Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Тұмаудың соңы өлім жітімге соқтыруы мүмкін маман

Тұмаудың соңы өлім жітімге соқтыруы мүмкін маман

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

БҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, 2024-2025 жылғы эпидемиологиялық маусыммен (82 334) салыстырғанда, аурушаңдық 4 пайызға төмендеді.

Нұрлыбек Ермекұлының сөзіне қарағанда, сырқаттанғандардың 58 573-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Соның ішінде 858-і 1 жасқа толмаған. Сонымен қатар 153 жүкті әйел ЖРВИ жұқтырған.

- Зертханалық зерттеу нәтижесінде 201 адамның тұмаумен ауырғаны расталды. Мұның ішінде екеуі А типінің H1N1-2 (шошқа тұмауы) болса, қалған 199-ы - H3N2 (гонконг тұмауы). Тұмауға шалдыққандардың 143-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Ал былтырғы эпидемиологиялық маусымда 66 адамның барлығы шошқа тұмауымен ауырған еді, - деді Н.Мұстаев.

Оның айтуынша, облыста тұмау тәріздес емес респираторлық вирустық инфекциялар да таралып жатыр. 2025-2026 жылғы эпидемиологиялық маусымда 314 үлгі зерттеліп, содан 161 сынама оң нәтиже берді. Соның ішінде риновирус (58), респираторлық-синцитиалды вирус (24), пандемиялық емес коронавирус (22), парагрипп (16), аденовирус (15), бокавирус (12) және метапневмовирус (3) ауруы тіркелді.

Маманның түсіндіруінше, ЖРВИ-дің көпшілігі оңай түрде өтеді, бірақ тұмау ауыр клиникалық көріністермен ерекшеленеді. Дене температурасы 39-40 градусқа көтеріліп, қатты қалтырайды. Жөтел, жалпы әлсіздік, мұрыннан су ағу, қатты бас ауруы, бұлшық еттер мен буындардағы ауырсыну сиякты белгілер болады.

Тұмау вирусынан туындаған жедел пневмония өлім-жітімге соқтыруы мүмкін. Асқынулардың көпшілігі әлсіреген және жиі ауыратын балаларда, жүкті әйелдерде, қарттарда, созылмалы аурулармен есепте тұрған және иммундық жеткіліксіздігі бар адамдарда байқалып, тез дамиды. Тұмау дененің қарсылығын төмендетеді және иммунитеттің әлсіреуі аясында энцефалит немесе менингит дамуы мүмкін. Ал жүкті әйелдерде түсік түсу немесе мерзімінен бұрын босану қаупі бар.

- Сол себепті ЖРВИ таралуына жол бермеу үшін өздігінен емделмей, жедел респираторлық вирустық инфекциялардың алғашқы белгілері пайда болған кезде (қызба, бас ауруы, әлсіздік) міндетті түрде тұрғылықты жердегі медициналық мекемеге хабарласып және дәрігердің барлық ұсынысын орындау қажет, - деп қосты Н.Мұстаев.

Департамент мәліметіне сәйкес қазіргі таңда облыс бойынша карантинге жабылған мектептер жоқ. Дегенмен ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2025 жылғы 28 тамыздағы «Тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекциялар және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша 2025-2026 жылдардағы эпидемиялық маусымына арналған санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы» қаулысын орындау күн тәртібінде тұр.

Соған сәйкес барлық білім беру ұйымдарының басшылары оқушылар мен қызметкерлерге қатысты күнделікті мониторинг жүргізіп, қатыспаса, соның себебін анықтап, медициналық ұйымдарды хабардар етуі керек. Оған қоса ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілері бар адамдар үшін күнделікті таңертеңгі сүзгі ұйымдастыруы қажет. Ауырған балалар мен қызметкерлерді уақытылы шеттету шараларын алу да маңызды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын маманның аса қауіпті құтыру дертінің алдын алу үшін не істеу керектігі туралы айтқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 19:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары