Тоқаев Жапония премьер министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

31.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

"Президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты", - деп жазылған хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Жапонияның Кюсю аралындағы Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 34-ке жетті.

Жиырма екі адам жеңіл жарақат алып, 39 адам орташа жарақат алған және бес адамның жарақаты ауыр. Тағы 20 адамның қандай деңгейде жарақат алғаны әлі анықталған жоқ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью