Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысы Теміртау қаласында автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 23 сәуір сағат 08:40 шамасында болған. Ішінде жолаушылары бар автобус бағанаға соғылған.
"45 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай бордюрге, сосын бағдаршамның металл бағанасына соғылған", - дейді полиция.
Жол апаты кезінде автобус салонында 20-ға жуық жолаушы болған. Төрт адам медициналық мекемеге жатқызылды.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.