Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Премьер министр газ тарифіне қатысты тапсырма берді

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

Қазақстандықтар ұшақ егеуқұйрықтарымен кездесіп, жолаушылардан мұқият болуды сұрады

Ақша төленіп жатыр, бірақ жөндеу жұмыстары жоқ: тұрғын үй қаржысын қалай тексеруге болады?

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

Тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі трассалар тізімі

Тәулігіне бір реттен көп емес . Қазақстанда көліктің кіруіне шектеу қойылды

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

Алматының жатын аудандарындағы ақылы тұрақтар орналасуы бекітілді

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

Қамқорлыққа тәуелді тағдырлар

Қамқорлыққа тәуелді тағдырлар

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Еліміз кейінгі жылдары балалар үйлерінің санын азайтып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыруға басымдық беріп келеді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сәйкес, бүгінде елімізде 20 178 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Оның 16 294-і азаматтардың отбасыларында тәрбиеленсе, 3 884 бала  арнайы ұйымдарда тұрып жатыр. Бұл – мыңдаған баланың тағдыры әлі де мемлекет қамқорлығына тәуелді деген сөз.

Қолданыстағы заңнама жетім балаларға бірқатар әлеуметтік кепілдік береді. Олар білім беру ұйымдарына түсу кезінде арнайы қабылдау квотасына ие, мемлекеттік білім грантын тағайындауда басымдыққа ие болады. Колледждер мен жоғары оқу орындарында жатақханамен қамтамасыз ету, материалдық қолдау көрсету, каникул кезінде жол шығындарын өтеу сияқты жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ тұрғын үй заңнамасына сәйкес, жетім балалар коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға бірінші кезекте үміткер бола алады. Ал Жергілікті атқарушы органдар оларды жұмысқа орналастыруға міндетті. Солайша, қағаз жүзінде қарасақ, әлеуметтік қолдау жүйесі жеткілікті сияқты әсер береді. 

59,9 мың азамат баспана кезегінде тұр

Оқу-ағарту министрлігі берген мә­ліметтің ішіндегі ең маңыздыларының бірі – тұрғын үй кезегіне қатысты мәлімет. Қазір республика бойынша «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша 59,9 мың азамат баспана кезегінде тұр. Салыстыра айтсақ, бір Гренландия ара­лының халқына пара-пар азаматтардың үйі жоқ. 2026 жылдың өткен кезең ішінде жергілікті атқарушы органдар осы санаттағы 465 азаматқа тұрғын үй берген. Иә, заң бойын­ша оларға басым құқық берілген, әйтсе де баспана кезегі баяу жылжып жатқан сыңайы бар.  

Айта кету керек, жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесінде соңғы уақытта бірқатар өзгерістер қа­былданды. Жуырда Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутаты Андрей Лукиннің сауалына жауап беріп, жетім балалар үшін тұрғын үй алу тәртібін жеңілдетуге бағытталған өзгерістерді баяндады. Айтуынша, бұған дейін республикалық маңызы бар қалалар мен Астанада тұрғын үй кезегіне тұру үшін талап етілетін үш жылдық тұрақты тіркеу міндеті алынып тасталған. Сонымен қатар бір облыс аумағында тұрғылықты жері өзгерген жағдайда азаматтың тұрғын үй кезегіне алғаш тұрған күні сақталады. Сондай-ақ жетім балалар баспана алғанға дейін тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен шығарылмайды. Үкіметтің мәліметінше, бұл өзгерістер жетім балалардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Дегенмен қабылданып жатқан өзге­рістерге қарамастан, ресми дерек бойынша бүгінгі күні тұрғын үй кезегінде 59,9 мыңға жуық жетім және ата-анасының қам­қорлығынсыз қалған азамат тұрғанын жоғарыда айттық. Бұл заңнаманы жетілдірумен қатар, оның нақты орындалуы мен тұрғын үймен қамту қарқынын арттыру мәселесі әлі де өзекті екенін көрсетеді. 

Буллингке статистика жүргізілмейді

«Ата-анасы бар баланың көзінен жас аққанда, жетімнің көзінен қан ағады» дейтін қазақпыз. Сол онсыз да жаны жаралы жетім балалар мектепте басқа балалар тарапынан мазақ пен қорлыққа, қысымға ұшырамайды деп ешкім де сеніммен айта алмайды. Өйткені мек­тептердегі буллинг мәселесі тып-типыл жойылып кетпегені анық. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкинаның айтуынша, білім беру ұйымдарында қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, буллингтің, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен суицид көрініс­терінің алдын алу бойынша жүйелі жұ­мыстар жүргізіледі.

«Балаларға уақтылы психологиялық көмек көрсету мақсатында психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істейді. Балалар мен жасөспірімдер арасында буллинг жағдайларын азайтуға, білім беру ұйым­дарында қауіпсіз, қолдаушы және құрметке негізделген ортаны қалыптастыруға бағытталған «ДосболLIKE» буллингтің алдын алу бағдарламасы іске асырылуда. Балалардың құқықтарын бұзу, құқықбұ­зушылықтар жасау, буллинг жағдайлары не кәмелетке толмағандардың физикалық және психоэмоционалдық жай-күйіне теріс әсер ететін өзге де мән-жайлар фак­тілері анықталған кезде Қазақстан Рес­публикасының заңнамасына сәйкес ден қою шаралары қабылданады», – дейді ол.

Алайда назар аударатын бір жайт, жетім балалар мен ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған балалар арасында бул­линг, құқықбұзушылық және суицидтік мінез-құлық жағдайларын жеке статис­тикалық есепке алу жүргізілмейді. Яғни бұл санаттағы балалардың психологиялық ахуалына қатысты нақты талдау жасауға мүмкіндік беретін деректер жоқ.

Бірақ білім беру ұйымдарында 2017 жылы құрылған Қамқоршылық кеңестері жұмыс істейді. Қамқоршылық кеңестің мүшелері ұйымның бюджетін қалыптастыру мәселелерін қарауға қатысады, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу процестеріне, сондай-ақ ұйым­ның шотына түсетін демеушілік және қайырымдылық қаражатының жұмсалуына мониторингті жүзеге асырады. 

Бұдан басқа, қамқоршылық кеңес тәрбиеленушілерде санитариялық-ги­гиеналық талаптардың сақталуын, та­мақтанудың сапасын және тәрбиелену­шілерді қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етуді қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ тәрбиеленушілердің ақшалай қаражаттары мен материалдық құндылықтарының сақталуы, мүліктік және мүліктік емес құқықтарының сақ­талуына мониторингті жүзеге асырады.

Қоғамға бейімделу – үлкен мәселе

Балалар үйінен шыққаннан кейінгі өмір – ең маңызды кезеңнің бірі. Дегенмен дәл осы бағытта ақпарат жеткіліксіз. Министрліктің мәліметіне сәйкес, жетім балалардың жұмыспен қамтылуы мен тұрғын үй мәселесіне мониторинг жүргізіледі, ал олардың қоғамға бейімделуі, отбасы құруы, тұрақты еңбек нарығына орналасуы жөнінде кешенді зерттеулер жүргізілмеген.

Бұл – мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалауды қиындататын фактор. Өйткені баланың тағдыры балалар үйінен шыққан сәтте аяқталмайды. Керісінше, дәл сол кезде оның дербес өмірі басталады. Баспанамен қамтылу, тұрақты жұмыс табумен қатар психологиялық тұрақтылық, қоғамға бейімделу – олардың болашағын айқындайтын негізгі мәселелер. Дұрысы, жетім бала үшін әлеуметтік көмек  маңызды, ал қоғамға әлеуметтік-психологиялық бейімделу одан да маңызды мәселе.  

Осы жерде айта кететін бір жайт, «Қазақстан балалары» 2026-2030 жылдар­ға арналған тұжырымдамасы аясында жетім балаларға арналған ұйымдардың түлектерін ересек өмірге бейімдеу тетіктері күшейтілмек. Соның ішінде бүгінгі Жасөспірімдер үйлерін әлеуметтік бейімдеу орталықтарына айналдыру жоспарланып отыр. Әрине, бұл – алдағы күндердің еншісіндегі шаруа. 

Иә, жетім балаларды қолдау тек жәр­демақы немесе тұрғын үй кезегімен өлшенбейді. Олардың толыққанды білім алуы, мамандық игеруі, жұмыс табуы, психологиялық тұрғыдан орнықты азамат болып қалыптасуына қоғам да, мемлекет те мүдделі болуы керек деп ойлаймыз.  

Гүлзат Асанова, 

Қазақстан психологтар одағының төрайымы:

– Олардың көпшілігі мықты болып көрінуге тырысады. Бірақ қиналғанда, қорыққанда немесе тығырыққа тірелгенде көмек сұрауды білмей жатады. Тағы бір ерекшелік бар. Бала күнінен олар үшін маңызды шешімдерді басқалар қабылдайды. Сондықтан есейгенде оларға өз бетінше тірлік ету оңайға соқпайды.

Кейде олардың ересек өмірге ашық теңізге жалғыз шыққандай күйде қадам басатыны сезіледі. Иә, тұрмыстық дағ­дылары бар. Көпшілігі ас әзірлей алады, үй жинайды, күнделікті тіршілікті ұйым­дастыруды біледі. Бірақ жандарында сенімді ересек адам болмаған, қиналғанда арқа сүйеп үйренбеген. Қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін осы арқылы көруге болады.  Сол үшін досымен, сүйік­тісімен немесе жұмыста келіспеушілік туындаса, мұндай жағдайлар оларға өте ауыр тиюі мүмкін. 

Материалдық қолдау өте маңызды. Алайда одан кем емес маңызды нәрсе – жаныңда сенімді адам болуы. Сол арқылы адам көмек сұрауды, қиындықты жалғыз көтермеуді, қарым-қатынаста берік болуды және қаржысын жоспарлай білуді үйренеді.  

Мен, жалпы, оларға қолжетімді психо­логиялық көмектің болғанын қолдаймын. Бірақ ол «есеп үшін өткен үш кездесу» болып қалмауы керек. Қажет болса, адам психологпен ұзақ уақыт жұмыс істеп, бір­тіндеп сенімді қарым-қатынастың тәжі­рибесін жинақтай алуы маңызды. Өйткені дәл осындай тәжірибе уақыт өте келе ересек өмірдегі ең берік сүйеніштердің біріне айналады деп ойлаймын.

Айгүл Сейіл

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:79
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 07:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Премьер министр газ тарифіне қатысты тапсырма берді

07 Шілде 2026 12:41see117

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

07 Шілде 2026 16:09see117

Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті

07 Шілде 2026 10:12see116

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

07 Шілде 2026 17:20see115

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

07 Шілде 2026 16:00see115

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

07 Шілде 2026 20:02see115

Қазақстандықтар ұшақ егеуқұйрықтарымен кездесіп, жолаушылардан мұқият болуды сұрады

07 Шілде 2026 12:56see114

Ақша төленіп жатыр, бірақ жөндеу жұмыстары жоқ: тұрғын үй қаржысын қалай тексеруге болады?

07 Шілде 2026 09:55see114

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

07 Шілде 2026 14:41see114

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

07 Шілде 2026 16:02see114

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

07 Шілде 2026 14:45see113

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

07 Шілде 2026 15:05see113

Тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі трассалар тізімі

08 Шілде 2026 11:49see113

Тәулігіне бір реттен көп емес . Қазақстанда көліктің кіруіне шектеу қойылды

07 Шілде 2026 12:49see113

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

08 Шілде 2026 12:23see112

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

07 Шілде 2026 18:22see112

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

08 Шілде 2026 07:50see111

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

07 Шілде 2026 14:24see111

Алматының жатын аудандарындағы ақылы тұрақтар орналасуы бекітілді

07 Шілде 2026 18:48see109

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

08 Шілде 2026 15:30see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары