Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Жоспардан кешіккен жөндеу

Жоспардан кешіккен жөндеу

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Атырау облысында да биыл 6 мектеп ашылады. Тағы бір мектеп қазанда пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жалпы, 2026-2027 оқу жылында Атырау облысында 155,5 мың оқушы білім алады. Бүгінде облыста 210 мектеп жұмыс істеп жатыр. Бір қарағанда бәрі жақсы сияқты. Бірақ облыста құрылысы немесе жөндеуі кешіккен мектептер, үш ауысымды оқу проблемасы әлі де шешілмей отыр. 

Атырау облысы әкімі Болат Ақ­шолақовтың айтуынша, 1 қыр­күйек күні пайдалануға берілетін 6 мек­тептің жалпы сыйымдылығы 3 580 орынға шақталған. Олардың қатарында Атырау қаласындағы Драма театры ауданындағы 2 000 орындық мектеп, «Көктем-2» ша­ғынауданы мен Еркінқала-2 ауы­лындағы 600 орындық мек­теп­тер, Дамбы ауылындағы 300 орын­дық мектеп, Қызылқоға ау­­­данының Жамансор ауылын­да­ғы 80 орындық мектеп-интер­на­ты бар. Бұған қоса, биылғы қа­занда Индер ауданының Есбол ауылында салынып жатқан 320 орындық орта мектеп ашылады деп жоспарланған.

Дегенмен мұнайлы өңірде әлі күн­ге дейін үш ауысымды оқыту мен апатты жағдайдағы мек­теп­тер­дің мәселесі өзекті күйінде қа­лып отыр. Алдыңғы оқу жы­лын­­да Атыраудың бес мектебі үш ауы­сымды режимде білім берген еді. Алайда жаңа нысандар ашыл­ғасын да үш ауысымды мектеп мә­селесі толық шешілмейді. Биыл­­­­ғы оқу жылында да әлі үш мек­теп сол қалпы білім беруін жалғастырады.

«Облыста жеті апатты мектеп бар. Оның біреуі – Индер ауда­нын­дағы Қ.Есқалиев атындағы мек­тептің дайындығы 95%-дай, ны­санды биыл пайлалануға бере­міз деп отырмыз. Тағы бес мек­теп­тің құрылысы жүріп жатыр, ал бір­еуінің жобалық-сметалық құ­жаттамасы дайындалуда. Жұ­мыс­тың барлығын 2027 жылғы та­мызға дейін аяқтау көзделген. Нә­тижесінде, облыстағы үш ауы­сым­ды оқыту мен апатты білім беру нысандарының мәселесі то­лы­ғымен шешімін табады», – деді облыс әкімі Болат Ақшо­ла­қов. 

Демек, балаларға тағы бір жыл шыдай тұруға тура келеді де­ген сөз. Жергілікті тұрғындар ара­сында «Атырау күндердің кү­нін­де вахталық қалашыққа айна­лады» деген пікір желдей есіп жүр­генімен, Атырауда соңғы жыл­д­ары халық саны көбейіп ке­леді. Бұл жағдайға демогра­фия­лық өсіммен бірге, көшіп келу­ші­лер қатарының көбеюі де әсер етіп отыр.

Сөзіміз дәлелді болу үшін нақ­ты деректі алға тар­тайық. 2026 жылдың шілде айын­дағы мәліметке сәйкес, облыс хал­қының саны 718 250 адамға жет­кен. Және бір қызығы, тұр­ғын­дардың басым бөлігі қалалық жерде шоғырланған.

Ұлттық статистика бюро­сы­ның Атырау облысы бойынша де­п­артаменті басшысы Нұржан Құмарғалиевтің айтуынша, қазір қалалық жерде 393 727 адам, ал ауыл­дық жерлерде 324 523 адам тұ­рады. Яғни өңір халқының 54,8 пайызы қалада, 45,2 пайы­зы ауыл­да өмір сүреді. Мұны неге айтып отыр­мыз? Халық көбейген сайын азық-түлікке, тұрғын үй, жаңа жұ­мыс орындарына ғана емес, ба­лабақша, мектепке дейін­гі ұйым­дар мен мектепке сұраныс ар­тады. Атыраудың әлі күнге дейін мектептерге қатысты проб­ле­малық мәселелерді, сұра­ныс­тар­ды толық жаба алмай отыр­ға­ны­ның бір себебі осында. Сон­дық­тан мамандар білім инфра­құры­лымын жоспарлау тек қазір­гі қажеттілікке емес, демогра­фия­­лық болжамға негізделуі тиіс еке­нін айтады.

Қазір ата-аналарды алаң­да­тып отырған бірнеше мәселе бар. Со­ның бірі – облыстағы Жол­дас­қали Досмұхамедов атындағы об­лыстық лицей мектептің ғи­мара­ты. Балаларды 7-сыныптан бастап арнайы емтихан арқылы қабылдайтын бұл мектеп физика-математика, химия-математика бағытында білім береді. Шәкірт­тері түрлі олимпиадаларда топ жа­рып, 10-сыныпта-ақ білім гран­тын жеңіп алып жүрген мек­теп ғимараты жаңа оқу жылына дайын емес. Шамамен осыдан 2 ай бұрын тосыннан өрт шыққандықтан бірінші қыркүйекте шә­кірт­­терін қабылдай алмайды.  Амал­сыздан ба­ла­ларды басқа ғи­­­маратта оқытуға мә­жбүр болып отыр. 

– Осы мектепке балаларымыз ке­зінде арнайы емтиханмен өтті. Бі­лім сапасына сөзіміз жоқ. Мек­тептің уақытша жаңа ғимараты ту­ралы ақпаратты естіп, уайым­дап отырмыз. Қаланың бір шеті­нен уақытша ғимарат алған, оның орналасу локациясы біз үшін ыңғайсыз әрі алыс. Сабақ бас­талған уақытта қалада көлік кептелісі күшейіп, жол қатынасы қиындайды. Менің үйімде жеке көлік жоқ. Немеремді автобуспен жібере алмаймын, біріншіден, са­баққа кешігеді, екіншіден, жаңа локацияға үйренбеген. Ал такси құны барып келуіне 4000 теңге шығарып тұр. Асханада іше­тін тамағына кемінде 1000 тең­ге керек десек, күніне бір бала үшін 5000 жұмсау аз ақша емес, бұл – аптаға 35 мың теңге такси мен тамаққа кетеді деген сөз. Мек­­­­тебіміз ең болмағанда бірінші тоқсан біткенше жөнделсе екен. Жа­нымызды шүберекке түйіп ба­­ла деп отырғанда, мектептің қа­л­аның түбіне қоныс аударуы қиын болып тұр, – дейді немере­сіне алаңдаған Талжібек Қажы­ғали.

Ал ата-аналардың ендігі бір то­бы қолданыстағы мектептердің ма­териалдық-техникалық база­сы­на алаңдаулы. Бұл мәселе Аты­рау қаласындағы №8 мектепке қатысты болып отыр. Өтешқали Атамбаев атындағы №8 орта мек­теп күрделі жөндеуден өткенімен, оның материалдық-техникалық базасын толық жаңармаған.

Ата-аналар бірқатар маман­дан­дырылған кабинеттердің, зерт­ханалық құралдардың және оқу жабдықтарының жеткіліксіз еке­нін айтып отыр.

Олардың мәліметінше, фи­зика мен химия пәндері бойынша зертханалық жұмыстарды толық­қанды өткізуге қажетті құралдар мен реактивтер жетіспейді. Еңбек пәніне қажетті жабдықтар да жоқ.

Сондай-ақ ата-аналар STEM кабинеттері мен бірқатар пәндер бойынша мамандандырылған ка­бинеттерді жабдықтау, кітап­хана қорын жаңарту, жиһаздарды ауыстыру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ар­нал­ған жағдайды жақсарту қажет деп есептейді. Атырау облысының бас мұғалімі Марат Әбуов бұл мә­селеден хабардар екенін айтты.

– Қазіргі уақытта мектептің қа­­­­жеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 187,1 млн теңге көлемінде бюджеттік өті­нім берілді, – деді ол.

Алайда бұл қаржының бөлінуі әзір­ге бюджет процесіне байла­ныс­ты. Білім басқармасы облыс бюд­жетінің кіріс бөлігінің бол­жа­мы орындалмауына байланысты 2026 жылғы бюджетті нақтылау бойынша мәслихат сессиясы әлі өткізілмегенін хабарлады. Шыны керек, Атырау облысы қазіргі уақытта Қазақстан бойынша ма­териалдық базаны жақсартудың қар­жыландыру мәселесі шешіл­ме­ген аутсайдер облыстардың қа­тарына ­кіріп  отыр. Бұл – Үкіметтің селекторлық отыры­сын­да айтыл­ған ресми мәлімет.

Білім беру инфрақұры­лы­мын жаңарту бағытында­ғы жұмыстар Атыраумен ғана шек­телмейді. Республикалық дең­гейде жаңа оқу жылына дейін фи­зика, химия, биология және ро­бототехника бойынша 500 пән­дік кабинетті сатып алу жос­парланған. Жыл соңына дейін олардың саны 1,4 мыңнан асуға тиіс.

Бұл қазіргі мектепке қойыла­тын талаптың өзгергенін көрсете­ді. Бұрын негізгі мәселе «мектеп­ке орын жетеді ме?» деген сұрақ бол­са, бүгінде оған «сол мектепте са­палы білім алуға жағдай бар ма?» деген сұрақ қосылып отыр.

Атыраудың тәжірибесі осы екі мәселенің қатар жүруі керек­ті­гін көрсетеді. Бір жағынан, жаңа мек­теп­тер салынып, үш ауы­сым қыс­қарып келеді. Екінші жағынан, бұрыннан жұмыс істеп тұрған мек­тептердің материалдық база­сын жаңарту қажет.

Облыс әкімі Болат Ақшола­қов­тың мәліметінше, өңірдегі же­ті апатты мектеп мәселесін 2027 жылғы тамызға дейін шешу жо­с­парланған. Алайда оның орын­далуы жаңа ғимараттардың уа­қытында тапсырылуына ғана емес, оқушы санының өсуіне, мек­тептерді педагогтермен қам­та­­масыз етуге және жаңа нысан­дар­ды толық жабдықтауға да байланысты.

Білім – ең алдымен ұрпақ тәрбиесі, ал саналы, бі­лім­ді ұрпақ – болашаққа салы­н­ған инвестиция екені белгілі. Сон­дықтан жаңа мектептер зама­науи зертханалармен, STEM жә­не робототехника кабинетт­е­рі­мен, спорттық және инклюзивті инф­рақұрылыммен жабдықталса, ал қолданыстағы мектептер мұн­дай базадан айырылса, білім са­пасындағы айырмашылық сақ­талуы мүмкін.

Демек, №8 мектепке қатысты ата-аналардың көтерген мәселесі осы үлкен процестің бір бөлігі ре­­тінде қаралуға тиіс. Атырау үшін бүгінгі міндет – оқушыға жай ғана мектептен орын табу емес, әр оқу­шы­ға сапалы білім алу­ға бірдей мүм­кіндік беру.

Жаңа мектептер үш ауысым мә­селесін азайтады. Ал қолда­ныс­тағы мектептерді жүйелі түр­де жаңарту – білім сапасының ке­лесі маңызды кезеңі. Айт­пақ­шы, Атыраудағы Еркінқала-2 ауы­лындағы мектеп мәселесін бұ­ған дейін біз көтердік. Жоспар бойынша осыдан бірнеше жыл бұ­рын пайдалануға берілуі тиіс мек­теп, құрылысы ұзаққа со­зылуы салдарынан биыл қыр­күйек­те ғана есігін ашқалы отыр. Дәл осы мектептің қабырғалары қол­данысқа берілмей жатып сө­гіліп жатқанын бұған дейін жаз­ған болатынбыз. Жаңа оқу жы­лын­да балаларды қабылдағалы отыр­ған бұл мектептің құрылыс са­пасы аз уақыт ішінде қан­ша­лық­ты өзгере қойғаны белгісіз. Оны енді уақыт көрсетеді. Бас­ты­сы, балалар қауіпсіз әрі заманауи ғимаратта сапалы білім алса дей­міз. 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА,

Атырау облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қыркүйек 2026 05:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see134

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see134

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see132

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see128

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see128

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see126

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see125

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see124

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see122

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see121

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see121

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see120

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see119

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see119

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see119

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары