Тұмаудың соңы өлім жітімге соқтыруы мүмкін маман | Qazaq24.com
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
БҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, 2024-2025 жылғы эпидемиологиялық маусыммен (82 334) салыстырғанда, аурушаңдық 4 пайызға төмендеді.
Нұрлыбек Ермекұлының сөзіне қарағанда, сырқаттанғандардың 58 573-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Соның ішінде 858-і 1 жасқа толмаған.
Сонымен қатар 153 жүкті әйел ЖРВИ жұқтырған. - Зертханалық зерттеу нәтижесінде 201 адамның тұмаумен ауырғаны расталды.
Мұның ішінде екеуі А типінің H1N1-2 (шошқа тұмауы) болса, қалған 199-ы - H3N2 (гонконг тұмауы).
Тұмауға шалдыққандардың 143-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Ал былтырғы эпидемиологиялық маусымда 66 адамның барлығы шошқа тұмауымен ауырған е
Оның айтуынша, облыста тұмау тәріздес емес респираторлық вирустық инфекциялар да таралып жатыр.
2025-2026 жылғы эпидемиологиялық маусымда 314 үлгі зерттеліп, содан 161 сынама оң нәтиже берді.
Читать полностью
Читать новость