Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Көне тарихтың жабылып жатар қалың беттерінің бірінде тәуелсіз Қазақстанның 2022–2026 жылдар аралығында отырысы өткізілген бес бірдей Ұлттық құрылтайы қалып барады. Бұл бес құрылтайдың барлығы да тарихтың алтын беттері мен халқымыздың жадында мәңгілікке қалып бара жатқаны анық. Оған күмән жоқ.
«Қазақ құрылтайларының бәрі де ел дамуына зор өзгеріс әкелген. «Кеңесшіл ел кемдік көрмейді» деген нақыл сөз содан қалса керек. Біз бабалар жолын ұстанып, Құрылтай шақыру дәстүрін жаңғырттық», деп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 16 маусымында Ұлытауда өткен бірінші Ұлттық құрылтай отырысында қазақ құрылтайларының ел тарихындағы маңызын атап көрсеткен-ді.
Ұлттық құрылтайдың әр отырысында қазіргі заманның талабына сай және бүгінгі қоғамның ұлттық мүддесі негізінде Президент айтқан «барша халыққа түсінікті болатын және шын мәнінде азаматтарымыздың сұранысына сай келетін» ұлттық идеология қалыптастырылғандығын нық сеніммен айта аламыз.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Ұлттық құрылтай отырысында: «Ең бастысы, қоғам өзгерді, реформаларымыз тұрақты сипатқа ие болды, халықтың сана-сезімінде үлкен бетбұрыс жасалды. Осы ретте, Ұлттық құрылтай айрықша рөл атқарғаны сөзсіз», деуі тарих аренасында қайта жаңғырған бес бірдей құрылтайдың тарихи маңызын айқындап тұрғанын қуаттай түседі.
Қызылорда Құрылтайындағы Президент сөзі, бұдан бұрын да айтып келе жатқан ой-пікірлері арқылы еліміздің әлемдік саясатта өзінің салмақты да салиқалы рөлі барын ең әуелі өзіміз танып, өзгелерге танытуды мақсат етіп отырмыз.
«Қазақстан – жауапкершілігі жоғары «орта держава» және жер көлемі бойынша ислам әлеміндегі аса ірі мемлекет. Біз баршаға түсінікті, яғни ақылға қонымды және әділ саясатты жақтаймыз, осы ұстанымды әрдайым сақтаймыз. Сыртқы саясаттағы іс-әрекетіміздің бәрі бір ғана мақсатты көздейді. Ең бастысы, Қазақстан жерінің тұтастығын, қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз етуіміз керек. Қазақ мемлекетінің басшысы ретінде мен үшін Тәуелсіздік – бәрінен қымбат!», деп Қызылордада айтқан
Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бір пікірі біздің мәңгілік ұстанымыз, мәңгілік саясатымыз бен мәңгілік мұратымыз ретінде көкейімізде жатуға тиісті.
Бұл орайда Президент дүниенің қазіргідей дүрбелеңді кезеңінде «Қазақстан жерінің тұтастығы мен қауіпсіздігін және егемендігін қамтамасыз етуді» ұлттық стратегиямыз деп өте орынды белгіледі. Және де өсіп-өркендеген, абырой-беделі жоғары әрі қуатты мемлекет құрудың жауапкершілік жүгін халықтың да өзіне сала сөйлеуі ел тағдыры баршамызға ортық парыз екенін ұғындыра түскендей.
Құрылтайда Президент «Халықаралық құқық көз алдымызда қадір-қасиетінен айрылып жатыр», дей келе, дүниежүзінде сенім дағдарысының күшейе түскенін, мүлде жаңа құбылыстардың пайда болғанын айтып, сол құбылыстарға «Өзіміз де, кейінгі ұрпақ та бұған бейімделуіне тура келеді», деді. Халықтың бүгінгі айтып жүрген ұсыныстары мен тілектерін ескере отырып, қазіргі де, болашақтағы да талаптарға сай келетіндей саяси жүйенің жаңа құрылымын алға тартты.
Әуелі конституциялық реформа, бір палаталы Парламент құру, оны Құрылтай деп атау және Халық кеңесін құру жөніндегі Президент енгізген ұсыныстардың барлығы да мемлекеттің де, халқымыздың да дүниенің қазіргі және алдағы болжап та болмайтын сан құбылысқа бейімделіп, түрлі сынаққа даяр болуымыздың дер кезінде жасалып отырған қадамдары деп білеміз.
