Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Жабық кабинетте емес, елдің көзінше жазылды : Ерлан Қарин жаңа Конституцияны әзірлеудің ерекшелігін атады

Жабық кабинетте емес, елдің көзінше жазылды : Ерлан Қарин жаңа Конституцияны әзірлеудің ерекшелігін атады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерімен бірге Ақтөбе жұртшылығымен кездескен Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Ата Заңның жобасы шын мәнінде халықтық құжат екенін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, Конституциялық комиссия о бастан ашық форматта жұмыс істеді. Әр отырыс тікелей эфирден көрсетілді. Қоғам тарапынан қойылған сұрақтарға, айтылған сын-пікірлерге әр отырыста не жауап, не түсініктеме беріліп отырды.

«Азаматтардың ұсыныстары жаңа Ата Заңда барынша ескеріліп, көрініс тапты. Сондықтан жаңа Конституцияны халықтық Конституция деп айтуға толық негіз бар. Бұның бәрін не үшін айтып отырмын. Кейбіреулер айтып жүргендей, жаңа Конституция 5-6 аптада емес, тіпті 1-2 айда да емес, былтырғы қыркүйектен бері 6 ай көлемінде, яғни жарты жыл бойы халықпен бірге жазылды», – деді ол.

Мемлекеттік кеңесші көптің көкейінде жүрген «Жаңа Конституцияны не үшін қабылдап жатыр? Қандай қажеттілік бар еді?» деген сұраққа да жауап берді.

«Ешкім де қазіргі қолданыстағы Конституцияның мемлекеттілікті қалыптастырудағы, тарихи дамуымыздағы маңызды рөлін, тигізген оң әсері мен ықпалын жоққа шығарғалы отырған жоқ. Керісінше, қазіргі Конституция осы уақыт аралығында еліміздің дамуына үлкен серпін берді. Осы күнге дейін қол жеткізген жетістіктерге негіз болды. Бірақ бұл Конституция Кеңестік кезеңнен енді ғана босап, Тәуелсіздігімізді енді ғана алып, мемлекеттік саяси институттарды енді ғана қалыптастырып, шет мемлекеттермен енді ғана қарым-қатынас орнатып жатқан елең-алаң шақта жазылып, қабылданды», – деді Қарин.

Ол атағандай, 1995 жылғы Конституция сол кездің терминологиялық аппаратымен, сол дәуірдің лексикасымен, сол уақыттың ұғымдарымен жазылды.

«Жаңа Конституцияны 130 адамнан тұратын комиссия жазды. Әр отырыс ашық форматта өтіп, тікелей эфирден көрсетілді. Жұртшылықтың e-Otinish және eGov платформалары арқылы жолдаған ұсыныс-тілектері барынша ескерілді. Жаңа Ата Заңды әзірлеуге сырттан қандай да бір маман, кеңесші шақырылған жоқ. Ал 1995 жылы қабылданған Ата Заңды бар болғаны 12 адамнан тұратын шағын ғана топ жазды. Оның 3-і – шетелден келген маман. 9-ы ғана өз азаматтарымыз еді. Олар қазіргідей тікелей эфирде ел алдына шығып, сарапшылар қауымдастығы мен қоғамдық ұйымдарды тартып ашық жұмыс істеген жоқ. Керісінше, кабинеттен шықпай, қоғаммен кең көлемде ақылдасып-кеңеспей, жабық жағдайда жұмыс істеді», – деп атап өтті ол.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, жаңа Конституция – енді мемлекеттілігі орныққан, халықаралық кеңістіктегі беделі қалыптасқан, тарихи тамырын айқындаған, ғылым мен инновацияға арқа сүйеген Қазақстанның жаңа Ата Заңы. Қазақстан жаңа Конституцияны қабылдау арқылы тарихтың жаңа кезеңіне, дамудың жаңа деңгейіне өтеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 16:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see123

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары