Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Ата заңның арқауы ар ұждан

Ата заңның арқауы ар ұждан

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ол мемлекеттің басты байлығы ретінде – адамды, ал ең жоғары құндылық ретінде – адам баласының қадір-қасиетін айқындады. Бағзы заманнан бері сөз қадірін түсініп, ар ісін жанынан артық балаған қазақтың бабалар жолы бүгінгі Ата заңымыздың рухымен үндесіп жатыр. Қазақстанның қазіргі даму белесінде ұлттық заңнамадағы ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау тетіктері қоғамдағы өзара сыйластықтың діңгегі, ұлттық бірліктің алтын тіні қызметін атқарады.

Ата заңдағы адами өлшем

Тәуелсіздік тұғырына қонған елімізде «Адам және оның қадір-қасиеті» ұғымы мемлекеттің басты бағдарына, мыз­ғымас темірқазығына айналды. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп өмір сүрген текті халықтың ұрпағы үшін бұл қағида тіпті жат емес. Бүгінгі Конституция сол бағзы бабалар арманы мен заманауи әлемнің талабын ұштастырып, әрбір азаматтың ар-намысына кір келтірмеудің іргелі құқықтық қорғанын қалады.

Қоғамның көркеюі заңының қатаңды­ғымен емес, сол елдегі әрбір жеке тұлғаның ар-намысының құрметтелуімен өлшенеді. Адам баласының ар-ұжданын таптауды ең ауыр айып санаған қазақ дүниетанымы бүгінгі негізгі заңның басты баптарында толыққанды көрініс тапты. Заң мен ардың таразысы тең түскен жерде ғана тұлғаның ардақты есімі мен абыройы толық қорғалып, қоғамда құқықтық мәдениет қалыптасады.

Кез келген елде былайғы жұрт Конс­титуцияны көбіне мемлекеттің құрылысын, билік тармақтарының аражігін, өкілеттік шекарасын белгілейтін құқықтық құжат ретінде қабылдап жатады. Сырттай қарағанда, оның тілі де «салқын»: бап, тармақ, өкілеттік, міндет, кепілдік... Бірақ сол ресми сөздердің ар жағында тірі адам­ның тағдыры тұр. 2026 жылғы 15 науры­здағы референдумда қабылданып, 1 шілдеде күшіне енген жаңа Конститу­циямыз – осының айқын айғағы. Оның 1-бабы Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, мемле­кеттің ең жоғары құндылығы деп адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандық­тарын бекітті. Ал 3-бапта адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мемлекеттің қызметін айқындайтын негізгі қағидаттардың бірі ретінде нық­талды.

Мұнда мемлекет пен азамат арасындағы қатынастың бүкіл табиғатын әдіптейтін ой жатыр: халық мемлекет үшін жарал­маған, қайта мемлекет әрбір адам үшін құрылған. Мемлекет өзін халықтың үстінен қарайтын алып күш емес, әр аза­матының құқығын қамтамасыз ететін бірегей институт ретінде таниды. Тиісінше Ата заңның шынайы өлшемі – бірінші кезекте мемлекеттік аппараттың қанша­лықты пәрменді екенінде емес, оның әрбір адамның құқығы мен қадірін қанша­лықты қорғай алатынында. 

Әр бабында ар тұнған

Кез келген қоғамның өркениеттік деңгейі ең алдымен сол елдегі адамның құқығымен, оның ар-намысының және қадір-қасиетінің қорғалу деңгейімен өлшенеді. Қорғалмаған адам құл болады, жәндік құрлы құны болмайды. Мұны ата-бабамыз ежелден жақсы түсінген. Қазақ халқы үшін «ар» мен «ұят» ұғымдары еріккенде әңгімеге ермек ететін жай ғана моральдық категория емес, бүкіл бір ұлттың дүниетанымының, әділдік пен ар-ожданның темірқазығы болған. Есім ханның «Ескі жолында», Қасым ханның «Қасқа жолында», Әз-Тәуке ханның «Жеті жарғысында» ұлыс пен рудан бастап, қарапайым кісінің ар-намысына тиюді, қорлауды ауыр қылмыс санап, оның да өзіндік өтеуін талап еткені – осының айқын дәлелі. Бүгінде осы тереңнен тамыр тартқан қасиетті ұғымдар еліміздің Ата заңында жаңа заман талабына сай қатаң құқықтық кепілдікке айналды. 

Адамның ар-намысы мен қадір-қасие­тін қорғауға арналған тікелей әрі толық­қанды норма – Конституцияның 20-бабы. Оның бірінші тармағында: «Адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қол сұғуға болмайды және олар заңмен қорғалады», – деп қадап айтылған. Екінші тармағында: «Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа да қатыгездiк көрсетіп немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлап жәбiрлеуге не жазалауға болмайды», – деп анық жазылған. 

