Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ата заңның жаңа жобасы таныстырылды

Ата заңның жаңа жобасы таныстырылды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Кеше Астанада Консти­туциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда Консти­туцияның жаңа жобасы қаралды. Оны дайындау кезінде кейінгі жарты жылға жуық уақытта азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, саяси партиялар мен сарапшылардан келіп түскен ұсыныстар, сондай-ақ комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескерілген.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Қазақстан – унитарлы мемлекет

Жобаны таныстырған Конс­титуция­лық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұ­ха­новтың айтуынша, жаңа Конс­титуция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. «Негізгі заңның преамбуласы толығымен жаңарды. Онда еліміздің өтке­нін дәріптейтін, бүгіні мен бо­ла­шағына бағдар болатын жалпы­ұлттық құндылықтар көрі­ніс тапты», деді ол.

Б.Нұрмұханов адам капиталын, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық ба­ғы­ты ретінде танылғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл жаңа­шылдықтар жан-жақты талқы­ланып, баршаның қолда­нуына ие болды.

Ата заңның жобасында елі­міздің мемлекеттік ұйымдас­тырылуын ай­қын­дайтын, еге­мендігі мен дербес­тігін нығай­татын іргелі ережелер қарас­тырылды. Конституциялық сот төраға­сының орынбасары атал­ған ережелер «Конституция­­лық құрылыстың негіз­дері» атты бірінші бөлімге енгізілгенін атап өтті.

«Құжатқа сәйкес, Қазақстан Респуб­ликасы – унитарлы мем­лекет. Басқа­ру нысаны – прези­денттік республика деп тұжы­рым­далды. Осылайша, бұрын бір­­қатар ғалымдар мен маман­дар­дың бас­қару нысанын нақ­ты­лау қажеттігі туралы ұсынысы жүзе­ге асты», деді Б.Нұрмұханов.

Бұл ретте комиссия мүшесі­нің айтуынша, еліміздің әкімші­лік-аумақтық құрылысын қа­тар­дағы заңмен емес, конститу­ция­­лық заңмен айқындау ұсы­ныл­ған. «Егемендік пен Тәуелсіз­­дік, уни­тарлық, аумақтық тұ­тас­тық, рес­пуб­­ли­каның бас­қару нысаны ешқашан өз­гер­мей­тін құн­дылықтар қатарына жат­қы­зылды. Бұл мызғымас талап Конс­­ти­ту­цияның алғаш­қы нор­ма­ларында бекітілді», деді Конс­ти­туциялық сот төраға­сының орынбасары.

Сонымен бірге спикер ко­миссияның алдыңғы отырысында егемендіктің иесі – халық екенін конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныс жасалғанын еске салды. «Бұл идея Конституция мәтінінде көрініс тапты. 4-бапта мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы мен егемендік иесі – Қазақстан халқы, деп шегеленіп жазылды», деді Б.Нұрмұханов.

Оның айтуынша, Конституция мәтінінде «республикалық референдум» ұғымы «жалпыхалықтық референдум» деп өзгертілді. Бұған қоса, халық билікті жалпы­халықтық референдум және еркін сайлау арқылы тікелей жүргізеді және өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді, деген норма тұжырымдалды. 

Халық кеңесі ел мүддесін білдіреді

Бір палаталы Парламент үлгісі мен мемлекеттік органдардың жаңартылған жүйесіне арналған ережелер жаңа Конс­титуция жобасының бірнеше бөліміне енгізілді. Конституциялық сот төрағасы орынбасарының айтуынша, бір палаталы Парламент моделіне арналған нормалар төр­тінші – «Құрылтай» деген бөлімде жинақталды. Онда заң шығару органының өкі­лет­тіктері бекітіліп, Құрыл­тай­дың сессия­лары мен оның қыз­метін ұйымдастыруға қатыс­ты баптар­дың барлығы дерлік жаңартылды.

«Заң шығару бастамасы құқығына ие субъектілердің қатары анықталды. Құрылтай заң қабылдау арқылы реттеле­тін аса маңызды қоғамдық қатынастардың тізбесі берілді. Заң жобаларын қарау мен қабылдаудың рәсімдері көзделді. Құрылтай төрағасының лауазымына қатысты мәселелер жеке бапта реттелді», деп атап өтті Б.Нұрмұханов.

Конституция жобасының бесін­ші бөлімі «Үкіметке» арна­лып отыр. «Бір палаталы Құ­рылтайға көшуге байла­ныс­ты көптеген ереже нақтылан­ды. Олар Үкімет пен оның мүше­лерінің Құрылтай алдындағы жауаптылығы мен есеп беру, сенімсіздік вотумын білдіру, Құ­рылтайға заң жобаларын енгізу, республикалық бюджет пен оның атқарылуы туралы есеп беру мәселелеріне байланысты болып отыр», деді спикер.

Б.Нұрмұхановтың сөзінше, екі баптан тұратын алтыншы бөлім Қазақстан Халық кеңесіне қатысты мәселелерді реттейді. «Құрамына ел азаматтары кіретін бұл жоғары консультативтік орган Қазақстан халқының мүддесін білдіреді. Оның Құрылтайға заң жобаларын енгізу, республикалық референдум тағайындау туралы ұсынысқа бас­тама жасау мен басқа да маңызды өкілет­тіктері белгіленді», деп атап өтті ол.

Жетінші бөлімде – «Консти­туциялық сотқа» қатысты нормалар шоғыр­лан­дырылған. Б.Нұрмұханов Консти­туция­лық сот құрамына, судьялардың өкілеттік мерзімдері мен құзы­рына қатыс­ты нормалар негізінен сақталғандығын мәлімдеді.

Осы орайда Конституция­лық сот­тың конституциялық бақы­лау жүргі­зе­тін және бүкіл ел аумағында Консти­туцияның үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган ретіндегі миссиясы белгіленді. 

Құқық үстемдігін қамтамасыз етеді

Одан әрі Конституциялық сот төрағасының орынбасары Б.Нұрмұханов жаңа Конституция жобасындағы сот төрелігі жүйесіне, жергілікті басқару мен Негізгі заңға өзгерістер енгізу тәрті­бі туралы баяндады. Оның айтуынша, Конституцияның сегізінші бөлімі – «Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері» аясында сот төрелігінің конституциялық қағидаттары айтарлықтай күшейтілген.

Сот ісін жүргізу нысанда­ры­ның қатары артты, судья­лар­дың тәуелсіздігі нығай­ды. сот жүйесінің кадр мәселе­лері шешілді. Сондай-ақ адвока­тураның құқықтық мәртебесі алғаш рет Консти­туцияда нақты бекітілді. «Бұл – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін арттыруға, сондай-ақ қоғамның сот жүйесіне деген сенімін күшейтуге бағытталған маңызды қадам», деп атап өтті Б.Нұрмұханов.

Сонымен қатар ол Конс­ти­туцияның жергілікті мемле­кеттік басқару мен өзін-өзі бас­қа­ру мәселелеріне арналған тоғы­зыншы бөлімі Құрылтайдың құры­луы мен елімізде жүргізіліп жатқан әкім­шілік реформаны ескере отырып қайта қарал­ғанын айтты. Бірқа­тар норма нақтыланып, мемлекеттік бас­қа­ру­­дың жаңа жағдайларына бейімдел­ген. «Бұл бө­лімнің жаңар­тылуы мем­лекет пен қо­ғамның жергілікті деңгейдегі өзара іс-қимылын тиімді етуге деген ұмты­лысты көрсетеді», деп нақтылады Консти­ту­ция­лық сот төрағасының орын­басары.

Бұған қоса, Б.Нұрмұханов Консти­туцияда жаңа, оныншы бөлімнің пайда болғанына назар аударды. Бұл бөлім Негізгі заңға өзгерістер мен толық­тырулар енгізу тәртібіне арналады. Сондай-ақ ол «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын он бірінші бөлімнің мазмұнына тоқталды.

Атап айтқанда, бұдан былай Консти­туцияға өзгерістер Президенттің шешімімен және тек жалпыхалықтық референдум арқылы ғана енгізіледі. Сонымен бірге референдум өткізу бастамасын көтеретін субъектілер қатарына Халық кеңесін қосуды көздейтін норма қарастырылған.

Конституцияның жаңа жобасы қоғам мен мемлекеттің дамуындағы стратегиялық мін­деттерге жауап береді әрі Қазақстан мемлекеттілігінің негіздерін нығайтуға бағытталған. Б.Нұрмұханов жобада ұсыныл­ған жаңашылдықтар елімізде қалыптасқан мемлекеттіліктің конституциялық негіздерін күшейте отырып, қайта бекіте­тінін, адам құқықтары мен Конституция негізінде құқық үстемдігін қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар жасайтынын жеткізді.

Сондай-ақ Конституция жобасындағы ережелер «Күшті Президент – Ықпалды Пар­ламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының логикасына сай ке­летінін, елдің одан әрі дамуы үшін мызғымас инсти­туционалдық негіз қалып­тастыратынын атап өтті. «Конс­титуция жобасына енгізілген ережелер қоғам мен мемлекет эволюциясының жаңа бір кезеңін ашуға негіз қалайды», деді ол. Сонымен бірге Б.Нұрмұханов Конституциялық комиссия мүшеле­рінің, сондай-ақ белсенді азаматтар мен ұйымдардың ұсы­нымдары әрі қарай жұмыс барысында да құнды азық болатынын жеткізді. 

Адамға бағытталған мемлекеттік модель

Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова Конституциялық комис­сияның жұмысы ашық әрі маз­мұнды түрде жүріп жатқанын атап өте келе, жаңа Конституция жобасының мәтіні «Egemen Qazaqstan» мен «Казах­станская правда» газеттерінде, сондай-ақ Конституциялық соттың ресми сайтында жарияланатынын мәлім етті.

Ол комиссия жұмысына билік­тің заң шығарушы, атқарушы, сот тармағы, сондай-ақ ғылыми қауым­дастық, азамат­тық сектор мен медиа өкілдерінен тұра­тын 130 адам жұмылдырылғанын айтты.

«Жаңа Конституцияның негізінде адамға бағытталған мемлекеттік модель көзделген. Онда адам, оның құқық­тары, бостандықтары мен қадір-қа­сиеті ең жоғары құндылық әрі мемле­кеттік саясаттың басты бағдары ретін­де танылған. Халықтың дәстүрлі құнды­лық­тармен, тарихи тәжірибесімен, әділет­тілік, жауапкершілік, қоғамдық бірлік туралы түсініктермен тығыз байланысты қағидалар көрініс тапқан», деді Конституциялық сот төрағасы.

Айта кетейік, ұсынылған жаңартулар­дың ауқымын ескере отырып, комиссия мүшелерінің көпшілігі құжатты енді тек түзе­тулер пакеті ретінде қарастыруға болмайды деп санаған болатын. Президент бұл ұстанымды қолдап, бүкілхалықтық талқылау үшін жобаны жариялауды жақтады. 

Соңғы жаңалықтар

24 отбасы қоныстойын тойлады

Қоғам • Бүгін, 08:20

Адамды алмастырмайды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Тұлғатанудағы ерекше туынды

Басылым • Бүгін, 08:10

Барқында тұқым жинау басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Ажырасу тіркелмеген аудан

Аймақтар • Бүгін, 08:02

Америкада білім алу мүмкіндігі

Білім • Бүгін, 08:00

Аида Балаева кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартуды тапсырды

Үкімет • Кеше

Оқушылар өмірдің өзін сахналады

Мектеп • Кеше

Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды

Инвестиция • Кеше

Президент: Жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешімді халық референдумда қабылдайды

Президент • Кеше

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды

Қоғам • Кеше

Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады?

Ата заң • Кеше

Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді

Аймақтар • Кеше

Елордада оқушылар арасында әдеби байқау өтті

Елорда • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 09:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары