Телефонға алаңдап, әйелді қағып кеткен: Астанада автобус жүргізушісіне үкім шықты
Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 16 қазанда елорда прокуратурасы хабарлады.
"Автобус жүргізушісі ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші алған ауыр жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Сот үкімімен жүргізуші 2 жыл 1 айға бас бостандығынан және 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды", – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
Елорда прокуратурасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы қағидаларын сақтауға шақырды. Сондай-ақ көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалануға қатаң тыйым салынатынын еске салды.
2026 жылғы 15 қазанда Қызылордада шетелдік көлік жүргізушісінің сәбиі бар әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткені белгілі болды. Нәресте ауруханада көз жұмды. Адам өліміне әкелген жол апаты және оқиға орнын тастап кету деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Полиция жүргізушіге іздеу жариялады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Көкшетаудағы резонансты жол апаты: әйелді қағып кеткен жүргізушіге үкім шықты
23 Маусым 2026 14:14
Алматыда автобус егде жастағы әйелді қағып кетті
17 Қазан 2025 19:21
Құлсарыда балалы әйелді көлік қағып кеткен
06 Қараша 2025 11:14
Алматыда автобус жүргізушісі 30 жастағы әйелді қағып, мерт қылды
12 Тамыз 2026 18:51
Әл Фарабидегі ЖКО: полиция бастығының бұрынғы орынбасарының жүргізушісіне үкім шықты
29 Қыркүйек 2026 08:25
Көрілімдер:57
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 16:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















