Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

АҚШ Қытай тауарларына 100% баж салығын енгізсе, оның Қазақстанға әсері қандай болады

АҚШ Қытай тауарларына 100% баж салығын енгізсе, оның Қазақстанға әсері қандай болады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін тауарларға кедендік баж салығын екі есе арттыруды және экспорттық шектеулер енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Қытай 1 қарашадан бастап дерлік барлық өндірілетін өнімге экспорттық бақылау шараларын енгізетінін жариялап, «өте агрессивті ұстаным» танытты.

Арман Бейсембаевтың пікірінше, Қытай өнеркәсібі негізінен экспортқа, соның ішінде АҚШ нарығына бағытталған.

– 100 пайыздық баж дегеніміз – АҚШ-қа Қытайдан келетін әр тауардың бағасына 100 пайыз көлемінде қосымша салық салынады деген сөз. Егер тауардың бағасы бұрын 100 доллар болса, енді оған тағы 100 доллар баж қосылады, яғни баға кемінде 200 долларға дейін өседі. Бұл Қытай өнімдерінің АҚШ нарығында күрт қымбаттауына әкеледі. Баж салығынан түскен қаржы АҚШ бюджетіне түседі, бірақ Трамптың басты мақсат басқа – Қытай өнеркәсібінің дамуын тежеу, – дейді сарапшы.

Фото: facebook.com/arman.tickmill

Оның айтуынша, бұл – АҚШ-тың өндірісін қорғауға бағытталған сауда соғысының бір құралы.

– Бұл – екі алпауыт экономика арасындағы жаһандық бәсекелестіктің бір көрінісі. Трамптың сауда саясатының мақсаты – Қытайдың экономикалық күшеюін баяулату. Мұның салдары айқын: Қытай өнімдері АҚШ-та қымбаттайды, сұраныс төмендейді, тапсырыстар азаяды, зауыттардың жүктемесі қысқарады. Соның салдарынан кәсіпорындар жабылып, жұмыссыздық өсіп, экономикалық өсім баяулайды, – дейді экономист.

Ол өндірістің төмендеуі тізбекті әсер туғызып, елдің жалпы экономикалық дамуын баяулатуы мүмкіндігін атап өтті.

– Бұл жағдай Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне жанама түрде әсер етеді. Қытайдағы өнеркәсіптік белсенділіктің төмендеуі ішкі сұраныстың азаюына, соның ішінде энергияға деген сұраныстың төмендеуіне әкеледі. Егер Қытай мұнай мен газ сатып алуды азайтса, әлемдік баға да төмендейді. Қазірдің өзінде мұнай шамамен 61 доллар деңгейінде, одан әрі төмендеуі мүмкін. Ал экономикасы негізінен мұнай экспортына тәуелді Қазақстан үшін бұл жағдай бюджет кірісінің азаю қаупін тудырады, – деді Арман Бейсембаев.

Сондай-ақ ол Қытай инвестициялары да азаюы мүмкін екенін айтты.

– Егер Қытайда экономикалық құлдырау басталса, Пекин сыртқы жобаларды емес, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге басымдық береді. Демек, Қазақстан мен басқа да Орталық Азия елдеріне инвестиция көлемі азаюы ықтимал, – дейді ол.

Алайда сарапшы бұл шешімнің тұрақтылығына сенімді емес.

– Трамп мұндай шешімдерді жиі жариялап, кейін қайта күшін жояды. Бүгін баж енгізіп, ертең «Қытаймен тарихи мәміле жасалды» деп оны тоқтатуы мүмкін. Сондықтан әзірге мұны ұзақмерзімді стратегия ретінде қабылдауға ерте. Бірақ баж салығы енгізілсе, оның жаһандық және өңірлік экономикаға әсері сөзсіз сезіледі, – деп түйіндеді Арман Бейсембаев.

Алайда сарапшының айтуынша, бұл баж салығының енгізілетіні және оның ұзақтығын нақты болжау қиын.

– Соңғы шешімді күту керек. Трамп бұрын да бірнеше рет сауда шектеулерін енгізіп, кейін қайта күшін жойған еді. Бүгін баж салығын енгізіп, ертең «Қытаймен бұрын-соңды болмаған келісімге қол жеткіздік» деп оны алып тастауы мүмкін. Сондықтан әзірге мұны ұзақмерзімді стратегия ретінде қабылдауға ерте. Бірақ баж салығы енгізілсе, оның жаһандық және өңірлік экономикаға сөзсіз әсер етеді, – деп түйіндеді Арман Бейсембаев.

Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетовтың пікірінше, мұны АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық саудаласу деп қабылдау керек.

Фото: sng.today

– Мұндай жағдай Трамптың алғашқы президенттік өкілеттігі кезінде де, Байден президент кезінде де болған. Бұған келіссөздің бір бқлігі ретінде қарау керек. Барлығы Қытайдың сирек кездесетін жер металдарын экспорттауға шектеу қоюынан басталды. Ал бұл металдар – АҚШ үшін, әсіресе қорғаныс өнеркәсібі үшін өте маңызды. Қытай экспорт ережелерін қатайтып, енді кез келген компанияны «сенімсіз» деп таныса, ол автоматты түрде сирек кездесетін металдарға қол жеткізе алмай қалады. Бұл бүкіл электроника өндірісіне, соның ішінде басқару жүйелері мен әскери техника өндірісіне үлкен соққы, – дейді ол.

Сарапшының айтуынша, АҚШ осыған жауап ретінде 100 пайыздық баж енгізуді ұсынды. Бірақ дүрлігудің қажеті жоқ – Трамп бүған дейін 120–125% мөлшерінде баж салығын енгіземін деп, кейін ойынан бас тартты.

– Егер сауда соғысы шын мәнінде өршіп кетсе, Қазақстанға одан пайда да, тәуекел де келуі мүмкін. Қытай кей өндірістерін немесе экспортын Қазақстан арқылы жүргізуі ықтимал. Бірақ мұның ықтималдығы аз. Ал, тәуекелі – егер Қазақстан Қытай тауарларын АҚШ-қа келісімсіз жеткізсе, біз де қосымша бажға ілігуіміз мүмкін, – дейді Расул Рысмамбетов.

Дегенмен, ол Қазақстан экономикасына тікелей әсері болмайды деп санайды.

– Біздің АҚШ-қа экспортымыздың басым бөлігі – шикізат және олардың өз заңдары бойынша баждан босатылған стратегиялық тауарлар, – деді экономист.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Трамптың басты мақсаты – америкалық компанияларды импорт алмастыруға итермелеу. Алайда АҚШ-тағы еңбек құнының жоғары екенін ескерсек, өнімнің өзіндік құны да артып, америкалық кәсіпорындар қытайлықтармен баға жағынан бәсекелесе алмайды.

– Шын мәнінде, бұл әдеттегі экономикалық қысым тетігі ғана. Трамптың басты мақсаты – АҚШ үшін Қытайдың сирек жер металдарына шектеусіз қолжетімділікті қамтамасыз ету. Ол мұндай металдардың ірі өндірушісі тек өзінде ғана емес, басқа елдерде де бар. Трамптың 100 пайыздық баж туралы екінші рет мәлімдеп, бірақ оны енгізбеуі де – бұл тек саудадағы қысым құралы екенін көрсетеді, – деп қорытындылады Расул Рысмамбетов.


Бұған дейін АҚШ-тың Федералды апелляциялық соты Трамптың енгізген көптеген баж салықтары заңсыз деп шешім шығарып, кейіннен әкімшілік бұл тарифтерді сақтау үшін Жоғарғы сотқа жүгінген болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:207
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 13:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары