Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?

Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Соңғы апталарда доллардың орташа бағамы 460 теңгеге дейін арзандады. Бұған дейін мұндай төмен көрсеткіш 2024 жылғы маусымда тіркелген еді. Өз кезегінде төл валютамыз нығайып, инфляцияның да беті қайта бастады. Бұл өзгерістерге не әсер етіп отыр және бұл үрдіс қашанға дейін жалғасуы мүмкін? Сараптап көрдік.

Сурет ЖИ көмегімен жасалған

Сыртқы қарыз төл валютаны күшейтті ме?

Бүгін еліміздің ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында 1 доллар 474 теңге шамасында саудаланып жатыр. Наурыздың басында доллардың орташа бағамы 502,60 теңге болған еді. R-Finance компаниясының қаржылық кеңесшісі Арман Байғановтың айтуынша, АҚШ валютасының мың құбылуына саяси қақтығыстар басты себеп болып отыр.

«Ұлттық валютаның нығаюы Таяу Шығыстағы Иран мен Израиль арасындағы қақтығыспен тығыз байланысты. Ормұз бұғазының жабылуы мұнай бағасының 110 долларға дейін қымбаттауына себеп болды, ал әскери әрекеттер АҚШ валютасының әлсіреуіне ықпал етті. Соңғы бір айда доллар басқа әлемдік валюталарға қарағанда біршама есе арзандады. Кез келген соғыс қақтығысушы тараптардың валюталарына теріс әсер етеді. Екінші фактор – мұнай бағасының өсуі және соған байланысты ұлттық валютаның нығаюы. Мұнай 60-70%-ға қымбаттады, ал бюджет кірісінің 50%-дан астамы мұнай экспортына тәуелді. Міне, осы аталған факторлар экономикалық жағдайды өзгертті», деді Арман Байғанов.

Ал экономист Ғалым Құсайынов өзінің Telegram парақашасында мұнай бағасының теңге бағамына әсері өте шектеулі екенін жазды. Оның ойынша, негізгі фактор басқаша.

«Ең басты фактор – сыртқы қарыз алу. Мемлекет пен квазимемлекеттік секторды қоса алғанда, экономикалық агенттер шетелдік нарықтардан көбірек қарыз алып жатыр. Бұл қаражат елге түскен кезде теңгеге айырбасталады, соның нәтижесінде ұлттық валюта нығаяды», деп жазды ол.

Таяу Шығыстағы бітім: 2 аптада не өзгеруі мүмкін?

8 сәуірде Иран мен АҚШ екі апталық бітімге келді. Келісім кезеңінде Ормұз бұғазы арқылы кеме қатынасы қайта жанданып, қозғалыс Иран күштерінің техникалық бақылауында болады. Сонымен қатар Израиль де атысты тоқтату шарттарын сақтауға міндеттеме алды. Тегеран бұғаз арқылы өтетін әрбір кемеден шамамен 2 миллион доллар көлемінде алым алуды көздеп отыр. Бұл қаражат Оманмен бөлісіліп, соғыс салдарынан қираған нысандарды қалпына келтіруге бағытталмақ. Осылайша, Иран билігі Вашингтон мен Тель-Авивтен тікелей өтемақы талап етуден бас тартуды жоспарлап отыр.

Бұл бітімнен кейін мұнай бағасы 110 доллардан 92-93 долларға дейін төмендеді. Арман Байғановтың айтуынша, алдағы уақытта мұнайдың бағасы одан әрі арзандауы мүмкін.

«Ерте ме, кеш пе 2 апта ішінде тараптар бітімге келеді. Сол кезде мұнай бағасы соғысқа дейінгі деңгейге, яғни 60-70 доллар деңгейіне қайта түсуі мүмкін. Ондай жағдайда ұлттық валюта әлсірейді. Доллар бағамы 1 доллар үшін 500 теңгеден жоғары болуы ықтимал. Жалпы, мұнай бағасының өсуі әлемдік экономика үшін теріс фактор. Себебі инфляция айтарлықтай өседі. Мысалы, наурыз айында әлем бойынша азық-түлік бағасы 2,5%-ға қымбаттады. Бұған мұнайдың қымбаттауы мен соғыс салдарынан логистиканың қымбаттауы әсер етті», деді қаржыгер.

Мұнайдың көптеген салада, әсіресе ауыл шаруашылығында қолданылатынын ескерсек, бұл жағдай жалпы Қазақстан экономикасы үшін де теріс әсер етеді. Энергоресурстар – негізгі шығын түрінің бірі, ол шамамен 70-80%-ды құрайды.

Ақша нығайғанымен, әлемдік инфляцияға байланысты импорттық тауарлар қымбаттауы мүмкін. Бірақ екінші жағынан, теңгенің шамамен 10%-ға нығаюы импортты арзандатуы ықтимал, себебі тауарлар доллармен сатып алынады.

Бітімді бұзу АҚШ үшін тиімсіз

«Бітімнен кейін мұнай бағасы қайта өссе, бұл да экономика үшін жақсы нәтиже бермейді. Өйткені бағаның күрт өзгеруі тиімсіз. Алдағы ахуал келіссөздер процесіне байланысты болады. Егер Ираннан мұнай санкциялары алынса, онда мұнай бағасы 50 долларға дейін түсуі мүмкін. Бұл жағдайда валютаның әлсіреу қаупі артады. Сондықтан жағдайды күту керек.

Бітім қайта бұзылуы да мүмкін, бірақ АҚШ үшін бұл тиімсіз. Еуропа, АҚШ және Таяу Шығыс үшін әскери қақтығыстардың болмағаны тиімді. Иран мемлекеті сыртқы әскери әрекеттерге төтеп бере алды. Демек бұл мәселе әскери жолмен шешілмейді. Қазір Трамп келіссөз арқылы бітімге келіп, қақтығысты аяқтауға тырысып жатыр», деді А. Байғанов.

Теңге бір айда 3,9%-ға нығайды

Ұлттық банктің мәліметінше, наурызда теңге бағамы 1 доллар үшін 478,15 теңгеге дейін жетіп, бір айда 3,9%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі де өсті: бір күндік орташа көрсеткіш 335 млн доллардан 372 млн долларға дейін көтеріліп, жалпы айлық айналым 6,7 млрд долларды құрады.

Фото: Egemen.kz/Ерлан Омар

Теңге бағамына қатысты болжам қандай?

Ұлттық банктің мәліметінше, алдағы уақытта теңге бағамының өзгеруіне мынадай факторлар әсер етеді:

Нарық қатысушыларының болжамы; Тоқсандық салық төлемдері; Әлемдік нарықтардағы ахуал және геосаяси жағдай.

Ұлттық банк алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік беретін икемді айырбас бағамы режимін жалғастыра беретінін және нарықтағы барлық операциялардың ашықтығын қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді

Технология • Бүгін, 17:08

Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады

Елорда • Бүгін, 16:55

Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?

Шаруашылық • Бүгін, 16:52

«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады

Еңбек • Бүгін, 16:45

Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды

Қылмыс • Бүгін, 16:28

Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?

Медицина • Бүгін, 16:15

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Президент • Бүгін, 16:08

@TazaQazBot – тазалық жолындағы тиімді тетік: 24 мыңнан астам мәселе шешімін тапты

Экология • Бүгін, 15:59

Президент Қазақстан құрамасын Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады

Президент • Бүгін, 15:23

Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:10

Президент: Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, оны елімізде және шетелде кеңінен дәріптеуіміз керек

Президент • Бүгін, 14:51

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Ауа райы • Бүгін, 14:48

Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39

Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады

Президент • Бүгін, 14:33

Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады

Президент • Бүгін, 14:20

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Сәуір 2026 17:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

22 Тамыз 2026 11:14see118

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see116

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

22 Тамыз 2026 17:54see115

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

22 Тамыз 2026 09:51see115

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see114

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see113

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see112

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

22 Тамыз 2026 17:55see112

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

22 Тамыз 2026 17:52see112

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see112

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see112

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

22 Тамыз 2026 12:23see112

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

22 Тамыз 2026 15:09see111

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see111

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

22 Тамыз 2026 10:48see110

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see110

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see110

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

22 Тамыз 2026 11:03see110

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

22 Тамыз 2026 09:33see110

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары