Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Трамп Атлант немесе Тынық мұхитын өз құрметіне қайта атағысы келді

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Тоқаев көші қон туралы жаңа заңның қабылдануын тездетуді тапсырды не өзгереді

Тоқаев көші қон туралы жаңа заңның қабылдануын тездетуді тапсырды не өзгереді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көші-қон саясатын одан әрі жетілдіру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Travel.

Мемлекет басшысы Қазақстанның елге жоғары білікті мамандарды, озық технологиялар мен шетелдік капиталды тарту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

Тоқаевтың айтуынша, бұл бағыттағы құралдардың бірі "Алтын виза" болды.

"Бұл іске тың серпін беру үшін "Алтын визаны" енгізудің маңызы зор. Сонымен қатар еліміздің көші-қон саясатын жетілдіру қажет. Үкімет тиісті заң жобасын Құрылтайға жолдауы керек. Депутаттарымыз оны тезірек қарағаны жөн болар", - деді Президент Құрылтай сессиясында.

"Алтын виза" қандай мүмкіндік береді?

Бұған дейін Тоқаев "Алтын виза" иелері мен олардың отбасы мүшелері үшін қандай мүмкіндіктер қарастырылғанын айтқан болатын.

Оның айтуынша, Қазақстанда иммиграциялық рәсімдер жеңілдетіліп, толықтай цифрландырылып жатыр. Бұл елдің өңірлік хаб ретіндегі ұстанымын нығайтуға және шетелдік мамандар мен инвесторлар үшін қолайлы орта қалыптастыруға көмектесуі тиіс.

"Алтын виза" ұзақ мерзімді резиденттік құқығын береді. Сонымен қатар оның иелері үшін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер мен артық әкімшілік жүктемеден босатуды қоса алғанда, преференциялар пакеті қарастырылған.

Тоқаев виза иелерінің отбасы мүшелеріне жасалатын жағдайларды да ерекше атап өтті.

"Алтын виза" иелері мен олардың отбасы мүшелері біздің азаматтармен тең дәрежеде сапалы білім мен медицинаға кедергісіз қол жеткізе алады", - деді ол.

Қазақстанға кімдерді тартпақ?

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева арнайы көші-қон құралы жоғары білікті мамандар мен инвесторларға бағытталғанын хабарлаған болатын. Сұранысқа ие бағыттардың қатарында ол инженерияны, IT саласын және медицинаны атады. Сонымен қатар өндіріс және инфрақұрылым салаларында жобаларды жүзеге асыратын шетелдік инвесторлар туралы да сөз болды.

Балаеваның айтуынша, қазіргі міндет - отандық экономика үшін қажетті мамандарға арналған ашық, болжамды және қолайлы көші-қон жүйесін құру.

Шетелдіктер үшін не өзгереді?

Өзгерістер тек визаның өзіне ғана қатысты болмайды. Бұған дейін құжаттарды ресімдеудің неғұрлым қарапайым жүйесіне көшу туралы хабарланған болатын.

Негізгі принциптердің бірі - "бір терезе" форматын кеңейту. Мәртебені, жұмысқа рұқсатты және ілеспе рәсімдерді әртүрлі мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ, бірыңғай жүйе аясында жүргізу мүмкіндігі қарастырылды.

Сондай-ақ өтініштерді қарау мерзімдерін қысқарту, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және цифрлық құралдарды пайдалану жоспарлануда.

"Мемлекеттік рәсімдер барынша қарапайым, ашық және қолжетімді болуы тиіс", - деп атап өтті Балаева.

Тағы бір бағыт - кәсіби біліктілікті тануды жеңілдету. Вице-премьердің айтуынша, бұл әсіресе тапшы және жоғары технологиялық салалар үшін өте маңызды. Кейбір жағдайларда біліктілікті растау мерзімі сапа мен қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, бірнеше айдан қысқа мерзімді рәсімдерге дейін азаюы мүмкін.

Бұл ретте Балаева мемлекеттік бақылаудан бас тарту туралы сөз болып отырмағанын қадап айтты.

"Мемлекет реттеу деңгейін төмендетпейді, керісінше оны дәлірек, атаулы және технологиялық ете түседі", - деді ол.

Қазақстанда қанша шетелдік тұрақты тұрады?

ІІМ мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айының басында Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар 240 мыңнан астам шетелдік тұрақты тұрған.

Оның 97,5 мыңы - Ресей азаматтары, бұл жалпы санның 40,4 пайызын құрайды.

Ресейліктер тұруға ықтиярхатты көбіне Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында рәсімдейді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:60
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Тамыз 2026 12:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see144

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see140

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see135

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see133

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see131

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

10 Қазан 2026 17:43see130

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see124

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see122

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see119

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see113

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see113

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see111

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see109

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see109

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see108

Трамп Атлант немесе Тынық мұхитын өз құрметіне қайта атағысы келді

11 Қазан 2026 10:19see107

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

10 Қазан 2026 22:00see107

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see104

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары