Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Дотациядан донорға

Дотациядан донорға

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бұл аудан кеңес кезінен-ақ егін және сүт-ет ба­ғытындағы мал шаруа­шылығына маманданды. Осы қос салаға қоса бау-бақша саласы да өркендеді. Бірақ кешегі өтпелі кезеңде соның бәрі көзден бұл-бұл ұшты. Оның себебі, қоғамдық формация аяқасты ауысып, нарық экономикасы келді. Жаппай жабайы жекешелендіру жүрді, меншік қатынасы күрт өзгерді. Бұрынғы жүйелі экономикалық байланыс үзілді. Осылайша, кешегі бақуат ­аудан мемлекеттік hәм облыстық бюджеттен бөлінетін дотацияға тәуелді болып қалған кезі де болды. Алайда 2021 жылдан бастап жағдай қайта өзгерді. Бәйтерек дотациялық ауданнан донор ауданға айналып, күні бүгінге дейін облыс қазынасына
8 млрд 513 миллион теңге құйып­ты.

Бүгінде аудан облыс бюджетіне жыл сайын 2 миллиардтан астам теңге түсіреді. Кейінгі 5-6 жыл бойы аудан өз аумағындағы елді мекендерді көркейтуге де 7 млрд 587 млн теңге жұмсады. Бұл қаржы ауылдарға трансформатор, көше шамдарын орнатуға және ауыстыруға, спорт және балабақша алаңын ашуға, бейнебақылау орнатуға, Достық, Рубежин, Бай­қоныс, Раздольное, Сұлукөл, Қаражар, Мирное ауылдарының көшелерін асфальттауға, Щапов, Макаров, Көшім ауылдарында сот, ауылдық әкімдік, ауылдық клуб пен кітапхана ғимараттарын салуға бөлініпті.

Осынау қыруар жұмыстың мән-жайын Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов былайша тарқатады:

– Ауқымды жұмыс ауданға жеке инвестиция тарту арқылы жүзеге асты. Мемлекет басшының негізгі тапсыр­масының бірі – ел экономикасына инвестиция тарту. Өйткені ол – тұрақты экономикалық дамудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартудың шешуші факторы. Осы мақсатқа жету үшін мемлекет тартымды инвестициялық ­ахуал қалыптастыру, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, отандық және шетелдік инвес­торлар үшін қолайлы жағдай туғызу бағытында көп жұмыс атқардық. Инвестиция тарту заманауи технологияны енгізуге, өнеркәсіпке қоса шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасап, елдің халықаралық бәсекеге қабілетін нығайтады. Осы кезеңде ауданға жалпы 329,1 млрд теңге инвестиция тартылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 91,6 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 134%-ға артты. 2026 жылдан бастап аудан инвес­тиция тартудың жаңа деңгейіне көтерілгендіктен биылғы жоспар 112,0 млрд теңгені құрап отыр, – дейді Марат Лұқпанұлы.

Елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін көп жыл жеңілдік шарасы жасалды. Оларды жөнді-жөнсіз тексеруге біраз жыл ты­­йым салынды. Мұндай қамқорлық кәсіпкерліктің күрт дамуына жол ашты. Шағын және орта бизнеске қоса, жеке кәсіпкерлік те өрістеді. Алайда үлкенді-кішілі кәсіпкерлік нысандарының кіріс-шығысты сауатты есептеу, әсіресе, уақтылы салық төлеу мәдениеті түбегейлі қалыптаса қойған жоқ. Бәйтерек ауданында бұл мәселе 2020 жылдан бастап қатаң қадағалана бастады. Тексеріс ­аудан аумағындағы біраз мейрамхана, тойхана, шаштараз, сән салондары, автокөлікке техқызмет көрсету стансалары сықылды кәсіпкерлік нысандарының дер кезінде әрі толық көлемде салық төлемейтінін көрсетті. Қазір бұл бағыттағы жұмыс бір ретке келді. Сондай-ақ басқа облыста тіркелген, бірақ аудан территориясында жерасты байлығын игеретін екі ірі мекеме-кәсіпорын салық төлеуші ретінде Бәйтерекке «қоныс тепті». Қазір ауданда халық шаруашылығының барлық саласы дамып келеді. Бүгінде Бәйтерек ауданындағы біраз мекеме-кәсіпорын еліміздің өзге өлке-өңірлерімен қоса, тіпті алыс-жақын шетелге де өз өнім-тауарын шығарады.

Мысалы, «Алтын бидай», «Нұрлы жол kz», «Лихачев», «Хаминовское» шаруа қожалық­тары мен «Агросервис Батыс» ЖШС жасымық, ноқат сынды дақылдарды Түркияға, «Терра Ақжайық» ЖШС ет өнімдерін Тәжікстанға эскпорттайды. Ал «Белесагро» ЖШС ұн өнімдерін Түрікменстанға тұрақты жөнел­теді.

Бүгінгі таңда ауданда асыл тұқым­ды мал асырауға маман­дан­ған 43 шаруа­шылық бар. Соның 34-і – етті, бесеуі – сүтті бағыттағы сиыр малын өсіруге, үш шаруашылық – қой, ал бір шар­уашылық – жылқы өсіруге маман­данған. Ауданның іскер азаматтары мал өсіріп қана қоймай, ет-сүт өнімдерін өңдеп-өндіреді. Мысалы, 250 адамға тұрақты жұмыс беріп тұрған «Жайық ет» ЖШС тек бір ауысымның өзінде 10 тонна ет өңдейді. «Каверина С.» жеке кәсіпкерлігі жылына 1 243 000 литр сүт өңдеп, сары май мен ірімшік өндірісін жүйелі жолға қойды. «Даринский мясной двор» ЖШС тәулігіне 600 кило шұжық шы­ғарып, облыс аумағындағы үлкенді-кі­шілі дүкен­дерге күн са­йын жөнелтіп отыр.

Биыл «Ауыл аманаты» бағдар­ла­масы аясында қайта өңдеу саласы қарқынды дамыды. «Ольга» жеке кәсіпкерлігі жартылай фабрикат өңдеуді бастады. «Байбарақов» жеке кәсіпкері кондитерлік өнімдер цехын, «Терек Агро» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі макулатураны қайта өңдеп, жұмыртқаға арналған ұяшық өндіретін станоктар, ал «Greenery Bereke Flow Group» өнірістік кооперативі тұрмыстық химия өнімдерін шығаратын құрал-жабдық алған болатын.

Ал жылыжай шаруашылығына маманданған «World Green Company» ЖШС жылына 3700 тонна қызанақты, 4000 тонна қиярды сауда сөресіне жеткізуге әбден төселіп алды.

Иә, кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейген сайын Бәйтерек ауданы­ның донорлық мәртебесі де нығая түсері кәміл, – дейді ­аудан әкімі. 

Ел іргесі бекиді

Бүгінде Бәйтерек – бүкіл ауыл­­­дық округ орталығына асфальт жол салынған облыстағы бірден-бір аудан. Тіпті бұрынғы колхоз, –совхоз бөлімшелері, яғни, бүгінгі шағын елді мекен­дер­дің кіреберіс жо­лына дейін асфальт төселе бас­тады. Шека­ра маңындағы Сырым батыр, Чувашка, Өркен, Красный Урал, Жайық, Новенький сияқты ауыл­­дардың көше жолы жөнделіп жатыр.

2024 жылы мемлекеттік шека­раға таяу орналасқан Сұлу­көл, Кирсанов, Красносар­мейск, Құрманғазы, Шалғай, Егіндібұлақ, Чиров, Раздольный ауылдарында 54 үй салынды. Ол үйлер табыс-кірісі аз, әлеуметтік тұрғыдан қолдау-көмекті қажет ететін отбасы­ларға берілді. Ал биыл Бәйтеректің аумағында 60 үй салынып жатыр. Олардың дені шекара бойындағы елді мекендерде бой көтереді. Ел шетіндегі ауылдарды қажетті мамандармен бірінші кезекте қамту да жіті назарда.

«Осының бәрі мемлекеттік шекараға жақын қоныстанған ауылдардың байырғы халқы ешқайда көшпей, жаңа тұрғындар көшіп келуі үшін, яғни ел іргесін бекіту мақсатында жасалып жатқан іс-әрекет»,  дейді Марат Лұқпанұлы. 

Мінезі – мәрт, жаны – жомарт

2024 жылы көктемдегі су тасқыны бәйтеректіктерге де қиын тиді. Сол «ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен» қиын кезеңде Бекболат Шікәнов, Армат Бисенов, Қуаныш Мырзағалиев, Асқар Асанов, Қайыржан Киргенев, Александр Лихачев, Александр Недопекин, Михаил Марченко, Владимир Шевчук сынды жергілікті кәсіпкер азаматтар қолда бар техникасын ортаға салды. Аудан әкімі Марат Тоқжанов пен аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Хайруллин де түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарымен бірге құтқару жұмыс­тарының бел ортасында жүрді.

Бәйтерек ауданында атымтай жомарт кәсіпкер аз емес. Мәселен, Бейбітшілік ауылдық округінде Бейбіт Асанов су жаңа спорт нысанына қоса, ауыл кеңсесін жаңадан салып берді. Раздольный ауылында Владимир Шевчук жаңа балабақша салып, медпункті күрделі жөндеуден өткізді. Александр Недопекин Шалғай ауылына кіреберіс жолдың жобасын өз ақшасына жасатты. Ал Сұлукөл ауылына қызметке келген мамандар үшін Армат Бисенов жаңадан 3 үй салып, оған қоса 2 үйді сатып әперді. Армат Ғимранұлы 2021 жылдан бері осы ауылға жыл сайын 20 млн теңге қаражат бөліп келеді. Бір қызығы, қаржының қандай мақсатқа жұмсалуын округ әкімі емес, ауылдық қоғамдық кеңес мүшелері кеңесіп шешеді.

– Бәйтеректің басшысы Марат Тоқжановты батысқазақ­стандықтар жақсы біледі. Ол кабинетте отыратын әкім емес. Өзіне де, өзгеге де қатаң талап қоя біледі. Соның арқасында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жақсы, – дейді ауданның құрметті азаматы, Үлкен Шаған ауылының тұрғыны Майдан Жұбандықов.

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Шілде 2026 09:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары