The Kazakh Yurt : ұлттық мұраны ұлықтаған туынды

04.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Осыған дейін аталған кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы ұйымдас­тырған байқауда бас жүлдені ие­ленген. Оқырманға жол тартқан бұл кітапта қазақтың төл болмы­сымен біте қайнасқан киіз үйдің түрлері мен құры­лым­дық ерекше­ліктері кеңінен баян­далады. Сон­дай-ақ кереге, уық, шаңырақ жасау өнері, киіз басу дәстүрі, үй жаб­дықтарын әзірлеу тәсілдері, олардың ұлттық қол­өнер­дегі орны мен мәдени-рухани мәні жан-жақты қамтылған. Кі­тап қазақтың дәстүрлі дүниета­ны­мы мен ұлттың материалдық әрі рухани құнды­лықтарын дәріптей отырып, киіз үйдің халқымыздың өмір салтын­дағы маңызын аша түседі.

Тұсаукесер рәсімінде арнайы сөз алған «Атамұра» корпора­ция­сының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед кітаптың оқырман алдындағы негізгі миссиясы мен көпке берер құндылығына тоқ­талды. Ол аталмыш туындының «Атамұра» баспасының ұлттық мәдени мұраны насихаттау жо­лын­­дағы кезекті жұмысы екенін және бұл дәстүр әрмен қа­рай да үзілмейтінін атап өтті.

– Бүгін таныстырылып отырған «Киіз үй / The Kazakh Yurt» кітабының дү­ниеге келуіне менің киіз үйде өсіп, сол ортада тәрбие алуым себеп болды. Бұл – киіз үйге деген ерекше сүйіспен­шіліктен туған еңбек. Кітапты жазып, оны бас­паға дайындау ісінде «Атамұра» баспасының үлесі мол. Баспа қазіргі уақытта ұлттық құндылық­тарымызды дәріптеп, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді жаң­ғыртуға және оны әлемге танытуға бағытталған ма­ңызды жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл кітап­тың құндылығы жоғары болға­нымен, «Атамұра» баспасы оны көпшілікке қол­же­тімді бағамен ұсынуды жөн деп тапты. Өйткені басты мақсат – қа­зақтың төл мұрасын жас ұрпақтың санасына сіңіріп, ұлттық құнды­лықтарды насихаттау және шетел­дік оқыр­манға таныстыру, – деді автор Бұлбұл Кәпқызы.

Туындыны қазақ тілінен ағыл­шын тіліне Дүйсенәлі Әлімақын тәржімалаған. Жиын барысында ол еңбекті ағылшын тіліне аудару қиындық туғызбағанын, керісін­ше, зор мақтаныш сезімін сыйла­ғанын алға тартты. Жазушы бұл әсер­ді балалық шағының киіз үй­мен етене байланыста өткені­мен байланыстырды. Өз сөзінде ол ұлттық құндылықты әлем оқыр­манына таныстырудың өзі үлкен жауапкершілік әрі мәртебе екенін жеткізді.

– Бір халықты екінші халыққа танытатын ең басты құндылық­тар­дың бірі – оның мәдениеті мен әдебиеті. Сондықтан «Киіз үй / The Kazakh Yurt» кітабын ағыл­шын тіліне аудару кезінде мен бұл еңбекті жай ғана аударып отырған жоқпын, халқы­мыз­­дың бол­мысын, мә­де­ние­тін әлем оқырманына таныстырып жатырмын деген сезімде бол­дым. Киіз үйдің әр­бір құрамдас бөлігінің атауын, ма­ғынасын және қазақтың дәс­түр­лі тұрмы­сындағы орнын жақсы бі­ле­мін. Бұл еңбекті аудару ісінде ұлт­тық мазмұнды дәл жеткізуге мүм­кіндік берді деп ойлаймын, – деді ол.

Дегенмен аудармашы жұмыс барысында бірқатар кәсіби ма­манның кеңесіне жүгінген. Оның сөзінше, қазақтың дәстүрлі тұр­мысы мен мәдениетіне қатысты кейбір атаулар мен ұғымдар кон­текстік тұрғыдан шетелдік оқыр­манға бірдей түсінікті бола бер­мейді. Сондықтан аударма кезінде ұлттық мазмұнды сақтай отырып, оның мағынасын өзге мәдени ор­та өкілдеріне барынша ұғынықты жеткізуге баса назар аударылған. Жазушы бұл еңбекті тәржімалау барысында дәл осы мәселеге ай­рықша мән бергенін атап өтті.

– Аударма жасау кезінде шет­елдегі жетекшілеріммен және дос­тарыммен ақылдасып отыр­дым. Өйткені қазақтың ұлттық мәдениетіне қатысты кейбір ұғым­дарды шетелдік оқырманға түсінікті етіп жеткізу маңызды болды. Мәселен, «Шаңырақ» сияқ­ты атауларды Shanyrak деп ұсына салғаннан гөрі олардың ағылшын тіліндегі баламасын көрсетіп отырдым. Себебі бізге етене таныс ұғымның барлығы өзге жұртқа түсінікті бола бер­мейді. «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» демекші, осылайша көпшіліктің ақыл-кеңесіне сүйене отырып, құнды еңбекті жарыққа шығардық, – деді жазушы, аудар­машы Дүйсенәлі Әлімақын.

Атап өтерлігі, бұған дейін 32-Бейжің халықаралық кітап көрмесінде таныстырылған «Киіз үй» кітабы Қытайдың баспа са­ласы өкілдері мен оқырман қа­уы­мының ерекше қызығушылығын тудырған. Қазір бұл еңбек ұлттық мәдени мұраны әлемдік деңгейде насихаттауға бағытталған маңызды жобалардың бірі ретінде жоғары бағаланып отыр. 

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, Алматы қаласы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью