Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

Тәуелсіздік, бірлік һәм жаһандық жауапкершілік

Тәуелсіздік, бірлік һәм жаһандық жауапкершілік

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Көне тарихтың жабылып жатар қалың беттерінің бірінде тәуелсіз Қазақстанның 2022–2026 жылдар аралығында отырысы өткізілген бес бірдей Ұлттық құрылтайы қалып барады. Бұл бес құрылтайдың барлығы да тарихтың алтын беттері мен халқымыздың жадында мәңгілікке қалып бара жатқаны анық. Оған күмән жоқ.

«Қазақ құрылтайларының бәрі де ел дамуына зор өзгеріс әкелген. «Кеңесшіл ел кемдік көрмейді» деген нақыл сөз содан қалса керек. Біз бабалар жолын ұстанып, Құрылтай шақы­ру дәстүрін жаңғырттық», деп Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 16 маусымында Ұлытауда өткен бірінші Ұлт­тық құрылтай отырысында қазақ құрылтайларының ел тарихын­дағы маңызын атап көрсеткен-ді.

Ұлттық құрылтайдың әр отырысында қазіргі заманның талабына сай және бүгінгі қоғам­ның ұлттық мүддесі негізінде Президент айтқан «барша халыққа түсінікті болатын және шын мәнінде азамат­тары­мыз­дың сұранысына сай келетін» ұлттық идеология қа­лып­тасты­рылғандығын нық сенім­мен айта аламыз.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Ұлттық құрылтай отырысында: «Ең бастысы, қо­ғам өзгерді, реформаларымыз тұрақты сипатқа ие болды, ха­лық­тың сана-сезімінде үлкен бет­бұрыс жасалды. Осы ретте, Ұлттық құрылтай айрықша рөл атқарғаны сөзсіз», деуі тарих аренасында қайта жаңғырған бес бірдей құрылтайдың тарихи маңызын айқындап тұрғанын қуаттай түседі.

Қызылорда Құрыл­тайын­дағы Президент сөзі, бұдан бұрын да айтып келе жатқан ой-пікірлері арқылы еліміздің әлемдік саясатта өзінің салмақты да салиқалы рөлі барын ең әуелі өзіміз танып, өзгелерге танытуды мақсат етіп отырмыз.

«Қазақстан – жауапкершілігі жоғары «орта держава» және жер көлемі бойынша ислам әлеміндегі аса ірі мемлекет. Біз баршаға түсінікті, яғни ақылға қонымды және әділ саясатты жақ­таймыз, осы ұстанымды әрдайым сақтаймыз. Сыртқы саясаттағы іс-әрекетіміздің бәрі бір ғана мақсатты көздейді. Ең бастысы, Қазақстан жерінің тұтастығын, қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз етуі­міз керек. Қазақ мемлекеті­нің басшысы ретінде мен үшін Тәуелсіздік – бәрінен қымбат!», деп Қызылордада айтқан

Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бір пікірі біздің мәңгілік ұстанымыз, мәңгілік саясатымыз бен мәңгілік мұратымыз ретінде көкейімізде жатуға тиісті.

Бұл орайда Президент дүниенің қазіргідей дүрбелеңді кезеңінде «Қазақстан жерінің тұтастығы мен қауіпсіздігін және егемендігін қамтамасыз етуді» ұлттық стратегиямыз деп өте орынды белгіледі. Және де өсіп-өркендеген, абырой-беделі жоғары әрі қуатты мемлекет құрудың жауапкершілік жүгін халықтың да өзіне сала сөйлеуі ел тағдыры баршамызға ортық парыз екенін ұғындыра түскендей.

Құрылтайда Президент «Халықаралық құқық көз алдымызда қадір-қасиеті­нен айрылып жатыр», дей келе, дүние­жүзінде сенім дағ­дарысы­ның күшейе түскенін, мүл­де жаңа құбылыстардың пай­да бол­ғанын айтып, сол құ­бы­­лыстарға «Өзіміз де, кейінгі ұр­пақ та бұған бейімделуіне тура келеді», деді. Халықтың бүгінгі айтып жүрген ұсыныстары мен тілектерін ескере отырып, қазіргі де, болашақтағы да талаптарға сай келетіндей сая­си жүйенің жаңа құрылымын алға тартты.

Әуелі конституциялық реформа, бір палаталы Парламент құру, оны Құрылтай деп атау және Халық кеңесін құру жөніндегі Президент енгізген ұсыныстардың барлығы да мемлекеттің де, халқымыздың да дүниенің қазіргі және алдағы болжап та болмайтын сан құбылыс­қа бейімделіп, түрлі сынаққа даяр болуымыздың дер кезінде жасалып отырған қадамдары деп білеміз.

Өйткені Құрылтайда Пре­зи­­дент «Күн өткен сайын өрши түскен милитаризация халық­ара­лық қоғамның әлемде әділ тәр­тіп құруға бағытталған күш-жігерін жоққа шығарып жатыр. Осындай күрделі жағдайда сырт­қы саясаттың мән-маңызы арта түсе­ді. Ол барынша тең­герім­ді бо­лып, мемлекеттің страт­е­гия­­лық мүддесін қорғауға және ілгері­летуге бағытталуы керек», деп атап көрсетті. Міне, осы жағ­дайда Мемлекет басшысы дип­лома­­тия­ның ішкі және сыртқы саясаттағы аса зор маңызына тоқталды.

«Біз дипломатияны халық­ара­лық қақтығыс пен дау-дамай­ға апаратын жол емес, мәмілеге, келісімге келудің еш баламасы жоқ, ең маңызды құралы деп білеміз. Кәсіби ұстаным мен шынайы ниет болса, кез келген қақтығыстың түйінін тарқатуға болады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Міне, бүгінгі дипломатияның ұстанымы осы! Дипломатияны «мәмілеге, келісімге келудің ең маңызды құралы» деп нақтылы атап көрсете отырып, Мемлекет басшысы дипломатияда бұрыс шешімнің салдары өте ауыр болатынын, оның мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған мүдделеріне орын толмас нұқсан келтіруі ықтимал екенін ескертті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 22 қаңтар күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Давос қала­сы­на жұмыс сапарымен барып, Бейбітшілік кеңесінің Жарғысы­на қол қою рәсіміне қатысты. Қазір­гі әлемдік саясатта азуын айға білеп отырған АҚШ Прези­денті Д.Трамп өз ықыласымен Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша Бей­бітшілік кеңесінің мүше­сі болу­ға, Қазақстанды ұйым құрыл­тайшыларының бірі қылу жөнін­де ұсыныс айтқан-ды.

Ұлттық құрылтай оты­ры­сында: «Мен Ибраһим келі­сім­­­деріне қосылу туралы ше­шім қабыл­дадым», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. «Мұн­дай келісімдерді Прези­дент Трамппен тарихтың астарын және қазіргі саяси ахуалды терең түсінуден туындаған дип­лома­тиялық инновация деуге болады. Президент Таяу Шығыста бейбітшілікті мықтап орнатуға арналған Ибраһим келісім­деріне қосылу жөніндегі шеші­мнің дұрыс екеніне сенімді және оны жүзеге асыруға бар күшін салады. Бұл келісімнің түпкі мәнін түсіну үшін оның атауы­на назар аударуымыз керек. Авраам, яғни Ибраһим дін тарихында иудаизм, христиан және ислам діндеріне ортақ Пайғамбар болып есептеледі.

«Еліміз бүкіл адамзатты бірік­тіретін құндылықтарға арқа сүйеуге тиіс!».

Президентіміздің осы бірауыз сөзінде, яғни «бүкіл адамзат­ты біріктіретін құндылықтарға ар­қа сүйеуге тиіс» дегені қашан­да бүгін­гі әлемдік дипломатияның берік ұс­танымы болса етті. Бұл – адал ұстаным. Бұл – Адамзат баласы алдындағы ұлы жауапкершілік.

Уақыт, заман өзгерген са­йын, сөз жоқ, халқымыздың сана-сезімі де өсіп, билікке қояр талаптары да күшейе түсіп жатыр. Алайда біздің әрқайсы­мыз елдік және мемлекеттік мүд­де­ге сай өзімізге өзіміз талап қоя білеміз бе? Ал қазіргі талап – Қазақстан цифрландыру және жасанды интеллектіні қоғамдық өмірдің барлық саласына енгізе бастаған шақта осыған бейімделу, сөйтіп сол арқылы тіршілігімізді түзеу ісін ойластыру, қолға алу. Бұл бүгінде қарқынды дамып келе жатқан заманның  көшінен қалмас үшін қажет.

Қазіргі Әділетті, қауіпсіз әрі Таза Қазақстанның қуатын одан әрі арттыру үшін Президент айтқандай, бірлігімізді бекемдеп, білек сыбанып іске кірісуіміз керек. Әлем өзгеріп жатыр.

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Көкшетау 

Соңғы жаңалықтар

Ата заң реформасы ауқымды өзгерісті қамтиды

Ата заң • Бүгін, 09:05

Заң мен тәртіп – мемлекеттік саясаттың басты қағидаты

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:00

Әлеуметтік бағытты бекемдеген бастама

Қоғам • Бүгін, 08:55

Өлең құрастыратын кітап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Әлемдік тәжірибедегі бір палаталы Парламент тиімділігі

Құрылтай • Бүгін, 08:48

Қамкөңіл жандарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 08:45

Тәуелсіздік, бірлік һәм жаһандық жауапкершілік

Пікір • Бүгін, 08:43

ChatGPT-дің жаңа сүзгісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Жетісу мәдениеті жандана түсті

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Робот-даяшы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Мұражай туралы түсірілім

Музей • Бүгін, 08:25

Жұмысшыға қай кезде де сұраныс көп

Еңбек • Бүгін, 08:23

Вена төріндегі түркі әуені

Өнер • Бүгін, 08:20

Абай театры – Сингапурда

Театр • Бүгін, 08:17

«Australian Open» қызған шақ

Теннис • Бүгін, 08:15

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 09:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see142

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see134

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see127

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see125

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see124

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see123

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see123

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see123

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see123

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see118

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see118

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see116

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see116

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see115

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see114

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see114

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see113

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2026 12:44see110

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

24 Қазан 2026 16:04see109

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24 Қазан 2026 14:14see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары