Талғар ауданында қайырымдылығымен көпке жақын ер адамды әлдекім пышақтап өлтіріп кетті
Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Threads-тағы жазба авторы қанды оқиға түнде Талғар ауданына қарасты Ақтас елдімекенінде болғанын, ақша жетпей тұрса нанды тегін бере салып, жұма күндері нанын дүкендерге тегін таратып, жолай жолаушыларды көлігімен тегін ала кететін тандыр нан сататын орынның көпке қайырымдылығымен танымал қожайынын өлтіріп кеткенін, оған 13 рет пышақ сұғылғанын жазады.
Алматы облысының полиция департаменті кісі өлтіру дерегін растағанымен, 13 рет пышақ сұғылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Аталған фактіге сәйкес кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 56 жастағы күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ол өз кінәсін толықтай мойындады. Қолда бар ақпараттарға сәйкес жәбірленуші мен күдікті арасында өзара кикілжің туындаған. Салдарынан күдікті ер адамға екі рет пышақ сұғып, оқиға орнынан бой тасалаған". Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Атырауда тоқ соғып, жұмысшының қол-аяғынан айырылғанын жазғанбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Талдықорғанда ер адамды көшеде пышақтап кетті
31 Наурыз 2026 14:42
“Қоршап алып, қорғануға мүмкіндік бермеді“ Талғар ауданында 20 жастағы жігітті өлтіріп кетті
22 Сәуір 2026 11:08
Шымкент тұрғыны көше ортасында әйелді пышақтап өлтіріп, түрмеден құтылып кетті
19 Мамыр 2026 10:47
Өте мейірімді еді : Алматыда 12 жастағы жасөспірімді пышақтап өлтіріп кетті
12 Маусым 2026 12:03
Талғар ауданында топ жігіт жандарынан өтіп бара жатқан адамды аяусыз соққыға жықты
03 Желтоқсан 2025 19:28
Көрілімдер:59
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Тамыз 2026 17:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