Осы бір баптың астарында адам­зат­тың мыңжылдық арманы жатыр. Адамды қорлауға, ұруға, азаптауға, оның адамдық қасиетін таптауға ешкімнің, тіпті биліктің де құқығы жоқ. Бұл жерде Конституция адамға «сенің қадірің – сенің күшіңе, байлығыңа, қызметіңе, мәртебеңе байла­нысты емес» деп тұрғандай. Өйткені «Заң мен сот алдында бәрi тең» (16-бап). Әрбір адамның қадірі – оның адам болып дү­ние­ге келгеннен-ақ туындайтын құндылық пен артықшылық. 

Сарапшылардың түсіндіруінше, мұнда ар-намыс пен қадір-қасиет ұғымдары да бекер қатар қолданылмаған. Ар-намыс көбіне адамның қоғам алдындағы жақсы атымен, беделімен сабақтас болса, қадір-қасиет оның тұлға ретіндегі ішкі құнды­лығын білдіреді. Заңның ала жібінен атта­ғандар әлдебір адамға тіл тигізіп, абыройын ел алдында аяққа таптауы мүмкін. Немесе тағы бір адамға зорлық-зомбылық көрсетіп, жұрт көзінше қорлап, адами қасиетін төмендетуге тырысуы ықтимал. Конституция екеуін де қорғайды. Өйткені адамның жарақаты кейде денеде емес, жүректе қалады. Көрінбейтін жараның да ауыр салмағы бар.

Сондықтан 20-шы бап – құқықтық мемлекеттің мығым іргетасы, кез келген мемлекеттік орган немесе лауазымды тұл­ға бұлжытпай орындауға тиіс басты конституциялық талап. Ол ар-намысты, қадір-қасиетті қорғауды басты мақсат етіп, азаматтардың қоғамдағы еркін әрі қауіпсіз тыныс-тіршілігіне кепілдік береді. Жалпы, жаңа Ата заңда өзге тілдерге дәл аударуға келе бермейтін терең мағыналы «ар-намыс» сөзі 4 рет, қадiр-қасиет ұғымы 6 рет кездеседі.

Тек бір баптың еншісі емес

Адамның қадірін қорғау 20-баппен басталып, сонымен аяқталмайды. Жаңа Конституцияның 15-бабы Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтары танылатыны және оларға кепiлдiк берiлетіні атап өтілген. Бұл құқықтардың әркімге тумысынан тиесілі екені, ажыратуға және айыруға болмайтын құқықтар екені де арнайы бекітілген. «Қазақстан Респуб­ликасының қолданыстағы құқығының мазмұны мен қолданылуы осыған қарай айқындалады», – делінген Ата заңда. 

Мұның мәні терең. Мемлекет әр адамға шақтап құқығын таратпайды, өйт­­кені адамның негізгі құқықтары тумы­сынан бар. Мемлекет сол құқықтарды мойындайды әрі қалтқысыз қорғауға өз мойнына міндеттеме алды. Басқаша айт­қанда, азаматтың қадір-қасиеті Пре­зиденттің, әкімнің, министрдің, полицей­дің, соттың немесе кез келген лауазымды тұлғаның көңіл-күйіне тәуелді болмауға тиіс.

Осы тұрғыдан алғанда 16-баптағы теңдік қағидасының да маңызы зор. «Қазақстан Республикасының азаматын, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе уақытша жүрген шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де себептерге байланысты кемсiтуге болмайды», – делінген ол бапта. 

Заң алдындағы теңдік – қадір-қа­сиетті қорғаудың күнделікті, ең басты көрінісі. Біреуінің бай, біреуінің кедей бол­уы, бірінің – билікті шенеунік, екін­шісінің – қарапайым еңбеккер еке­ні олардың адами құқығының көле­мін өзгертпеуге тиіс. Құзыры – әрбасқа болуы мүмкін, бірақ азамат ретіндегі құқығы бірдей. 

Сөз бен ар арасындағы көпір

Қадір-қасиет сот төрелігіне келгенде, тіпті маңызды бола түседі. 18-бап жеке басқа қол сұқпауды және жеке бас бос­тан­дығын қамтамасыз етеді. «2. Сот ше­­ші­мінсіз адамды заңда көзделген мер­зім­нен артық ұстауға болмайды. Күз­ет­пен ұстауға сот шешімімен ғана рұқсат етіледі және оған шағым жасау құқығы беріледі. 3. Әр адамға ұсталған сәтте бостандығын шектеу негіздері және оның құқықтары түсіндіріледі. 4. Ұсталған адамның, күдіктінің, айыпталушының тиісінше ұсталған, күдікті ретінде танылған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокат (қорғаушы) көмегiн пайдалануға құқығы бар», – дейді бұл бап. 

Заңды күшіне енген сот үкімімен адам айыпты деп танылмайынша, ол кінәлі емес деп саналады. Бұл туралы 19-бапта айтылған. Ендеше, Конс­титу­ция­ның кінә­сіздік презумпциясына қатысты норма­лары адамның абыройын сот үкімі шыққанша қорғаудың маңызды тетігін түзеді. Бұл қағида бүгінгі арқыраған өзен­дей ағындаған ақпарат дәуірінде маңызды. 

Себебі бір адам ерігіп не өшігіп ушық­тырған күдік әлеуметтік желіде сот үкімінен бұрын-ақ тез тарап кетуі мүмкін. Бұрын қаралауға ұшыраған адамның «жаман аты» ауыл арасында қаңқу сөзбен кеулесе, енді бүкіл әлемге жайылып, милли­ондаған адамға лезде жете алады. Сондықтан Конс­титуцияның 23-бабы «Цензураға тый­ым салынады» деп қатаң бекітеді. Соны­мен бірге 4-ші тармағында: «Сөз еркіндігі және ақпарат тарату еркіндігі басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, азаматтар­дың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтірмеуге, қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс», – деп белгілейді.

Олай болса, құқықтық өркениеттің, тегеурінді мемлекеттің міндеті – журнал­истерді жаппай қудалау немесе елдің «екі елі аузына төрт елі қақпақ қою» емес, адамның абыройын аяқ астында таптатпау. Үкімді сот шығаруы керек, көпшілікке тараған қауесет үкімді алмастырмауы керек.

«Сөздің де жаны бар» дейді қазақ даналығы. Шынында да, қасиетті қара сөз – жай ғана отыз екі тістің арасынан шыққан дыбыс немесе қағаздағы қара қаріп емес, ол – өзіндік тынысы, рухы мен құдіреті бар «жаратылыс». Жақсы сөз жанға шуақ құйып қанаттандырса, орын­сыз айтылған ауыр сөз өткір қылыш­тан да терең жара са­лады. Кейде сұлатып түсірер сом жұдыр­ық­тан, теріні көгертер тоқпақтан гөрі, бей­мәлім біреудің әлеу­меттік желідегі жалалы пікірі немесе жақыныңның жаралы сөзі адамды ішінен мүжіп, рухани күйзеліске ұшыратады. 

Сондықтан да адамның ар-намысы мен абыройын қорғауды басты орынға қойған Ата заң сөз бостандығын қорғаумен қатар, қаңқу-қауесет пен бос сөздің жауапкершілігін де қатаң қадағалайды. Әйтпесе, әрбір айтылған ойдың артында нақты тағдыр, тірі адам тұр. Сөз қадірін түсінген қоғам ғана арды ардақтай алады. Тіліне ие бола алмаған жұрт түбінде жаны да жабырқау күйде қалары даусыз.

Жеке өмір – құпия мекен

Жаңа Конституцияның 21-бабы адам­ның жеке өміріне, отбасы құпиясына қол сұқпауға кепілдік береді. «Жеке өмірге қол сұғылмау құқығына, жеке және отбасы құ­пиясының болу құқығына, цифрлық тех­нологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеу­ден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі», – деген норма тұңғыш рет енгізіліп отыр. Осы бап­­пен әрбір қазақстандықтың банк опера­ци­яларының, жеке салымдар мен жинақ­тарының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта ха­бар­ламаларының құпиясы заңмен қорғалады.

Бір кезде адамның жеке кеңістігі ша­ңы­рағының табалдырығымен шектелетін. Бүгінде оның шекарасы әлдеқайда кең: телефонында – фотосы, компьютерінде – жұмысы, электронды жүйелерде – жеке деректері сақтаулы. Демек, адамның қадір-қасиетін қорғау енді оның денесіне ғана емес, цифрлық болмысына да қол сұқпауды білдіреді. Адамның ешкімге көрсеткісі, естірткісі келмейтін сырлары­ның жасырын мекені болады. Оның «кілті» өзінде. Конституция сол әлемнің есігін рұқсатсыз ашуға мемлекетке де, өзгеге де жол бермейтін құқықтық құлып орнатты. 

Ар-намыс пен қадір-қасиет туралы сөз – түптеп келгенде, мемлекеттің өз абыройы туралы сөз. Себебі өз азаматын қорлаған мемлекет өркениетті мемлекет бола алмайды. Өзгенің қадір-қасиетін аяққа таптауға жол берген қоғамның Конституциясы қанша қалың болғанымен, құқықтық мәдениеті жұқа болып қалады. Қазақтың «ар сақтаған – ел сақтайды» деген түсінігі бүгінде жаңаша түледі. Адам­­ның ар-ұжданы, абыройы қорғалған жерде ғана заңның салмағы бар. Адамның қадірі биік тұрған жерде ғана мемлекет мәртебелі, әлемдегі беделі биік болмақ.

Айхан ШӘРІП

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қыркүйек 2026 07:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары