Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Threads-тағы жазба авторы қанды оқиға түнде Талғар ауданына қарасты Ақтас елдімекенінде болғанын, ақша жетпей тұрса нанды тегін бере салып, жұма күндері нанын дүкендерге тегін таратып, жолай жолаушыларды көлігімен тегін ала кететін тандыр нан сататын орынның көпке қайырымдылығымен танымал қожайынын өлтіріп кеткенін, оған 13 рет пышақ сұғылғанын жазады.
Алматы облысының полиция департаменті кісі өлтіру дерегін растағанымен, 13 рет пышақ сұғылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Аталған фактіге сәйкес кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 56 жастағы күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ол өз кінәсін толықтай мойындады. Қолда бар ақпараттарға сәйкес жәбірленуші мен күдікті арасында өзара кикілжің туындаған. Салдарынан күдікті ер адамға екі рет пышақ сұғып, оқиға орнынан бой тасалаған". Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Атырауда тоқ соғып, жұмысшының қол-аяғынан айырылғанын жазғанбыз.