Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Шексіз скроллинг жастарды аз уақытта тәуелді жасайды, миын өзгертеді

Шексіз скроллинг жастарды аз уақытта тәуелді жасайды, миын өзгертеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

BGR сайтының материалына сүйенген Aikyn.kz скроллингтен қалай сақтануға болатынын түсіндіреді.

Шексіз скроллинг жастарды аз уақытта тәуелді жасайды, миын өзгертеді. Фото gazeta.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Brendan McDermid/Reuters

Соңғы уақытта ChatGPT сияқты жасанды интеллект адамдарды «ақымақ жасайды» деген пікірлер жиі айтылып жүр. Бірақ біздің назарымызды бөлетін, уақытымызды алатын тек жасанды интеллект қана емес. Шексіз скроллинг – бүгінде қалыпты әдетке айналған. Жастар TikTok, Instagram Reels және YouTube Shorts платформаларында минуттап емес, сағаттап отырып, қысқа видеолардың тоқтаусыз ағынында өздерін жоғалтып алуда. Бұл дабыл қағатын мәселе.

Енді YouTube те қолданушылардың қысқа видеоларға тым көп уақыт жұмсайтынына тыйым салғысы келеді. Бұл, бәлкім, компания айтып жүрген ата-ана бақылауын енгізу әрекеттерімен байланысты болуы мүмкін.

Сайтта «Шектеулі қол жеткізу» (Restricted Mode) режимі бұрыннан бар. Бірақ бұл тек алғашқы қадам. Қолданушылардың қысқа видеолар көруге кетіретін уақытын азайту үшін YouTube енді мобильді құрылғыда Shorts лентасын айналдыру ұзақтығын шектейтін жаңа таймер енгізуді жоспарлап отыр.

Компанияның хабарламасында былай делінген: «Қолданушылар «Параметрлер» бөлімінен Shorts лентасын айналдырудың күнделікті уақыт шегін орната алады немесе өзгерте алады. Белгіленген уақыт аяқталған кезде, оларға Shorts лентасын айналдыру сол күнге тоқтатылғаны туралы хабарлама беріледі».

YouTube сіздің уақытыңызды басқаруға қалай көмектеседі?

YouTube уақытты басқаруға көмектесетін функцияны бірінші рет енгізіп жатқан жоқ. Қазіргі таңда қосымшада қолданушы өзі орната алатын «Үзіліс жасау туралы еске салу» және «Ұйықтайтын уақытты еске салу» функциялары бар. Сондай-ақ скроллингті шектейтін түрлі бөгде қосымшалар да кездеседі. Бірақ YouTube-тің өзіне кіріктірілген қысқа видеолар таймері бұл мүмкіндікті одан да қолжетімді етеді.

Бұл жүйенің нақты қалай жұмыс істейтіні әлі белгісіз. Алайда оның уақытты басқару бойынша басқа параметрлермен бірге жұмыс істейтіні анық. Егер YouTube қосымшасын ашып, «Сіз» (You) қойындысына кірсеңіз және жоғарғы оң жақтағы тісті дөңгелек белгісін бассаңыз, баптаулар мәзірі ашылады. Сол жерден «Негізгі» (General) бөлімін таңдағанда, ең үстінде екі тетікшені көресіз: «Үзіліс жасау туралы еске салу»; «Ұйықтайтын уақытты еске салу».

YouTube-те қанша уақытыңызды өткізетініңізді білгіңіз келсе, мұны да мобильді қолданба арқылы оңай көруге болады. «Сіз» қойындысын төмен сырғытып, «Қарау уақыты» (Time watched) бөлімін бассаңыз, соңғы 7 күнде YouTube қарауға кеткен уақытыңыздың графигі ашылады. Бұның бәрі сіздің уақытыңызды дұрыс жоспарлап, пайдалы істерге уақыт бөлуіңізге көмектеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 11:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары