Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады

Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жаңа Конституция ел дамуының жаңа бағдарын айқындайды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалиция «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, құрамына барлық өңірлер мен түрлі салалардың өкілдері енген Конституциялық комиссия ашық форматта жұмыс істеді. Ол жаңа Конституция жобасы азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының ұсыныстарын жан-жақты талдау мен ашық талқылаулардың нәтижесі екенін жеткізді. Отырыстар тікелей эфирде өтті, әрбір бап пен норма егжей-тегжейлі талқыланып, азаматтардан түскен барлық ұсыныстар мұқият сараланды.

Жаңа Конституцияны қолдайтын Жалпыұлттық Коалиция құрылды

Өткен жылдың қазан айынан бастап e-Otinish және e-Gov платформалары арқылы конституциялық реформа мәселелері бойынша 2 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Жоба жарияланғаннан кейін азаматтар қосымша 10 мыңнан астам ұсыныс жолдаған. Ерлан Қариннің атап өтуінше, бұл құжатты шын мәнінде халықтық Конституция деп атауға толық негіз бар.

Жаңа Ата заң жобасы 11 бөлім мен 96 баптан тұрады. Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, онда ел дамуының түбегейлі жаңа тәсілі бекітілген.

«Ең алдымен, Конституцияның өзегіне адам, оның құқықтары мен бостандықтары қойылған. Егер қолданыстағы редакция көбіне мемлекеттің мүддесі мен өкілеттіктерін айқындауға бағытталса, жаңа нұсқа ел дамуындағы адами өлшемді енгізеді. II бөлім – «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» осы салаға толық арналды, ал дамудың стратегиялық негізі ретінде адами капитал – азаматтардың білімі, қабілеті мен еңбегі жарияланды», деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші.

Өз сөзінде Ерлан Қарин жаңа Ата заңның қарапайым адамдардың мүддесіне бағытталғанының дәлелі ретінде қолданыстағы және жаңа құжаттардағы «адам» сөзінің кездесу жиілігін де мысалға келтірді. Бір қызығы, жаңа Конституция жобасында «адам» сөзі 53 рет қолданылған, ал 1995 жылғы редакцияда бұл сөз 27 рет кездеседі екен.

«Себебі, мемлекеттің басты қазынасы да, тірегі де – оның азаматтары. Бұл жаңа Конституцияда нақты айқындалды. Сондықтан, бұл – азаматтарға үміт беретін Конституция», деді ол.

Вице-президент: Әлемдік тәжірибе нені дәлелдеді?

Ерлан Қариннің айтуынша, екінші маңызды бағыт – мемлекеттілікті нығайту. Әртүрлі баптарда Тәуелсіздік, Егемендік және Аумақтық тұтастық қағидаттары көрініс тауып, жан-жақты ашылған. Мәселен, «Конституциялық құрылыс негіздері» бөлімінің 3-бабында мемлекет қызметіндегі басты қағидат ретінде Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау тікелей бекітілген.

«Бұл Мемлекет басшысының кең таралған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген сөзімен толық үндеседі. Сондықтан, бұл – елге қорған болатын Конституция», деді Ерлан Қарин.

Үшінші аспект ретінде Мемлекеттік кеңесші ұлттық бірегейлікті күшейтуді атады. Преамбулада Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы туралы тұжырым бекітілген. Бұл, оның айтуынша, мемлекеттің тарихи тамыры мен төл болмысын айқындай түседі. Сондықтан, бұл Ата заң – азаматтарға нақты құқықтық кепілдіктер ұсынатын құжат қана емес, сонымен қатар, әр азаматқа оқыған сайын рух беретін Конституция екен.

Бұдан бөлек, Ерлан Қарин жаңа Конституцияның ең маңызды ерекшелігінің біріне арнайы тоқталып, жаңа Ата заңның басынан бастап тұңғыш рет қазақ тілінде – мемлекеттік тілде әзірленгеніне көпшіліктің назарын аударды.

«Бізде мемлекеттік тіл – біреу, жалғыз. Ол – қазақ тілі. Басқа мемлекеттік тіл жоқ. Жаңа Конституцияны әзірлеу үшін сырттан ешкім шақырылған жоқ. Бұл – өз азаматтарымыз, бүкіл ел болып талқылаған, әзірлеген Конституция. Яғни, мемлекеттік, елдік, ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған Конституция. Сондықтан бұл – барша халыққа сенім беретін Конституция», деді Мемлекеттік кеңесші.

Стратегиялық жаңашылдықтардың қатарына білім беру, ғылым, инновациялар, мәдениет пен өнердің басымдығын бекітуді жатқызуға болады. Сондай-ақ, алғаш рет Ата заң деңгейінде цифрлық кеңістікте дербес деректерді қорғау нормасы енгізілді. Бұл адам құқықтарын қорғаудың жаңа өлшемі мен елдің технологиялық дамуға деген ұмтылысын көрсетеді.

«Осындай стратегиялық басымдықтарды айқындай отырып, Қазақстан болашақта білімді, ғылым мен инновация жетістіктеріне сүйенетін азаматтар еліне айналуға, сондай-ақ технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуға деген ұмтылысын нақты білдіреді. Сондықтан бұл – ел дамуына жаңа серпін беретін Конституция», деді Мемлекеттік кеңесші.

Елеулі өзгерістер саяси жүйеге де қатысты болды. Бір палаталы Парламентті енгізу, Вице-Президент институтын қалыптастыру, Халық кеңесін құру, бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар үшін өкілеттік мерзімінің реттігін біреумен шектеу – мұның бәрі басқарудың заманауи әрі серпінді моделін қалыптастырып, бұрынғы саяси құрылымнан бас тартуды бекітеді.

Конституция – кемел келешек кепілі

Ерлан Қарин қолданыстағы Конституция Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында маңызды рөл атқарып, қол жеткізілген табыстардың берік іргетасына айналғанын атап өтті. Алайда қазіргі таңда әлем геосаяси, геоэкономикалық және технологиялық өзгерістермен сипатталатын жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл саяси жүйелерді жаңа сын-қатерлерге бейімдеуді талап етеді.

Соңғы жаңалықтар

Жұмыртқа мен сары май қымбаттаған: Жетісуда бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды

Аймақтар • Бүгін, 11:58

Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан 9 адам сотталды

Қылмыс • Бүгін, 11:44

Трамп АҚШ-тың климаттық нормаларына негіз болған құжаттың күшін жойды

Әлем • Бүгін, 11:33

Алматыда есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 11:19

Шет ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Аймақтар • Бүгін, 11:07

Патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды

Қоғам • Бүгін, 11:00

Баку – Тбилиси – Джейхан арқылы 110 мың тонна мұнай жөнелтіледі

Экономика • Бүгін, 10:50

Өткен жылы өндіріс 6,4%-ға артты: Қай салалар оң динамика көрсетті?

Қоғам • Бүгін, 10:40

Енді мұнай-газ құбырларын адам емес, дрон күзетеді

Энергетика • Бүгін, 10:38

Астана әуежайында Дубайдан олжалы оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды

Айбын • Бүгін, 10:32

Қызылордада бойжеткеннің соңынан қалмай, аңдыған өгей әкесі темір торға тоғытылды

Аймақтар • Бүгін, 10:20

13 ақпанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?

Ауа райы • Бүгін, 10:02

Жасанды интеллект ауаның ластануын алдын ала болжай ала ма?

Экология • Бүгін, 09:55

Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:47

Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды

Білім • Бүгін, 09:39

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Ақпан 2026 12:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары