Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көші-қон саясатын одан әрі жетілдіру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Travel.
Мемлекет басшысы Қазақстанның елге жоғары білікті мамандарды, озық технологиялар мен шетелдік капиталды тарту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.
Тоқаевтың айтуынша, бұл бағыттағы құралдардың бірі "Алтын виза" болды.
"Алтын виза" қандай мүмкіндік береді?"Бұл іске тың серпін беру үшін "Алтын визаны" енгізудің маңызы зор. Сонымен қатар еліміздің көші-қон саясатын жетілдіру қажет. Үкімет тиісті заң жобасын Құрылтайға жолдауы керек. Депутаттарымыз оны тезірек қарағаны жөн болар", - деді Президент Құрылтай сессиясында.
Бұған дейін Тоқаев "Алтын виза" иелері мен олардың отбасы мүшелері үшін қандай мүмкіндіктер қарастырылғанын айтқан болатын.
Оның айтуынша, Қазақстанда иммиграциялық рәсімдер жеңілдетіліп, толықтай цифрландырылып жатыр. Бұл елдің өңірлік хаб ретіндегі ұстанымын нығайтуға және шетелдік мамандар мен инвесторлар үшін қолайлы орта қалыптастыруға көмектесуі тиіс.
"Алтын виза" ұзақ мерзімді резиденттік құқығын береді. Сонымен қатар оның иелері үшін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер мен артық әкімшілік жүктемеден босатуды қоса алғанда, преференциялар пакеті қарастырылған.
Тоқаев виза иелерінің отбасы мүшелеріне жасалатын жағдайларды да ерекше атап өтті.
Қазақстанға кімдерді тартпақ?"Алтын виза" иелері мен олардың отбасы мүшелері біздің азаматтармен тең дәрежеде сапалы білім мен медицинаға кедергісіз қол жеткізе алады", - деді ол.
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева арнайы көші-қон құралы жоғары білікті мамандар мен инвесторларға бағытталғанын хабарлаған болатын. Сұранысқа ие бағыттардың қатарында ол инженерияны, IT саласын және медицинаны атады. Сонымен қатар өндіріс және инфрақұрылым салаларында жобаларды жүзеге асыратын шетелдік инвесторлар туралы да сөз болды.
Балаеваның айтуынша, қазіргі міндет - отандық экономика үшін қажетті мамандарға арналған ашық, болжамды және қолайлы көші-қон жүйесін құру.
Шетелдіктер үшін не өзгереді?Өзгерістер тек визаның өзіне ғана қатысты болмайды. Бұған дейін құжаттарды ресімдеудің неғұрлым қарапайым жүйесіне көшу туралы хабарланған болатын.
Негізгі принциптердің бірі - "бір терезе" форматын кеңейту. Мәртебені, жұмысқа рұқсатты және ілеспе рәсімдерді әртүрлі мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ, бірыңғай жүйе аясында жүргізу мүмкіндігі қарастырылды.
Сондай-ақ өтініштерді қарау мерзімдерін қысқарту, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және цифрлық құралдарды пайдалану жоспарлануда.
"Мемлекеттік рәсімдер барынша қарапайым, ашық және қолжетімді болуы тиіс", - деп атап өтті Балаева.
Тағы бір бағыт - кәсіби біліктілікті тануды жеңілдету. Вице-премьердің айтуынша, бұл әсіресе тапшы және жоғары технологиялық салалар үшін өте маңызды. Кейбір жағдайларда біліктілікті растау мерзімі сапа мен қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, бірнеше айдан қысқа мерзімді рәсімдерге дейін азаюы мүмкін.
Бұл ретте Балаева мемлекеттік бақылаудан бас тарту туралы сөз болып отырмағанын қадап айтты.
Қазақстанда қанша шетелдік тұрақты тұрады?"Мемлекет реттеу деңгейін төмендетпейді, керісінше оны дәлірек, атаулы және технологиялық ете түседі", - деді ол.
ІІМ мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айының басында Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар 240 мыңнан астам шетелдік тұрақты тұрған.
Оның 97,5 мыңы - Ресей азаматтары, бұл жалпы санның 40,4 пайызын құрайды.
Ресейліктер тұруға ықтиярхатты көбіне Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында рәсімдейді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу