Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Тәртіп бар жерде тазалық та болады

Тәртіп бар жерде тазалық та болады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындар мен қонақтарды «Таза Қазақстан» акциясы аясында туған жер тазалығын сақтауға шақырды. Әсіресе, мереке күндері табиғат аясында демалатын саяхатшылардың тау-тас, өзен-көлдерді ластамай, қоқысты белгіленген орындарға жинап кету секілді экологиялық мәдениетті білуінің маңызы зор. Осы орайда облыс әкімі: «Біз тек сенбіліктермен шектелмей, қоршаған ортаны күтіп ұстауды күнделікті әдетке айналдыруымыз қажет», – деп, қазақ халқы үшін тазалық мәселесінің қаншалықты маңызды екеніне тоқталды.

– Қымбатты облыс тұрғындары! Халқымыз ежелден «тазалық» ұғымын жанның тазалығымен, ниеттің түзулігімен ұштастырып, оған ерекше мән берген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Таза Қазақстан» акциясы – бұл бірреттік науқан емес, ұлтымыздың болмысындағы асыл қасиеттерді жаңғыртатын бірегей бастама. Тазалық – өркениеттің айнасы. Біз тек сенбіліктермен шектелмей, қоршаған ортаны күтіп ұстауды күнделікті әдетке айналдыруымыз қажет. Әрбір тұрғын өз ауласына, әрбір ұжым өз мекемесіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әсіресе, облыстың барлық кәсіпкерлерінің бұл іске үлес қосуы – бизнестің қоғам алдындағы жауап­кершілігінің айғағы. Нысандардың эстетикалық талаптарға сай болуы өлкеміздің ажарын аша түсері сөзсіз. Біздің ортақ мақсатымыз – «Заң мен тәртіп» қағидаты орныққан қауіпсіз қоғам құру. Өйткені тәртіп бар жерде тазалық та, береке де болады. Отанға қызмет ету осындай қарапайым, бірақ маңызды істерден басталады. Баршаңыз­ды осы игі бастамаға атсалысып, өңі­ріміз­ді жауапкершілік пен жасампаз­дықтың аймағына айналдыруға ша­­қырамын! – деді өңір басшысы әлеу­­меттік желідегі жеке парақшасында. 

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған шараға Ұлттық парк қызметкерлері, орманшылар, қорық­шылар, қоғам белсенділері, еріктілер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері мен тұрғындары түгел атсалысты. 

Алматы облысында ресми мәлі­меттерге сүйенсек, оннан астам туристік дестинация және жүзден астам танымал туристік бағыт бар. Бұл бағыттарда әсіресе, демалыс күндері адам қарасы көбейеді. Салдарынан бейберекет тасталған тұрмыстық қалдық үйінділері жиналады. Табиғатты қоқыстан тазалау бастамасымен демалыс күндері ұйым­дастырылған «Тазалық күндері» акция­сының нәтижесінде өзен аңғарлары, сай-сала, тау-тас біршама тазаланып қалды. Үш күнге созылған сенбілікке 39 мыңға жуық өңір тұрғыны қатысып, туристік бағыттардағы демалыс орындарынан 760 тоннадан астам қоқыс жинады.

Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев Қаскелең шатқалында өткен сенбілік барысында үш күн бойы тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Қорытынды шарада акцияға ерекше үлес қосқан азаматтар мен ұйымдар түр­лі номинациялар бойынша мара­пат­талды. Атап айтқанда, Жамбыл ауда­нының тумасы Асылым Көшербай – «Ең белсенді жас қатысушы», Алатау қаласының тұрғыны Риза Сауырбаева – «Ең белсенді егде жастағы қатысушы», Қарасай ауданындағы GOGO CENTRAL ASIA бірлестігінің директоры Александр Орланов «Ең белсенді эковолонтер» атанды. Балқаш ауданының тұрғыны Бақытжан Хамзин «Ең таза аула» номинациясын иеленді.

Сонымен қатар Еңбекшіқазақ ауданындағы Ават ауылы «Ең белсенді ауыл», Райымбек ауданы Қайнар ауылындағы Райымбек батыр көшесі «Ең таза көше», Ұйғыр ауданындағы «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Ең белсенді ұжым» болып танылды. Іле ауданы «Ең белсенді аудан» атанса, Қонаев қаласындағы «Көшпенділер қалашығы» «Ең таза туристік нысан», ал Кеген ауданындағы MERGEN HOLDING ЖШС «Ең белсенді бизнес өкілі» ретінде марапатқа ие болды.

Облыс әкімі аспан мен жер астасқан, қарағайлы алқапқа оранған Қаскелең шатқалы – өңір тұрғындары мен қо­нақтары жиі келетін көрікті мекендердің бірі, осындай табиғи аймақтардың тазалығын сақтау – бүгінгі акцияның басты мақсаттарының бірі деп атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағ­дарламасы тек сенбілікке шығу емес. Бұл – адам жан дүниесінің, ақыл-ойының да тазаруы. Мұндай шаралар күнделікті өмірімізге еніп, әдетімізге айналуы керек. Осыған орай үш күндік демалыста «Тазалық күндерін» жариялаған едік. Әсіресе туристік нысандардың тазалығы басты назарда болды. Бұл жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырамыз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Сенбілік облыстың туристік әлеуеті жоғары аймақтарын қамтыды. Атап айтқанда, Көлсай және Қайыңды көлдері, Шарын шатқалы, Түрген шатқалы, Есік көлі, Қапшағай су қоймасы, Балқаш көлінің жағалауы, Күрті аумағы, Қаскелең шатқалы және өзге де танымал бағыттарда санитарлық тазарту, қоқыс шығару, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Мәселен, Қарасай ауданында – 140 тонна, Кеген ауданында – 113 тонна, Ұй­­­ғыр ауданында – 28 тоннаға жуық, Іле ауданында – 82 тонна, Алатау қала­сын­да – 71 тонна, Еңбекшіқазақ ауданында – 173 тонна, Балқаш ауданында – 21,5 тонна, Райымбек ауданында – 20 тонна, Қонаев қаласында шамамен – 22 тонна, Талғар ауданында  – 58 тонна, Жамбыл ауданында 36 тонна қоқыс шығарылды.

Акцияға жүздеген арнайы техника жұмылдырылды, нәтижесінде туристік бағыттар мен елді мекендерде санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары кешенді түрде жүргізілді. Сондай-ақ, 13 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды.

 «Тазалық күндері» акциясы өңірдің экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға және туристік аймақтардың тартымдылығын сақтауға бағытталды.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Мамыр 2026 07:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары