Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Соңғы апталарда доллардың орташа бағамы 460 теңгеге дейін арзандады. Бұған дейін мұндай төмен көрсеткіш 2024 жылғы маусымда тіркелген еді. Өз кезегінде төл валютамыз нығайып, инфляцияның да беті қайта бастады. Бұл өзгерістерге не әсер етіп отыр және бұл үрдіс қашанға дейін жалғасуы мүмкін? Сараптап көрдік.
Сурет ЖИ көмегімен жасалған
Сыртқы қарыз төл валютаны күшейтті ме?
Бүгін еліміздің ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында 1 доллар 474 теңге шамасында саудаланып жатыр. Наурыздың басында доллардың орташа бағамы 502,60 теңге болған еді. R-Finance компаниясының қаржылық кеңесшісі Арман Байғановтың айтуынша, АҚШ валютасының мың құбылуына саяси қақтығыстар басты себеп болып отыр.
«Ұлттық валютаның нығаюы Таяу Шығыстағы Иран мен Израиль арасындағы қақтығыспен тығыз байланысты. Ормұз бұғазының жабылуы мұнай бағасының 110 долларға дейін қымбаттауына себеп болды, ал әскери әрекеттер АҚШ валютасының әлсіреуіне ықпал етті. Соңғы бір айда доллар басқа әлемдік валюталарға қарағанда біршама есе арзандады. Кез келген соғыс қақтығысушы тараптардың валюталарына теріс әсер етеді. Екінші фактор – мұнай бағасының өсуі және соған байланысты ұлттық валютаның нығаюы. Мұнай 60-70%-ға қымбаттады, ал бюджет кірісінің 50%-дан астамы мұнай экспортына тәуелді. Міне, осы аталған факторлар экономикалық жағдайды өзгертті», деді Арман Байғанов.
Ал экономист Ғалым Құсайынов өзінің Telegram парақашасында мұнай бағасының теңге бағамына әсері өте шектеулі екенін жазды. Оның ойынша, негізгі фактор басқаша.
Таяу Шығыстағы бітім: 2 аптада не өзгеруі мүмкін?«Ең басты фактор – сыртқы қарыз алу. Мемлекет пен квазимемлекеттік секторды қоса алғанда, экономикалық агенттер шетелдік нарықтардан көбірек қарыз алып жатыр. Бұл қаражат елге түскен кезде теңгеге айырбасталады, соның нәтижесінде ұлттық валюта нығаяды», деп жазды ол.
8 сәуірде Иран мен АҚШ екі апталық бітімге келді. Келісім кезеңінде Ормұз бұғазы арқылы кеме қатынасы қайта жанданып, қозғалыс Иран күштерінің техникалық бақылауында болады. Сонымен қатар Израиль де атысты тоқтату шарттарын сақтауға міндеттеме алды. Тегеран бұғаз арқылы өтетін әрбір кемеден шамамен 2 миллион доллар көлемінде алым алуды көздеп отыр. Бұл қаражат Оманмен бөлісіліп, соғыс салдарынан қираған нысандарды қалпына келтіруге бағытталмақ. Осылайша, Иран билігі Вашингтон мен Тель-Авивтен тікелей өтемақы талап етуден бас тартуды жоспарлап отыр.
Бұл бітімнен кейін мұнай бағасы 110 доллардан 92-93 долларға дейін төмендеді. Арман Байғановтың айтуынша, алдағы уақытта мұнайдың бағасы одан әрі арзандауы мүмкін.
«Ерте ме, кеш пе 2 апта ішінде тараптар бітімге келеді. Сол кезде мұнай бағасы соғысқа дейінгі деңгейге, яғни 60-70 доллар деңгейіне қайта түсуі мүмкін. Ондай жағдайда ұлттық валюта әлсірейді. Доллар бағамы 1 доллар үшін 500 теңгеден жоғары болуы ықтимал. Жалпы, мұнай бағасының өсуі әлемдік экономика үшін теріс фактор. Себебі инфляция айтарлықтай өседі. Мысалы, наурыз айында әлем бойынша азық-түлік бағасы 2,5%-ға қымбаттады. Бұған мұнайдың қымбаттауы мен соғыс салдарынан логистиканың қымбаттауы әсер етті», деді қаржыгер.
Мұнайдың көптеген салада, әсіресе ауыл шаруашылығында қолданылатынын ескерсек, бұл жағдай жалпы Қазақстан экономикасы үшін де теріс әсер етеді. Энергоресурстар – негізгі шығын түрінің бірі, ол шамамен 70-80%-ды құрайды.
Ақша нығайғанымен, әлемдік инфляцияға байланысты импорттық тауарлар қымбаттауы мүмкін. Бірақ екінші жағынан, теңгенің шамамен 10%-ға нығаюы импортты арзандатуы ықтимал, себебі тауарлар доллармен сатып алынады.
Бітімді бұзу АҚШ үшін тиімсізТеңге бір айда 3,9%-ға нығайды«Бітімнен кейін мұнай бағасы қайта өссе, бұл да экономика үшін жақсы нәтиже бермейді. Өйткені бағаның күрт өзгеруі тиімсіз. Алдағы ахуал келіссөздер процесіне байланысты болады. Егер Ираннан мұнай санкциялары алынса, онда мұнай бағасы 50 долларға дейін түсуі мүмкін. Бұл жағдайда валютаның әлсіреу қаупі артады. Сондықтан жағдайды күту керек.
Бітім қайта бұзылуы да мүмкін, бірақ АҚШ үшін бұл тиімсіз. Еуропа, АҚШ және Таяу Шығыс үшін әскери қақтығыстардың болмағаны тиімді. Иран мемлекеті сыртқы әскери әрекеттерге төтеп бере алды. Демек бұл мәселе әскери жолмен шешілмейді. Қазір Трамп келіссөз арқылы бітімге келіп, қақтығысты аяқтауға тырысып жатыр», деді А. Байғанов.
Ұлттық банктің мәліметінше, наурызда теңге бағамы 1 доллар үшін 478,15 теңгеге дейін жетіп, бір айда 3,9%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі де өсті: бір күндік орташа көрсеткіш 335 млн доллардан 372 млн долларға дейін көтеріліп, жалпы айлық айналым 6,7 млрд долларды құрады.
Фото: Egemen.kz/Ерлан Омар
Теңге бағамына қатысты болжам қандай?Ұлттық банктің мәліметінше, алдағы уақытта теңге бағамының өзгеруіне мынадай факторлар әсер етеді:
Нарық қатысушыларының болжамы; Тоқсандық салық төлемдері; Әлемдік нарықтардағы ахуал және геосаяси жағдай.Ұлттық банк алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік беретін икемді айырбас бағамы режимін жалғастыра беретінін және нарықтағы барлық операциялардың ашықтығын қамтамасыз ететінін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді
Президент • Бүгін, 16:08
@TazaQazBot – тазалық жолындағы тиімді тетік: 24 мыңнан астам мәселе шешімін тапты
Экология • Бүгін, 15:59
Президент Қазақстан құрамасын Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:23
Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:10
Президент: Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, оны елімізде және шетелде кеңінен дәріптеуіміз керек
Президент • Бүгін, 14:51
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:48
Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады
Президент • Бүгін, 14:33
Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 14:20