Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Бірлік пен берекенің бастауы

Бірлік пен берекенің бастауы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Тиісінше, оны ел болып тойлаудың ізгі дәстүрлері қалыптасқан. Қазақстан үшін де ол – ең басты мереке: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына сәйкес, өзге мемлекеттік мерекелер бір төбе, «Ұлттық мереке» мәртебесіне ие жалғыз «Республика күні» – бір төбе. Қазақ елі үшін бұл егемен, азат, зайырлы және құқықтық мемлекеттің негізі қаланған тарихи ұлы күннің асыл айғағы, қасиетті бойтұмары.

Осыдан тура 35 жыл бұрын, 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі түпнұсқа атауы – «Қазақ Советтік Социалистік Рес­публикасының Мемлекеттiк еге­мендiгi туралы декларация жөнiнде» деп аталған №307-XII Қау­лысын қабылдады. БҰҰ кон­вен­циялары және саясаттану ғы­лымы бойынша «егемендік» ұғымы «тәу­ел­сіздіктен» жоғары тұрады. Себебі саясаттану ғылымдарының докторы Қадырбек Уметовтың түсіндіруінше, егемендік дегені­міз – мемлекеттік билік елдің бүкіл территориясына таралады және шүбәсіз үстемдік етеді, ал мем­лекеттің өзі ішкі және сыртқы істерінде толыққанды тәуелсіз­дікке ие деген сөз. 

Мәселен, посткеңестік кеңіс­тіктегі Украина – тәуелсіз мем­ле­кет, алайда басқыншылық сал­дары­нан мемлекеттік билігі елдің бүкіл территориясына жүрмейді. Ондаған жыл бойы ұқсас күйде болған тәуелсіз Әзербайжан тек 2023 жылы бүкіл аумағын азат етіп, егемендігін толық қалпына кел­тірді. Дүниежүзінде азат мем­лекет болғанымен, ресми билік тармақтарының шығарған заң­дары, шешімдері мен үкімдері барлық шекарасына дейін тең тарап, барлық өңірінде бірдей күшіне енетін түпкілікті егемен күнге жете алмай, зар болған, жері­нің бүтіндігіне сына қағылған жұрт жетерлік. 

Сондықтан мемлекеттік Ел­таң­баның авторы Жандарбек Мәлі­бековтің айтуынша, Респуб­лика күні мерекесінде және оның қарсаңында мемлекеттік орган­дар, балабақшалар, мектептер, қоғамдық ұйымдар және қоғам өкілдері ұлттық идеологияның рухани өзегіне айналған, азаттық­қа алғашқы қадам болған Егемен­дік декларациясын насихаттауға атсалысқаны жөн. Бұл ойын ол Мәдениет және ақпарат министр­лігінің қолдауымен Геральдикалық зерттеулер орталығы ұйымдастыр­ған, Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналған «Егемендік – ел болаша­ғының бастауы» атты дөңгелек үстелде жеткізді. 

Бұл мерекеге арналған рәсім­дер идеологиялық әрі рухани берік діңгектердің бірі саналатын мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға, ұлттық құндылықтарды насихат­тауға, тәуелсіздіктің мәні мен маңыз­ын бүгінгі күн тұрғысынан танып, оны елге түсіндіруге, ұрпақ санасына сіңіруге бағытталғаны маңызды. Республика күні тек қазіргі көзі тірі тұлғаларды мемле­кеттік наградалармен марапаттау­мен шектелмей, жалпы арғы-бергі тарихымызда қазақ елінің тәуел­сіз­дігіне сүбелі үлес қосқан ұлы тұл­ғалардың осы жолдағы ұлағат­ты істерін, тағылымды бастама­лар­ын дәріптеу қажет. Сонда Қазақ­стан­ның осы жалғыз ұлттық мерекесі ұлттық бірегейлікті ны­ғайтудың, қоғамды, әсіресе өс­келең ұрпақты патриотизмге тәр­бие­леудің тиімді тетігіне айналады.

Жасыратыны жоқ, қайта орал­ғанына көп болмағандықтан ба, Республика күнін жалпыұлт­тық деңгейде атап өтудің бірыңғай тұ­жырымдама-концепциясы, ор­тақ дәстүрі әлі күнге қалыптаса қой­ған жоқ. Бұл мереке Қазақ­стан­да 2009 жылдан бері мемле­кет­тік мере­келер қатарынан шы­ғарып тасталды және тойланбады. Елдің басты мерекесі – 16 желтоқ­сан – Тәуелсіздік күні болды. 

Әйткенмен, Мемлекет басшы­сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлы­таудағы Ұлттық құрылтайдың тұңғыш отырысында берген тап­сырмасын орындау мақсатында ел Парламенті «Кейбір заңнамалық актілерге кинематография, мә­дениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заңын қа­былдады. Оған Президент 2022 жылғы 29 қыркүйекте қол қойды. Заңға сәйкес, 25 қазан – Респуб­ли­ка күні Қазақстандағы бір әрі бірегей ұлттық мереке ретінде айқындалды. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнінің ресми мәрте­бесі өзге мемлекеттік мерекелер қатарына түсірілді. 

Ұлттық мерекені атап өтуді біріз­ділендіру, бірыңғай жүйеге келтіру және барша өңірге ортақ моделін жасау жөнінде ел Үкіметі енді ғана ойласа бастағандай. Осы орайда әзірге тек Сауда және ин­теграция министрлігі Респуб­лика күніне арнап әрі жергілікті әкім­діктермен бірлесіп, ішкі нарықты қол­дауға және халық үшін тауар­лардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған кеңауқымды Republic Day акциясын іске қосты. Оның аясында халыққа мыңдаған түрлі тауар әр алуан жеңілдікпен ұсын­ылады. Ведомствоның хабарлау­ынша, ауқымды акция 24-27 қазан аралығын қамтиды. 

– Осы күндері республиканың барлық өңірінде ірі жеңілдіктер ұйым­дастырылып, қазақстандық­тар тұрмыстық және басқа да кең сұранысқа ие тауарларды 10-нан 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Акцияға елде 220-дан астам сауда-ойын-сауық орталы­ғы, сауда үйлері, супермаркеттер, ірі дүкен желілері мен онлайн-маркетплейстер сияқты сауда нысаны қатысып жатыр, – деді министрліктің баспасөз қызметі. 

Жеңілдіктер негізінен тұтыну­шылық және тұрмыстық тауар­ларға: киім, аяқкиім, электроника, тұрмыстық техника, үйге арналған заттар мен күнделікті сұранысқа ие басқа да өнімге беріледі. Акция офлайн және онлайн сауда нүкте­лерін қамтыды. Онлайн форматта бірқатар танымал платформа қосылды: Wildberries-де жеңіл­дік­тер – 90%-ға дейін, Fortemarket-те – FMFEST промокоды арқылы 10 мың теңгелік бонус, Kaspi мага­зин түрлі тауар санатына 58% дей­ін жеңілдік ұсынады. Бұдан бөлек, 25 қыркүйек-30 қазан ара­лығында Қазақстанда «Береке Fest» республикалық акциясы өткізіледі. Бүкіл республика бой­ынша акцияға 80-ге жуық сауда желісі қатысып жатыр. 

Дәстүрлі түрде Республика күнінде әр саланың үздік өкілдері мемлекеттік наградалар алады, ел өңірлерінде өнер және шығарма­шылық ұжымдардың концерттері, спорттық жарыстар, ұлттық ойын сайыстары, парктерде халықтық сауық-серуендер өткізіледі. Ауыл шаруа­шылығы жәрмеңкелері, автошерулер, әр алуан флешмоб­тар, патриоттық челлендждер де осы ұлттық мерекеге арналады. Бір ғана Астананың өзінде 150-ге жуық мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара, оның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, танымал адамдармен кездесулер, конференциялар, шы­ғар­машылық конкурстар ұйым­­дастырылады. 

Философия, саясаттану және дін­тану институтының Страте­гия­лық даму жөніндегі бас директор­дың орынбасары Ермек Тоқтаров бүгінде егемендікті өзінен-өзі келгендей қабылдайтын кереғар көзқарас қалыптасқанына назар аудартты: Кеңес Одағы күйреді, демек оның құрамындағы респуб­ликаларға тәуелсіздігін жариялау ғана қалды. Шынында олай емес. Бір жағынан, 24 республика сол замандағыдай Ресей Федерациясы құрамында қалып қойды. Екінші жағынан, азаттық – ата-бабалары­мыздың көптеген буынының төк­кен тері мен еткен ерлігінің нәти­жесі. Аға ұрпақ тәуелсіздікке ұм­­­тыл­маса, егемен мемлекетті құру­ды қаламаса, жеке шығудың да қажеті болмас еді.  

– Сондықтан біздің және ке­лер ұрпақтың алдында биік мін­дет-мұрат тұр – Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін сақ­тап, нығайтып, келешекке ұлас­тыру­ға тиіспіз. Әйтпесе, бұл құн­ды­лықтарымызды қорғамай, берік етпей, қолдан берсек, тарихы­мыздағы азаттық үшін күрестің, қазіргі үлестің бәрі бекер бол­мақ, – деді сарапшы.  

Е.Тоқтаровтың дерегі бойын­ша Республика күні әлемдегі көп­теген елде бар және ол әртүрлі тари­хи оқиғаға байланысты тағай­ындалады. Қазақстанда бұл – бірпалаталы Парламенттің Еге­мен­­дік декларациясын қабыл­да­ған күні. Ал Үндістан ел Конститу­циясы қабылданған 26 қаңтарға Республика күнін бекітті. Себебі осы күні, 1950 жылы өмірге жол­да­ма алған Ата Заң елдің британ­дық отар-доминионынан тәуелсіз республикаға өткенін паш етті. Мұның сыртында үнді елінде Тәу­елсіздік күні ұлттық мерекесі де бар. 

Бразилия болса, Республика күнін 15 қарашада кең ауқымда тойлайды. 1889 жылғы осы күнде елде әскери төңкеріс болды. Соның нәтижесінде монархиялық билік формасы жойылды және президент басқаратын Бразилия республикасы жарияланды. Ал 1822 жылы Португалиядан тәуел­сіздік алған күні – 7 қыркүйекте жыл сайын Бразилияның Тәуел­сіз­дік күні ұлттық мерекесі атап өтіледі. 

Неге Қазақстанда Егемендік алған күн «Республика күні» деп аталады? Сарапшының түсіндіру­інше, әлемдегі тәуелсіз мемле­кет­тер­дің басым көпшілігі респуб­ли­калық басқару қалыбын таңда­ды. «Республика» латын тілінен «ха­л­ық билігі» деп аударылады және биліктің демократиялық та­биға­тын білдіреді. Яғни, Қазақ­стан­да аза­маттар арасынан Пре­зидентті, әкімдерді, Парламент, мәслихат депутаттарын халықтың өзі сай­лайды. Азаттықты арман­дайтын халықтардың қозғаушы күші де осы – еркін таңдау құқы­ғына ие болу. 

Мұндай талпыныс ұлтты бі­рік­тіреді, азаматтарды өз арыс­тары, ұлттық құндылықтары мен идеалдары, теңдік пен тәуелсіздік айналасында топтастырады. Міне, сондықтан Республика күні бүкіл әлемде тәуелсіздік үшін халықтың бірігуінің, бірегейлігін сақтауы­ның мейрамы.  

Мәселен, бұл күні түрлі елде тұрғындар халықтық серуендер мен бұқаралық думанды іс-шара­ларға мемлекеттік туды алып шығады. Көпқабатты үйлердің бал­кондарына байрақ ілінеді. Мұндай көрініске туысқан Түр­кияда да куә болуға болады. Мұн­да Республика күні 1923 жылғы 29 қазанда Түрік Республикасының жариялануына орайластырылған. Жұртшылық елдің ең бір ұлық мейрамын тойлауға бір күн бұрын, 28 қазанда кіріседі. Бұл күні көп­теген адам үйіне, көлігіне ту іледі, көшедегі сауық-сайранға ұлттық туды көтеріп барады. 

Үндістанда әскери парадтар Республика күнінде өтеді. Ел астанасының ең үлкен Картавья Патх даңғылында мемлекеттің әскери қуатын әлемге айғақтай­тын кеңауқымды әскери шеру ұйым­дастырылады. Бұл күн сон­дай-ақ мемлекеттің штаттарының мәдени, тарихи мұраларын, елдің жетістіктерін дәріптеуге арналады. 

Ел көшбасшысы ұлттық туды көтеру арқылы мерекелік іс-шараларды бастап береді. Осы күні тәуелсіздік жолында күрескен тұлғаларға қошемет көрсетіледі, Отан үшін өмірін қиған қаһар­ман­дардың отбасы мүшелеріне мем­ле­кеттік марапаттар табысталады. Белгілі тұлғалар, эстрада және Бол­ливуд жұлдыздары, әртіс-әншілер бүкіл елді аралап, бұқара­ға арналған тегін қойылымдар, қайырымдылық акциялар, басқа да мерекелік іс-шаралар ұйымдас­тырады. 

Италияда халық Екінші дү­ние­жүзілік соғыстан соң бірауыз­ды­лық танытып, монархияны жойып, республиканы құрған 1646 жылғы референдумның құрметіне жыл сайын 2 маусымда Республика күнін мерекелейді. Бұл күні дәстүрлі түрде Римде мем­лекеттің биік лауазымды тұл­ға­ларының қатысуымен парад өтеді және ол авиашоумен әдіп­те­леді. Ел қаһармандарының ес­керт­кіштеріне лавр гүлдестелері қойылады.   

Жалпы, Республика күні атап өтілетін елдерде мемлекет пен жергілікті қауымдастықтар тара­пынан мерекелік іс-шаралар тізімі ретке келтірілген. Оған әскери парадтар, мерекелік шерулер, марапаттаулар, концерттер, қайы­рым­дылық акциялары, мәдени іс-шаралар және басқасы кіреді. Олардың әрқайсысын даралай­тыны – іс-шаралар сол елдің төл ұлттық құндылықтарын, тарихы мен мәдениетін дәріптейді және жергілікті ерекшеліктерді, салт-дәстүрлерді ескереді.

Елдос СЕНБАЙ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:234
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 09:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see165

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see153

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see152

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see150

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see148

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see144

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see143

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see138

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see134

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see134

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see131

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see129

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see125

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see124

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see123

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары