Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Тазалық тәртіп пен береке бастауы

Тазалық тәртіп пен береке бастауы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қыстың тоңы жібіп, аязды, ызғарлы күндердің беті қайтқанда жыл басы – Наурыз келеді. Табиғат ана алты айлық ақ мамық қарды қағып-сілкіп, ажарлана түседі. Ұлық мерекемен бірге әр үйге ырыс, береке кіріп, ел-жұрт мәре-сәре болады. Жаңару маусымы арық-атыздың күл-қоқысын шығарудан басталады. Күннің шапағы түскенде диқандар жер жыртса, ауылдағы ағайын қалыптасқан дағдымен отбасы болып ағаш егеді. Дәстүр бойынша «Көрісу күнінен» басталатын «Наурызнама» онкүндігінің «Тазару күнімен» қорытындылануы бекер емес.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Наурыздың өзі «жа­ңару», «тазару» деген сөздермен үндес. Ертеде қазақ осынау күндері ел-жұрттың амандығын, береке-бірлігін, көкке ілінген малдың сүтті, қоңды болуын, бір сөзбен молшылық жыл тілеген. Демек, тазалық деген қоршаған ортаның ғана емес – жанның, көңілдің тазалығы, ниеттің дұрыстығы. Тазалық бар жерде тәртіп те, береке де болатыны анық. Асылында сөзіне, ісіне берік, тазалыққа жаны құмар адамның ішкі дүниесі де сондай бай келеді.

Наурыздың тазалыққа үндей­тін күнінде қала, аудан, ауылдағы ағайын жаппай науқанға шығады. Еңбек ұжымдары өздері еңбек ететін мекеменің алдын бір ретке келтірсе, қаз-қатар тізілген көппәтерлі үйлердің тұрғындары аулаларын жиыстырады. Кейбір белсенді тұрғындар қажет болса, ауланың сәнін бұзатын заттарды шығарып, бос орынды көздің жауын алатын гүлзармен көмкеріп қояды. Жергілікті әкімдіктердің жауапты мекемелері де Наурыз қарсаңында жұмысты күшейтіп, қала көшелеріндегі гүлзарлардың орнын сайлайды, реттейді. Әсіресе қарапайым қол еңбегінің күші жетпейтін каналдарды тазалап, биік ағаштарды бұталауға, жол бойындағы сүрінген-бүлінгенді ақтап-сырлауға мықтап кіріседі.

«Тазару күні» экологиялық акциясына оңтүстіктегі өңірлер белсенді араласады. Шымкент, Алматы қалалары, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының әкім­діктері тұрғындармен бірге қала, ауыл көшелерін тазалауға шығады. Көктемгі акцияның біре­гей мақсат-мұраты – жастарға таби­ғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстаудың озық үлгісін көрсету.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бізге ұсын­ған ақпаратына үңілсек, жуық­та Атырау облысындағы «Ақжайық» резерваты аумағын­да қызметкерлер бас қосып, ағаш еккен. Алматы облысы «Шарын» мемлекеттік ұлттық та­биғи паркінің, Шонжы мектеп-лицейінің аумағын тазалауға да бір топ тұрғын жиылды. Еңбек ұжымының қызметкерлері ағаш егу шарасында бел­сенділік танытып қана қой­май, оқушылармен «Адам және та­биғат» тақырыбында экология­лық мәдениет пен қоршаған ортаға ұқы­пты қарау дағдыла­рын қалыптастыру мақсатында емен-жарқын әңгіме құрды. Түркістан облысындағы «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығының ұжымы да «Тазару күніне» үн қосып, сенбілікке шық­ты. Олар ағаштарды санитарлық кесуден бөлек, ауыл арықтарын тазалаған.

Экология және табиғи ре­сурс­тар министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен қорықтарда ағаш егу сәуір-мамыр айларында қызу жүргізіледі. Осы кезде экологиялық мән-ма­ңызы зор іс-шараларға шамамен 8 465 адам қатысып, олар кемі 4 4574 ағаш егеді  деген болжам бар.

Екі жыл бұрын Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың тапсырмасына сәй­кес, Үкімет қаулысымен «Таза Қазақстан» экологиялық мәде­ниетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжы­рым­дамасы бекітілген еді. Содан бері ағаш егіп, аула тазалаудан бөлек, экологиялық мәдениет қалыптастыратын талай іс-шара үйлесім тапты. «Таза Қазақстан» деген ұранмен басталған акция жалпыұлттық сипат алды. Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үндейтін жиын­дар әдет­тегідей жер аяғы кеңитін көктемнен қызу басталады. Биыл дәстүрлі сенбіліктерден тыс «Мөлдір бұлақ», «Таза өлке», «Таза су айдындары» деген атаумен жал­пыұлттық экологиялық акциялар өтеді.

2025 жылы «Таза Қазақстан» бас­тамасы аясында республикалық, халықаралық акцияларды қоса алғанда 1 294 экологиялық іс-шара өткізілді. Оларға шамамен 6,9 млн адам, оның ішінде 781 мыңнан астам ерікті қатысты. Нәтижесінде, ел көлемінде 844,4 мың тонна қалдық жиналып, шамамен 1,1 млн га аумақ тазартылды, 2,9 млн-нан астам ағаш отырғызылды. Су айдындарын тазалау кезінде 342 балық аулау торы жиналып, 21 бұлақ қалпына келтірілді. Халықаралық құстар күні аясында 1982 құс ұясы орнатылды.

«Таза Қазақстан» тұжырым­дама­сында бірнеше жылдық жоспар бекі­тілген соң күтетін нәтижелер ауқымды. Айталық, 2029 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу ісін 25%-дан 38%-ға дейін арттыру межеленген. Сол секілді экологиялық тәрбиені нығайтуға жол ашатын жиындарға қатысатын оқушы­лар үлесін 15%-дан 40%-ға дейін ұлғайту жоспарланған. Жалпы, статистиканың ішінде өзектілерінің бірі – азаматтардың экологиялық өмір сапасына қана­ғаттану деңгейі. 2029 жылға дейін осы үлесті 55,8%-дан
64,7%-ға дейін көбейту міндеті қойылған. Кейінгі жылдары қоғамдық орындарда коммуналдық қалдықтарды бөлек жинайтын жәшіктер көбейе бастады. Енді жергілікті әкімдіктер тұжырымдама аясында бұл жұмысқа бұрынғыдан көп көңіл бөледі. Бірнеше қаладағы мектепте қоқысты бөлек жинауға арналған экобокстар қойылады. Нәтижесінде, полигондарға тонналап жөнелтілетін қалдықтың көлемі азаяды. Осы секілді өзге де тәжірибелер қоршаған ортаны ластауға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыруға септеседі.

Мемлекет басшысы атап өт­кен­дей, тазалыққа шақыратын үндеу уақытша науқан деңгейінде қалған жоқ. Көптен қолдау тапты. Бастама аясында елімізде жыл сайын 3 миллионнан астам ағаш егіледі. Тұжырымдамаға сәйкес, акцияларға әрбір үшінші отандасымыз қатысады. Бұл статистикадан тұрғындардың туған өлкеге, табиғатқа жанашырлы­ғын байқаймыз. Наурыз аясында өтіп жатқан «Тазару күніне» де тек мемлекеттік мекеменің қыз­меткерлері емес, еліміздің барлық аймағында табиғатқа жанашыр, тазалыққа жаны құмар тұрғындар қолдау білдіреді.

Жалпы, кейінгі 10 жылдың бедерінде Ұлыстың ұлы күнін атап өтуге мемлекет деңгейінде көп көңіл бөлінді. Әсіресе Президенттің қолдауымен Нау­рызды тойлаудың жаңа тұжы­рымдамасы бекігені төл мерекенің мән-мазмұнын байытып, айшық­тай түсті. Сол тұрғыда тазалыққа ша­қыратын «Тазару күнінде» табиғаттың ғана емес, жанның тазалығына да ерекше мән берген жөн.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін республика бойынша қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:35

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Цифрлық дәуірдегі мүмкіндіктер

Digital • Бүгін, 09:10

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Күнімхан әженің қыл шылбыры

Мирас • Бүгін, 08:40

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Мерекелік мәзір: Бағынбайтын баға, тарылмайтын пейіл

Экономика • Бүгін, 08:25

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Адам капиталы – елді сапаландыратын негіз

Қоғам • Бүгін, 08:15

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:232
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 09:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары