Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Ел дамуының жаңа бағдарын айқындайтын Конституция Ерлан Қарин Ата Заңның басты ерекшелігін атады

Ел дамуының жаңа бағдарын айқындайтын Конституция Ерлан Қарин Ата Заңның басты ерекшелігін атады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Жаңа Конституция ел дамуының жаңа бағдарын айқындайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалиция «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» отырысында мәлімдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, құрамына барлық өңірлер мен түрлі салалардың өкілдері енген Конституциялық комиссия ашық форматта жұмыс істеді. Ол жаңа Конституция жобасы азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының ұсыныстарын жан-жақты талдау мен ашық талқылаулардың нәтижесі екенін жеткізді. Отырыстар тікелей эфирде өтті, әрбір бап пен норма егжей-тегжейлі талқыланып, азаматтардан түскен барлық ұсыныстар мұқият сараланды.

Өткен жылдың қазан айынан бастап e-Otinish және eGov платформалары арқылы конституциялық реформа мәселелері бойынша 2 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Жоба жарияланғаннан кейін азаматтар қосымша 10 мыңнан астам ұсыныс жолдаған. Ерлан Қариннің атап өтуінше, бұл құжатты шын мәнінде халықтық Конституция деп атауға толық негіз бар.

Жаңа Ата Заң жобасы 11 бөлім мен 96 баптан тұрады. Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, онда ел дамуының түбегейлі жаңа тәсілі бекітілген.

«Ең алдымен, Конституцияның өзегіне адам, оның құқықтары мен бостандықтары қойылған. Егер қолданыстағы редакция көбіне мемлекеттің мүддесі мен өкілеттіктерін айқындауға бағытталса, жаңа нұсқа ел дамуындағы адами өлшемді енгізеді. II бөлім – «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» осы салаға толық арналды, ал дамудың стратегиялық негізі ретінде адами капитал – азаматтардың білімі, қабілеті мен еңбегі жарияланды», – деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші.

Өз сөзінде Ерлан Қарин жаңа Ата Заңның қарапайым адамдардың мүддесіне бағытталғанының дәлелі ретінде қолданыстағы және жаңа құжаттардағы «адам» сөзінің кездесу жиілігін де мысалға келтірді. Бір қызығы, жаңа Конституция жобасында «адам» сөзі 53 рет қолданылған, ал 1995 жылғы редакцияда бұл сөз 27 рет кездеседі екен.

«Себебі, мемлекеттің басты қазынасы да, тірегі де – оның азаматтары. Бұл жаңа Конституцияда нақты айқындалды. Сондықтан бұл – азаматтарға үміт беретін Конституция», – деді ол.

Ерлан Қариннің айтуынша, екінші маңызды бағыт – мемлекеттілікті нығайту. Әртүрлі баптарда Тәуелсіздік, Егемендік және Аумақтық тұтастық қағидаттары көрініс тауып, жан-жақты ашылған. Мәселен, «Конституциялық құрылыс негіздері» бөлімінің 3-бабында мемлекет қызметіндегі басты қағидат ретінде Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау тікелей бекітілген.

«Бұл Мемлекет басшысының кең таралған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген сөзімен толық үндеседі. Сондықтан  бұл – елге қорған болатын Конституция», – деді Ерлан Қарин.

Үшінші аспект ретінде Мемлекеттік кеңесші ұлттық бірегейлікті күшейтуді атады. Преамбулада Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы туралы тұжырым бекітілген. Бұл, оның айтуынша, мемлекеттің тарихи тамыры мен төл болмысын айқындай түседі. Сондықтан бұл Ата Заң – азаматтарға нақты құқықтық кепілдіктер ұсынатын құжат қана емес, сонымен қатар  әр азаматқа оқыған сайын рух беретін Конституция екен.

Бұдан бөлек, Ерлан Қарин жаңа Конституцияның ең маңызды ерекшелігінің біріне арнайы тоқталып, жаңа Ата Заңның басынан бастап тұңғыш рет қазақ тілінде – мемлекеттік тілде әзірленгеніне көпшіліктің назарын аударды.

«Бізде мемлекеттік тіл – біреу, жалғыз. Ол – қазақ тілі. Басқа мемлекеттік тіл жоқ. Жаңа Конституцияны әзірлеу үшін сырттан ешкім шақырылған жоқ. Бұл – өз азаматтарымыз, бүкіл ел болып талқылаған, әзірлеген Конституция. Яғни, мемлекеттік, елдік, ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған Конституция. Сондықтан  бұл – барша халыққа сенім беретін Конституция», – деді Мемлекеттік кеңесші.

Стратегиялық жаңашылдықтардың қатарына білім беру, ғылым, инновациялар, мәдениет пен өнердің басымдығын бекітуді жатқызуға болады. Сондай-ақ  алғаш рет Ата Заң деңгейінде цифрлық кеңістікте дербес деректерді қорғау нормасы енгізілді. Бұл адам құқықтарын қорғаудың жаңа өлшемі мен елдің технологиялық дамуға деген ұмтылысын көрсетеді.

«Осындай стратегиялық басымдықтарды айқындай отырып, Қазақстан болашақта білімді, ғылым мен инновация жетістіктеріне сүйенетін азаматтар еліне айналуға, сондай-ақ технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуға деген ұмтылысын нақты білдіреді. Сондықтан бұл – ел дамуына жаңа серпін беретін Конституция», – деді Мемлекеттік кеңесші.

Елеулі өзгерістер саяси жүйеге де қатысты болды. Бір палаталы Парламентті енгізу, Вице-Президент институтын қалыптастыру, Халық кеңесін құру, бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар үшін өкілеттік мерзімінің реттігін біреумен шектеу – мұның бәрі басқарудың заманауи әрі серпінді моделін қалыптастырып, бұрынғы саяси құрылымнан бас тартуды бекітеді.

Ерлан Қарин қолданыстағы Конституция Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында маңызды рөл атқарып, қол жеткізілген табыстардың берік іргетасына айналғанын атап өтті. Алайда қазіргі таңда әлем геосаяси, геоэкономикалық және технологиялық өзгерістермен сипатталатын жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл саяси жүйелерді жаңа сын-қатерлерге бейімдеуді талап етеді.

Оның айтуынша, жаңа Конституция елдің тарихи дамуында жаңа кезеңді ашып, мемлекеттің одан әрі ілгері дамуының берік негізіне айналады. Сондықтан бұл – ел дамуының жаңа бағдарын айқындайтын Конституция.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Ақпан 2026 11:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see120

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see120

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see119

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see118

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see117

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see116

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see113

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see113

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see113

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

11 Тамыз 2026 15:50see112

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see112

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see112

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see112

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see112

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see109

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

11 Тамыз 2026 14:27see109

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see109

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see109

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see107

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары