Түлкібастағы атыс: 17 жастағы жігіт көз жұмды, үш адам ауруханада

04.11.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Көрнекі сурет: stan.kz

Түркістан облысының Түлкібас ауданында түнгі уақытта болған атыс салдарынан бір адам қаза тауып, үш тұрғын жараланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2 қарашаға қараған түні тіркелген. Белгісіз екі адам бір топ азаматқа оқ атқан. Нәтижесінде 17 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапқан, тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Сурет: Egov.press Telegram-арнасы

«Қазіргі таңда жараланғандарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген полиция хабарламасында.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, күдіктілердің бірі ұсталды, ал екіншісі іздестірілуде. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бүгін, 15:19

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью