Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Донорға тәуелді өмір

Донорға тәуелді өмір

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Осыдан он шақты жыл бұрын «Елімізде тұңғыш рет жүрек алмастырды, бірінші рет бауыр ауыстыру операциясы ойдағыдай өтті» деген хабарға жұрт тосырқай, таңырқай қарайтын еді. Қазір мұндай мәліметпен елді елең еткізе алмайсыз. Өйткені кейінгі бірнеше жылдың бедерінде бұл жаңалыққа құлақ үйреніп қалды. Бүгінде бауыр, бүйрек, жүрек трансплантациясын жасау проблема емес. Дегенмен донор мәселесі мамандардың бас ауруына айналғаны ақиқат.

Сурет: astana-akshamy.kz/

Төрткүл дүниенің дамудың даң­­ғыл жолына түскен елдері түсіністік­пен қабылдаған мәйіттік донор мәсе­лесі­не біздің халық әлі күнге дейін үрке қарайды. Содан да болса керек, Жамбыл өңірінің өзінде жүзден астам науқас орган трансплантациясын күтіп отыр. Олардың басым бөлігі – бүйрек дертіне шалдыққандар.

– Қазір өңірде орган трансплантациясын күтіп жүрген 141 науқас тіркелген. Олардың ішінде 131 азамат бүйрекке зәру. Тіркелген 131 адамның 127-сі ересек болса, 4 науқас жасөспірім санатына жатады. Бауыр дертіне шалдығып, үмітін үкілеп отырған 9 адам бар. Жүрегі сыр берген 8 азаматтың 7-еуі ересек, 1-еуі бала. Осы азаматтардың барлығы да келер күнге үмітпен қарайтыны анық, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек.

Жалпы алғанда, мәйіттік донор мәселесі күйіп тұрған елдер аз емес. Деректерге сенсек, жаһан жұртының 80%-ы мәйіттік донорға тәуелді болып отыр. Сондай-ақ 20%-ға жуық халық туыстық донорлыққа арқа сүйейді. Бұл күлбілтелі, аса нәзік мәселе біздің елде де күн тәртібінен түскен емес. Орган трансплантациясына деген сұраныс ілкі сәтке де азаймай тұр.

Ресми дерекке сүйенсек, елімізде бүйрегі сыр берген науқастар жетіп артылады. Қысқасы, ең көп сұранысқа ие орган – бүйрек. Бүгінде бүйрек трансплантациясын күтіп отырған науқастардың саны үш мыңнан асып кеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы келтірген дерекке сүйенсек, кейінгі бес жылдың бедерінде өңірде 33 науқасқа орган трансплантациясы жасалған. 2024 жылы мәйіттік донордан алынған бір бүйрек трансплантация­сы жүзеге асқан. Өңірде мәйіттік донорлықтың тым сиреп кетуінің бір ғана себебі бар. Қаза тапқан азаматтың туыс­тары келісім беруден бас тартады. Әрине, әркімнің өз таңдауы бар. Олардың таңдауына ешкім қарсы тұра алмайды.

– Мәйіттік донор мәселесі қай кезде де назардан тыс қалмайды. Әйтсе де біздің өңірде бұл үдеріс сирек жүзеге асады. Оның негізгі себебі, қаза тапқан науқастың туысқандарының келісім бермеуі. Жұрттың үрке қарауы салдарынан мәйіттік донорлық мәселесі сирек кездеседі, – дейді басқарма басшысы.

Ел аумағында ағзаларды алу, сақ­тау, тасымалдау, трансплантациялау 2020 жылғы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексімен реттеледі. Барлық процедуралар мемлекеттік медицина­лық ұйымдарда ғана жүзеге асады. Органдардың трансплантацияға жарамдылық мерзімі қатаң регламенттелген: жүрек – 4–6 сағатқа, өкпе – 6 сағатқа, бауыр – 12 сағатқа, бүйрек – 24 сағатқа дейін, ал сүйек кемігі – шамамен 3 тәулік.

Адам көзі тірісінде донор болуға келісім берсе, бір мәйіттен 4–6 органды бір мезетте алуға мүмкіндік бар. Донорлыққа келісім немесе бас тарту eGov.kz порталы арқылы немесе медициналық ұйымдарда бір жұмыс күні ішінде тіркеледі.

Ел ішінде орган трансплантациясы үшін пациент айтарлықтай шығынға батады деген алыпқашпа әңгіме бар. Алайда мамандардың айтуынша, бұл – негізсіз. Сондай-ақ орган саудасы деген ұғым жоқ. Өйткені оған заңдық негізде тыйым салынған. Ол жөнінде де денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек нақтылап айтып беріп, ағайын арасындағы алыпқашпа әңгімеге нүкте қойды.

– Мәйіттік донорлық ешқандай сыйақысыз жүзеге асырылатын үде­ріс. Орган саудасы деген ұғым еш­қашан болмауға тиіс. Оған заң шең­берінде тыйым салынғанын жұрт біле жүргені жөн. Мұның ауыр қыл­мыс екенін әрбір адам түсінгені дұрыс. Трансплантация операциялары толықтай мемлекет есебі­нен қаржыландырылады. Пациент тарапынан қандай да бір қаржылық шығын болмайды, – дейді С.Назарбек.

Қазақы менталитет кейде донор­лықты да дінмен байланыстырып жататыны бар. Қалай болған күнде де, имамдардың айтуынша, белгілі бір шарттарды орындау арқылы орган трансплантациясын жасауға мүмкіндіктер бар. Бірінші кезекте донордың бақилық болғаны шариғаттық тұрғыда расталуы керек. Ең бастысы, ағзаны беруші азамат көзі тірісінде өзі өсиет еткен болуға тиіс. Ең негізгісі, ұрпақ тарату жүйесіне қатысы бар органдар берілмеуі керек.

Сөз жоқ, еліміздің қай қиырында болсын, мәйіттік донорлық мәселесі күйіп тұр. Бұл мәселе Жамбыл өңірін де айналып өткен жоқ. Қазақы таным мен салт-дәстүрді, ғұрыпты берік ұстанатын өңір тұрғындары жаһан жұрты бетбұрыс жасаған ізгі қадамға үрке қарайтыны белгілі болып отыр. Мұның бәрі сол ұлттық менталитетпен сабақтасып жатса керек.

Жамбыл облысында орган трансплантациясын күтіп отырған 141 азамат бар екенін жоғарыда айттық. Кейінгі 3–5 жылдың бедерінде өңірде 33 науқасқа орган трансплантациясы жасалғанын да тілге тиек еттік. Көрсеткішке қатысты қандай да бір сын айта алмайсың. Өйткені орган трансплантациясына қатысты шешімді әрбір азамат дербес қабылдайды. Дәрігерлердің айтуынша, адам тірі кезінде ресми түрде орган трансплантациясына келісім қалдырса, ол бақилық болғаннан кейін 4 немесе 6 адамға өмір сыйлай алады. Алайда мұндай қадамға баратын азаматтардың саны тым аз болып тұр…

Жамбыл облысы 

Соңғы жаңалықтар

Таразда екі зауыт іске қосылды

Өндіріс • Бүгін, 08:20

Жартастарға жазылған тарих

Көрме • Бүгін, 08:17

Суды үнемдеуге тиянақты көзқарас керек

Қоғам • Бүгін, 08:15

Коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:12

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:10

Бауырлас елдердің байланысы беки түседі

Саясат • Бүгін, 08:07

Эйфман қойылымы – Астанада

Театр • Бүгін, 08:05

Қазақстан мен Перу арасындағы келісім заңмен бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:02

Айға аттанар күн жақын

Әлем • Бүгін, 08:00

Ынтымақтастықты арттыруға ынталы

Саясат • Бүгін, 07:58

Зерлеп тігу шебері

Мирас • Бүгін, 07:55

Симпозиум қатысушыларына құттықтау жолдады

Саясат • Бүгін, 07:53

Парижде ән әуелеткен өрендер

Өнер • Бүгін, 07:50

Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елорда • Кеше

Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 08:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары