АҚШ Қытай келісімінің нарыққа әсері
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АҚШ президенті Дональд Трамп пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Азия Тынық мұхиты ынтымақтастығы саммитіндегі келіссөздері әлемдік инвесторлардың назарын аударды.
Сауда тарифтерін төмендету мен экономикалық байланыстарды қалпына келтіру туралы уағдаластық аймақтық индекстерге әсер етті. Шанхай мен Гонконгтың индекстері 0,7 және 0,5 пайызға төмендесе, Оңтүстік кореялық KOSPI алғаш рет 4 000 тармақтан асып, рекорд жаңартты. Жапонияның Nikkei 225 индексі де 0,3 пайызға өсті. Юань бағамы сәл әлсіреп, нарықтың әлі де сақтық танытып отырғанын көрсетті. Сарапшылардың айтуынша, шиеленіс уақытша бәсеңдегенімен, нарық сенімі толық қалпына келген жоқ. Еуропалық және америкалық нарықтарда да кездесуден кейінгі ахуал қалыпты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:37
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 19:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