Өйткені Құрылтайда Президент «Күн өткен сайын өрши түскен милитаризация халықаралық қоғамның әлемде әділ тәртіп құруға бағытталған күш-жігерін жоққа шығарып жатыр. Осындай күрделі жағдайда сыртқы саясаттың мән-маңызы арта түседі. Ол барынша теңгерімді болып, мемлекеттің стратегиялық мүддесін қорғауға және ілгерілетуге бағытталуы керек», деп атап көрсетті. Міне, осы жағдайда Мемлекет басшысы дипломатияның ішкі және сыртқы саясаттағы аса зор маңызына тоқталды.
«Біз дипломатияны халықаралық қақтығыс пен дау-дамайға апаратын жол емес, мәмілеге, келісімге келудің еш баламасы жоқ, ең маңызды құралы деп білеміз. Кәсіби ұстаным мен шынайы ниет болса, кез келген қақтығыстың түйінін тарқатуға болады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Міне, бүгінгі дипломатияның ұстанымы осы! Дипломатияны «мәмілеге, келісімге келудің ең маңызды құралы» деп нақтылы атап көрсете отырып, Мемлекет басшысы дипломатияда бұрыс шешімнің салдары өте ауыр болатынын, оның мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған мүдделеріне орын толмас нұқсан келтіруі ықтимал екенін ескертті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 22 қаңтар күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барып, Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысты. Қазіргі әлемдік саясатта азуын айға білеп отырған АҚШ Президенті Д.Трамп өз ықыласымен Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің мүшесі болуға, Қазақстанды ұйым құрылтайшыларының бірі қылу жөнінде ұсыныс айтқан-ды.
Ұлттық құрылтай отырысында: «Мен Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешім қабылдадым», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. «Мұндай келісімдерді Президент Трамппен тарихтың астарын және қазіргі саяси ахуалды терең түсінуден туындаған дипломатиялық инновация деуге болады. Президент Таяу Шығыста бейбітшілікті мықтап орнатуға арналған Ибраһим келісімдеріне қосылу жөніндегі шешімнің дұрыс екеніне сенімді және оны жүзеге асыруға бар күшін салады. Бұл келісімнің түпкі мәнін түсіну үшін оның атауына назар аударуымыз керек. Авраам, яғни Ибраһим дін тарихында иудаизм, христиан және ислам діндеріне ортақ Пайғамбар болып есептеледі.
«Еліміз бүкіл адамзатты біріктіретін құндылықтарға арқа сүйеуге тиіс!».
Президентіміздің осы бірауыз сөзінде, яғни «бүкіл адамзатты біріктіретін құндылықтарға арқа сүйеуге тиіс» дегені қашанда бүгінгі әлемдік дипломатияның берік ұстанымы болса етті. Бұл – адал ұстаным. Бұл – Адамзат баласы алдындағы ұлы жауапкершілік.
Уақыт, заман өзгерген сайын, сөз жоқ, халқымыздың сана-сезімі де өсіп, билікке қояр талаптары да күшейе түсіп жатыр. Алайда біздің әрқайсымыз елдік және мемлекеттік мүддеге сай өзімізге өзіміз талап қоя білеміз бе? Ал қазіргі талап – Қазақстан цифрландыру және жасанды интеллектіні қоғамдық өмірдің барлық саласына енгізе бастаған шақта осыған бейімделу, сөйтіп сол арқылы тіршілігімізді түзеу ісін ойластыру, қолға алу. Бұл бүгінде қарқынды дамып келе жатқан заманның көшінен қалмас үшін қажет.
Қазіргі Әділетті, қауіпсіз әрі Таза Қазақстанның қуатын одан әрі арттыру үшін Президент айтқандай, бірлігімізді бекемдеп, білек сыбанып іске кірісуіміз керек. Әлем өзгеріп жатыр.
Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Көкшетау
Соңғы жаңалықтар
Ата заң реформасы ауқымды өзгерісті қамтиды
Ата заң • Бүгін, 09:05
Заң мен тәртіп – мемлекеттік саясаттың басты қағидаты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:00
Әлеуметтік бағытты бекемдеген бастама
Қоғам • Бүгін, 08:55
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50
Әлемдік тәжірибедегі бір палаталы Парламент тиімділігі
Құрылтай • Бүгін, 08:48
Қоғам • Бүгін, 08:45
Тәуелсіздік, бірлік һәм жаһандық жауапкершілік
Пікір • Бүгін, 08:43
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40
Жетісу мәдениеті жандана түсті
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30
Музей • Бүгін, 08:25
Жұмысшыға қай кезде де сұраныс көп
Еңбек • Бүгін, 08:23
Өнер • Бүгін, 08:20
Театр • Бүгін, 08:17
Теннис • Бүгін, 08:15