Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Атырау облысында өзен мен канал түбі тереңдетіліп жатыр

Атырау облысында өзен мен канал түбі тереңдетіліп жатыр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Атырау облысында Жем өзені мен Құрсай каналының түбі тереңдетіліп, арнасы кеңейтіліп жатыр. Былтырғы тасқында су арнасынан асып,  Құлсарыны басып қалған еді. Тұрғындар шығынға батып, біраз әбігер болды. 

Бастауын Мұғалжар тауларынан алатын Жем өзені қазір баяу ағып жатыр. Дегенмен,  көктемде қар суы қосылғанда, таситыны бар. Былтырғы тасқын тұрғындарды орасан шығынға батырды. Кейін жауаптылар өзен түбін тереңдетіп, арнасын кеңейтуді бастады. Қазір жоғарыдан келетін суды реттеуға арналған 2 гидрошлюздің құрылысы жүріп жатыр.

Асланбек Шығыр, тілші:

- Қазір Жем өзенінің бойында 2 шлюз орнатылып жатыр. Ұзындығы 125 метр. Бірі Құрсай каналы арқылы Құлсары қаласына су жіберсе, екіншісі Жем өзеніне келген суды реттеп отырады. Қазір бетон құю жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Гидрошлюздің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады,- дейді мердігер мекеме өкілі. Қазір 10 шақты техника мен 30-дан аса адам жұмыс істеп жатыр. Жалпы Жем өзенінің жоба бойынша бекітілген 50 шақырымы тереңдетілді.

Жасұлан Самалиев, құрылыс-монтаж прорабы:

- Жем арнасының түбін тереңдетіп және соның артық топырақтарын шығарып жатырмыз. Қазір дайындық жұмыстары. Болашақта мынау жердегі бүкіл бетон құю жұмыстары біткеннен кейін топырақтарды алып, сайларды толтырып, тығыздап, нығыздап, желтоқсан айына өткіземіз деп ойлаймын.

Құлсарының ортасынан өтетін Құрсай каналы да тазартылып, табаны қазылып жатыр. Бірінші кезең бойынша жұмыстар толық аяқталғаннан кейін жағаны бетондау жұмыстары жүргізіледі. Кейін айналасы абаттандырылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалмақ.

Cабыржан Орманов, мердігер мекеме өкілі:

- Тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 5 амфибия (трактор) болды. 22 арнайы техникамен жұмыс атқарылып жатыр. Қазіргі таңда қалдықтарды шығарып жатырмыз. Келесі жылы бетон құю жұмыстары жүргізіледі. Жемнің арнасында Тұрғызба жақта тармақ бар. Сол жерде су тіреліп қалады, ол жағын да кеңейтіп, ашамыз. Су Каспийға жетіп қала ма деген ойымыз бар.

Жоба бойынша Жем өзеніндегі су деңгейін бақылауға арналған 3 гидробекет салынады. Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, жалпы жоба құны 40 млрд теңгеден асады. Жем өзені мен Құрсай каналынан бөлек, Жайық және Қиғаш өзендері де тереңдетілуде.

 Ернар Қадырбай, облыстық Құрылыс басқармасының бас маманы:

- Бүгінгі күні Жайық өзенінің арнасын тереңдету жұмыстары толықтай аяқталды. Оған кіретін жұмыстардың ішінде Приморский каналы, 6-канал және Зарослый каналдары, үшінші өзекте түп тереңдету жұмыстары қарастырылған. Бұл жұмыстар қазіргі таңда толықтай жасалып, аяқталып тұр. Сонымен қатар Құрманғазы ауданында орналасқан Қиғаш өзенінің арналарын кеңейту жұмыстары қазіргі таңда өз жалғасын табуда.

Өзен түбін тереңдету судың теңізге кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ балықшылардың да мәселесі шешілмек. Бұған дейін қайықтары қайраңда қалған олар өзен арнасы тереңдетілсе, теңізге алаңсыз өте алады.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Айбек Байзақов, Амантай Матенов

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 11:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары