Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Аз уақытта арықтау: Биологиялық қоспа ішудің арты неге соқтыруы мүмкін

Аз уақытта арықтау: Биологиялық қоспа ішудің арты неге соқтыруы мүмкін

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

«ББҚ» нарығы қалай жанданды?

Соңғы жылдары ББҚ нарығы әлеуметтік желілердің ықпалымен қарқынды өсті. Әсіресе арықтауға арналған қоспалар TikTok, Instagram, Telegram платформаларында кеңінен жарнамаланып, «жылдам нәтиже», «табиғи құрам», «дәрігер нұсқауынсыз да болады» деген ұрандармен сатылып жатыр.

Алайда мамандардың айтуынша, дәл осы сегмент ең қауіпті саналады. Себебі тез әсер ететін өнімдердің артында көбіне фармакологиялық белсенді, кей жағдайда тыйым салынған заттар жасырылады.

Ресми талап қандай?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабына сәйкес, ББҚ-ға қойылатын талаптар Кеден одағының «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» және «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімі» техникалық регламенттерімен реттеледі.

Аталған талаптарға сай, ББҚ міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Тек Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізілімінде (Бірыңғай МТК) тіркелген өнімдер ғана заңды айналымға жіберіледі.

Комитет мәліметінше, қазіргі уақытта Бірыңғай МТК тізілімінде «Молекула» атты ББҚ тіркелмеген.

20 пайызы талапқа сай емес

2025 жылдың өзінде бақылау мақсатында сатып алу барысында 201 ББҚ сынамасы зерттелген. Оның 20 пайызы талапқа сай келмеген. Олардың басым бөлігі таңбалау бойынша анықталған, сондай-ақ микробиологиялық көрсеткіштер бойынша да олқылықтар бар.

Фото: pexels.com

Бұдан бөлек, алдын ала бақылау аясында әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарға мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде мемлекеттік тіркеу құжаттары жоқ ББҚ сататын 838 профиль анықталған. Заңсыз жарнаманы жою үшін жүздеген ұсынымдық хат жолданып, кейбір Instagram парақшалары жабылды.

ББҚ саудасы қалай жүреді?

Онлайн саудада істейтін азаматтардың айтуынша, ББҚ-ның өзіндік құны арзан, ал сатылым маржасы бірнеше есе жоғары.

– Мұндай өнімдер көбіне Қытайдан жеткізіледі, ал негізгі тұтынушы – тез арықтағысы келетін 20-45 жас аралығындағы әйелдер. Сертификат сұрап, құрамына қарайтын қыз-келіншектер аз, ал сауда Instagram сторис пен TikTok тікелей эфирлері арқылы жүреді, – дейді сату саласының маманы Айзада Секен.

Сарапшылар не дейді?

Фармакология саласының PhD докторы, VictusPharm ЖШС директоры Шыңғыс Серғазының айтуынша, арықтауға арналған ББҚ-лардың басты қаупі жасырын фармакологиялық әсерінде.

– Мұндай өнімдерде сибутрамин секілді орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар жиі кездеседі. Бұл заттар жүрек соғысын жиілетіп, қан қысымын көтеріп, аритмия мен бауырдың уытты зақымдануына әкелуі мүмкін, – дейді формаколог.

Ал профессор Рафаиль Қыпшақбаевтың айтуынша, ағза тез салмақ тастауды «төтенше жағдай» ретінде қабылдайды.

– Егер салмақ тез кетсе, бұл қауіптің белгісі. Физиология бұлай жұмыс істемейді. Әдетте мұндай жағдайда ағза стресс режиміне көшеді, – дейді ол.

Сарапшылардың айтуынша, «Молекула» атауымен сатылған өнімдер бірнеше елде тексеру нысанына айналған. Зертханалық талдауларда оның құрамынан сибутрамин анықталған жағдайлар тіркелген.

Фото: freepik

Маманның сөзінше, мұндай өнімдер дәрі емес, бірақ дәрідей әсер етеді. Ал тұтынушы оны «қауіпсіз қоспа» ретінде қабылдап, жанама әсерлерге дайын болмайды. Дәл осы – басты қауіп.
Сибутрамин – бұрын семіздікті емдеу үшін қолданылған дәрілік зат. Ол миға әсер етіп, тәбетті азайтады және тоқтық сезімін күшейтеді.

Бірақ сибутрамин жүрек-қан тамыр жүйесіне қауіпті болғандықтан (қан қысымын көтереді, инфаркт пен инсульт қаупін арттырады), көптеген елдерде қолдануға тыйым салынған.

Не істеу керек?

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ББҚ-ны тек дәріханалардан, арнайы дүкендерден және мемлекеттік тіркеу құжаты бар жағдайда ғана сатып алуға кеңес береді.

Сонымен қатар ББҚ-ны сәйкестендіру құралдарымен таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылған.

Мамандардың айтуынша, ББҚ нарығындағы басты мәселе – бақылаудың жоқтығы емес, тұтынушының бейқамдығы. Денсаулықты сақтаудың ең қысқа жолы – үлкен қауіпке апаратынын естен шығармаған жөн.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қаңтар 2026 16:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see150

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see146

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see123

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see122

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары