Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 16 қазанда елорда прокуратурасы хабарлады.
"Автобус жүргізушісі ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші алған ауыр жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Сот үкімімен жүргізуші 2 жыл 1 айға бас бостандығынан және 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды", – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
Елорда прокуратурасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы қағидаларын сақтауға шақырды. Сондай-ақ көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалануға қатаң тыйым салынатынын еске салды.
2026 жылғы 15 қазанда Қызылордада шетелдік көлік жүргізушісінің сәбиі бар әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткені белгілі болды. Нәресте ауруханада көз жұмды. Адам өліміне әкелген жол апаты және оқиға орнын тастап кету деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Полиция жүргізушіге іздеу жариялады.