Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Бірлік пен татулықтың тұтқасы

Бірлік пен татулықтың тұтқасы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ең алғаш 2016 жылы мереке ретінде бекітілген бұл күн Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күнмен сәйкес келеді. Соған орай осы күні еліміздегі түрлі этнос өкілдері де бір-біріне зор құрмет танытып, қазақ халқына ризашылық сезімдері білдіріп жатады. 

Тарих парақтарында сол бір зұлмат кезеңде Қазақстанға жер аударылып келген көптеген ұлт өкілдеріне қазақ топырағы құтты мекенге айналғаны белгілі. Жа­бырқаулы жандарға жебеу болып, мұңайған көңілге мейірім ұш­қы­нын себелеген қазақ халқының ыстық құшағы татулық пен бір­ліктің берік іргесін қалауға негіз болды. 

Бүгінде Сыр өңірінде 30-дан астам этнос өкілі бір шаңырақ ас­тында тату-тәтті өмір сүріп, ел бірлігінің берік үлгісін қалып­тастырып келеді. Бұл тұрғыда Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі айрықша. Жыл сайын түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтау, дамыту және насихаттау бағытында жүйелі жұ­мыстар жүргізілуде. Бұл бағытта өңірде жұмыс істейтін 11 этно­мәдени бірлестіктің белсенділігі жоғары. Осы арқылы бірлестіктер өздерінің ұлттық мәдениетін дәріптеп қана қоймай, қоғамдағы достық пен ынтымақты арттыруға зор үлес қосуда.

Негізінен, өңірде этномәдени бірлестіктердің бастамасымен жыл сайын түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар, фестивальдер, дөң­гелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылады. Мұндай ша­ра­лар этностар арасындағы ру­хани байланысты нығайтып, жас­тарды толеранттылыққа, пат­риотизмге және ортақ құндылық­тарды құрметтеуге тәрбиелейді. Сонымен қатар мемлекеттік тіл­дің мәртебесін арттыру, қоғамдық келісім мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар да жүйе­сін тапқан.

Қызылорда облыстық Қазақ­стан халқы Ассамблеясы тек мә­дени іс-шаралармен шектелмей, қайырымдылық, әлеуметтік және қоғамдық бастамаларға белсенді қатысып жүргенін де айта кеткен абзал. Мұны өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ба­ғытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалауға болады.

Осы орайда ізгіліктің ізін жал­ғап жүрген облыстық түрік эт­но­мәдени орталығының жетекшісі Гүльчин Әнсерқызының өмір жолы өзгеше өрнекке толы.

Қызылорда өңірінде татулық пен бірліктің туын көтеріп жүрген Гүльчин ханым көпшілікке мейі­рімді мінезі мен парасатты бол­мысымен жақсы таныс. Әрдайым жүзі жылы, жан-жағына ізгілік нұ­рын шашып жүретін жанның ел бірлігі жолындағы еңбегі көпке үлгі.

Тарқатып айтар болсақ, бүгінгі кейіпкеріміз 2004 жылдан бері облыстағы түрік этномәдени ор­талығын басқарып келеді. Бұл жауапкершілігі мол қызметті не­бәрі 30 жасында өз бақылауына алып, содан бері абыроймен ат­қарып жүр. Әрдайым қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық татулықты сақтау бағытында ат­қарған еседі еңбегі ел назарынан тыс емес. Қай істе де белсенділігі өз алдына бір төбе.

Гүльчиннің өнегелі өмір жо­лы – тұтас бір тарихи кезеңмен сабақтасып жатыр. Бұл жайында өзі бізге былайша баяндап берді.

«1944 жылы ата-әжелерім Қазақстанға депортацияланған кезде, әкем небәрі екі жаста бол­ған екен. Қараша айының суығы қара табаннан өтіп, тұрмыстың жоқтығы халыққа ауыр тиген кезең болыпты. Сол кезде ауыл тұр­ғындары тағдырдың қиын ке­зеңіне тап болған жандарға ба­рымен бөлісіп, көмек қолын соз­ған. Тіпті, жоқшылық қолға тұ­сау болған жұтаң заманда ая­ғы­на аяқкиімнің орнына мал терісін орап, жан бағуға мәжбүр болған қиын кездер еске түссе жан түр­шігеді. Сондай кездерде қазақтар адамгершіліктің озық үлгісін көрсетіп, мұқтаж жандарды үйле­ріне бөліп кіргізген. Қолда бар екі сиырының бірін бөліп берген. Әр­қайсысы жеке отау құрғанша, қамқорлықтарын аянып қал­мап­ты. Бұл – алақандай ауылдағы аға­йынның жомарт жүрегі мен ұйым­шылдығының арқасы, ме­йі­рім ұшқынының бір көрінісі еді, – деп еске алады Гүльчин Әнсерқызы.

Қазақ халқының кеңпейілдігі мен бауырмалдығының жарқын тұстарын кейіпкеріміз мәңгі жа­дынан шығарған емес. Әсіресе, қиын-қыстау кезеңде өзге ұлт өкіл­деріне қол ұшын созған ха­лықтың адамгершілік қасиеті та­лай тағдырдың ертеңгі күнге деген үмітіне серпін бергенін айтудан шаршамайды.

Қилы тағдыр иесі жоғары бі­лім алғаннан кейін жолдасымен бірге Қызылордада тұрақтап қа­луды жөн көреді. Қазақы қаймағы бұ­зылмаған Сыр шаһары алға қой­ған арман-мақсаттарының ақи­қатқа айналуына үлкен сеп болға­нын асқан тебіреніспен еске алады. 

Гүльчин жолдасы екеуі екі ұл тәрбиелеп, ел қатарына қосты. Атұстарлары білім көкжиегінде қалықтап, саналы да, саламатты азамат болып ержетті. Мектеп қабырғасын үздік бітіріп, өмірде өз жолдарын қалыптастыруға қанат қақты. Ел дамуына елеулі үлес қосу жолында білімнің кәу­сар бұлағына шомылған қос өрен­нің қазақ тілінен деген құрметі де ерекше. Әрдайым қазақ тілінде өткен түрлі байқаулардың жүлде­гері атанып жүрді.

«Қазақ топырағында кіндік қаны тамған қос ұлымыз еңсесін тіктеп, ел ертеңіне бейжай қара­майтын елжанды азамат болып қалыптасты. Әрқашан өз ұлты, ата-тегі мен салт-дәстүрімен қа­тар, қаймағы бұзылмаған қазақы­лық қалыпты санасына сіңіріп өсті. Қазақ халқына деген құрметті бәрінен жоғары қояды. Қызығы сол, кіші ұлым бала кезінде «мен қазақпын ба, әлде түрікпін бе?» деп сұрайтын. Өйткені қазақы ортада өсіп, тілін, салт-дәстүрін меңгеруі кіршіксіз бала көңіліне ұлтқа деген сүйіспеншілік сезімін оятса керек. Соның нәтижесінен болар, кішкентайынан орыс мектебінде білім алса да, қазақтың аңыз әңгімелері мен мақал-мәтелдеріне деген қызығушылығы асқақ болды. Бәрін жатқа айтады. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген тәмсілді қаперге ұстап, үйімізде түрік тілінде сөй­лесеміз. Алайда қазақтың да, тү­ріктің де дәстүрін қатар ұста­на­мыз, – деп ағынан жарылды.

Ресми мәліметке сәйкес, бү­гінде Қызылорда облысында 1 200-ден астам түрік ұлтының өкілі өмір сүреді. Әрқашан бірлік пен тату­лықтың берік үлгісін көрсетіп жүр­ген түркі бауырлар­дың кір­шік­сіз пейілі мен адамгер­шілік ұс­танымы көпке үлгі. ­Әсі­ресе, этно­мәдени бірлестік олар­дың мәдениетін сақтап қана қоймай, өңірдегі қоғамдық келі­сім мен рухани бірлікті нығайтуға да үлес қосып келеді.

Өз кезегінде Гүльчин Әнсер­қызы елдің ең үлкен байлығы та­тулық пен бірліктің берік өлше­мімен бағаланатынын жеткізді. Өзгені өзегінен теппей, өз бауы­рын­дай құшағын жаятын қазақ халқының кең пейіліне алғаусыз алғысын білдірді. 

«Қазақ халқының ұлы қасие­ті – ынтымақ пен өзара сый­ластықты қатар ұстанатын ұлық мінезімен сабақтасып жатса керек. Соның үлгісіндей, тәуел­сіздік жылдарында халқымыз бірліктің берік екенін көрсетті. Небір қиын кездерде бір-біріне қолдау көрсетіп, елдігіміздің іргесін сөкпей, тұтастығымызды сақтай білдік. Ата-әжелеріміз қа­зақтардың жасаған жақсылығын өмір бойы айтып, алғыс білдіріп өтті. Бізді де әрдайым бірлігіміз бе­кем болып, егемендігіміз ең­се­лі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деген тілектеміз. Әрбір мамы­ражай күнімізге айтар алғысымыз асқақ. Әр әулеттің дәулеті тасып, ел бірлігінің іргесі сөгілмесін», – дейді ол.

Жалпы, бірлік пен келісім – тәуелсіз еліміздің басты құнды­лығы саналады. Бұл ретте ұлттық құндылықтарды нығайту жолында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жүрген жұмысы аз емес. Яғни, қоғамдық татулықтың темір­қа­зығы ретінде өз миссиясын абы­роймен атқарып келеді. Алдағы уақытта да жарасымды жолдан жаңылмай, этносаралық достық­ты дәріптеу жолында ортақ мақ­сатта жұдырықтай жұмылуды басты мақсат тұтады.

Бұл тұрғыда Гүльчин Гейда­рова басқаратын этномәдени ор­талық өңірдегі ұлттар достығын нығайтып, ортақ құндылықтарды дәріптеуде маңызды рөл атқарып жүр. Осындай ізгі жандардың ең­бегі арқылы қоғамда келісім мен бірлік нығайып келеді.

Қай кезде де алғыс айту – із­гілік пен ілтипаттың белгісі сана­лады. Әрбір адамды жылы сөз бен шынайы ықылас қана қанаттан­дырып, өзара сенім мен мейірім ұшқынын тұтататыны аян. Сон­дықтан бұл күн тек мереке ғана емес, татулық пен бірліктің, сый­ластық пен ризашылықтың үлгісі ретінде әр адамның жүрегіндегі ізгілік сезімін оятатын маңызды күн ретінде жоғары мәнін жо­ғалтпақ емес. Бүгінгі кейіп­кері­міздің ыстық ықыласынан осыны аңғардық.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, 

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:238
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 14:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see146

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see142

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see139

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see138

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see127

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары