасындағы күл-қоқыстың суға жайылу қауіпі бар. Бұл мәселеге сол маңның тұрғындары да алаңдап отыр. Жалпы облыс орталығынан күніне 100 тоннаға жуық қоқыс арнайы орынға шығарылады. Тұрмыстық қалдықты қайта өңдеу мәселесі де өзекті. 

«Мерекелік» саяжай алабының маңында үйілген қоқыс бір көлікке жүк болардай. Қар көбесі сөгілгенше жиналмаса, шашылған тұрмыстық қалдық Қаратал өзенін ластайды, дейді тұрғындар. 

Жазира Қожахан, қала тұрғыны: 

- Мерекелік саяжайында тұрам негізі. Мусор тастайды ғой елдер. Жолдың бойына дейін тастайды. Дача жақ бәрі мусор. 

Бұл аумақты жауапты мекеме жұмысшылары тазалағанымен біраз уақыттан кейін бәз баяғы қалпына түседі.   Себебі тұрақты бақылау жоқ.

Берік Шоранов, қала тұрғыны: 

- Камера қойған дұрыс әйтпесе мында ешкімде мусорка жоқ. Алдында мына мәгәзин жанында мусорка қойған. бәрі сол жерге тастайтын. Қазір мусорка жоқ. Сол үшін бірдеме қолдану керек. 

Жауаптылардың айтуынша, айналаны ластайтындар алыстан келмейді. Сол маңның  тұрғындары тұрмыстық қалдық шығарудан қашып, кез-келген жерге заңсыз төге салады.  

Аманжол Нұрғазы, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Саяжай аумақтарында орналасқан саяжай төрайымдарының өтінішіне сай алынып тасталды. Жалпы, экологиялық кодекске сәйкес әр жеке тұрғын үй секторының иесі контейнер сатып алуға міндетті. Және де қоқыс шығаратын Компаниялармен келісім шарт жасауға міндетті. Скл Жабайы қоқыс дейміз ғой соны кім лақтыратынын анықтау мақсатында бізде фототұзақтар бар. Аталған бағытта жұмыстар жүргізілуде тәртіп сақшыларымен бірге.  

Тәртіп сақшылары былтыр қала аумағындағы қоғамдық орындарын ластаған 500-ден аса адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұндай рейдтер облыс көлемінде де өткізілді. .

Қайсар Мухметов, облыстық ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы: 

- 700-ден астам рейдтік шара өткізілді. Осы іс шаралар нәтижесінде елдімекендердегі ортақ орындарды ластау дерегінің 3085 дерегі анықталды. Олар әкімшілік кодекстің 434 прим 2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қоршаған ортаның тазалығы мен экология мәселесіне бей-жай қарамайтындар бұл заңсыздықтың алдын алуына болар еді.   Ол үшін қоқысты суретке түсіріп, «TazaQazBot» телеграм каналына жіберсе болғаны.    Былтыр осы чат арқылы жергілікті атқарушы органдарға 600-ден аса шағым түскен.  

Нұрлан Жетпісбай, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы: 

- Телеграм чат боты іске қосылған сәттен бастап, облыс бойынша 630 өтінім түсті. Оның 529 орындалды. 101 өтінім телеграм каз боттың сұрақтарына сәйкес келмеген соң кері қайтарылған болатын. жыл басынан бері алты өтінім түсті барлығы орындалды. 

Яғни чатқа келген өтінімдердің 84 проценті шешімін тапқан. Кері байланыс бар деген сөз. Дегенмен, мамандардың сөзінше, 700 мыңға жуық халқы бар Жетісу облысы үшін бұл көрсеткіш өте аз.  Себебі тұрғындардың дені «Таза қаз бот» телеграм каналы туралы білмейді. Кейбірі қолдана алмайды. Сондықтан белсенділік төмен. 

БЛИЦ:

-Таза Қаз бот бағдарламасы туралы естімедім. 

- Бұған дейін Таза Қаз бот деген чатты қолданып көрген жоқпыз. Өтінім де беріп көрген жоқпыз енді. 

- Жоқ әлі қолданған жоқпын, көрген жоқпыз.

Түсінгеніміз, «TazaQazBot» телеграм каналын насихаттау жұмыстары мардымсыз. Әйтпесе бұл жоба қоғам бақылауын күшейту арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етер еді дейді жауаптылар. 

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 16:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see141

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see141

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see137

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see137

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see136

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see136

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see132

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see130

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see130

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see129

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see123

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see123

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see119

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see119

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see118

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see118

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see113

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары