ТМД арнайы қызметтерінің басшылары ынтымақтастықты кеңейту туралы меморандумға қол қойды

17.10.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Самарқанда барлау қызметі мәселелері бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік және барлау органдары басшыларының ХХI кеңесі өтті.

© Photo : Исполком СНГТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік және барлау органдары басшыларының ХХI кеңесі

ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік және барлау органдары басшыларының ХХI кеңесі

© Photo : Исполком СНГ

ТМД Атқару комитетінің хабарлауынша, іс-шараға:

Қазақстан;

Ресей;

Әзербайжан;

Армения;

Беларусь;

Қырғызстан;

Тәжікстан;

Түрікменстан;

Өзбекстан арнайы ведомстволарының делегациялары қатысты.

Кездесуде Ресей Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин өзгеріп жатқан әлемдегі ТМД елдері үшін сын-қатерлер мен мүмкіндіктерге тоқталып, қазіргі жаһандық жағдайға егжей-тегжейлі сипаттама берді.

© Photo : Исполком СНГТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік және барлау органдары басшыларының ХХI кеңесі

ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік және барлау органдары басшыларының ХХI кеңесі

© Photo : Исполком СНГ

Ол серіктес қызметтердің әрқайсысы сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерге қарсы тұруда бірегей тәжірибе жинақтағанын, оны өзара алмасу Достастық елдерін икемді әрі күшті ететінін атап өтті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қолданыстағы өзара іс-қимыл тетігін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік мүдделерді қорғау және сыртқы теріс әсерден ТМД елдерінің қауіпсіздігін қорғау бойынша меморандумға қол қойылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью