Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Жанарға түскен салмақ

Жанарға түскен салмақ

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Офтальмологтарының айтуынша, қазір оқушылардың 70-80 пайызының көру қабілеті бұзылуы мүмкін, тіпті елдегі әрбір бесінші бала алыстан көре алмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпарынша, әлемде әр минут сайын 1 бала, 5 секунд сайын 1 ересек адам жанарын жоғалтады екен. Мұның бәрі – ауруды дер кезінде емдемей, асқындырудың салдары.

Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу инсти­тутының дерегі де бұл сөзімізге дәлел болып отыр. Институт зерттеуінше, миопия мектеп оқушылары арасындағы офтальмологиялық аурулардың тізімінде бірінші орында тұр. Қалалық мектептерде миопия көрсеткіші 30 пайызға жеткен. Мамандар балалар арасындағы көз ауруларына қатысты нақты орталықтандырылған статистика жоғын айтады, демек біз айтып отырған көрсеткіш бұдан да жоғары болуы әбден мүмкін. Офтальмологтар мұның басты себебі көзге шектен тыс салмақ түсіру деп отыр, олар балалардың көз жанарын сақтау үшін экран уақытын шектеуді ұсынады. 

30 мың бала динамикалық бақылауда

Өкініштісі, қазір елімізде көзі нашар көретін 17 жасқа дейінгі 3 мыңнан аса бала мүгедектікке тіркелген, ал оның 300-ге жуығы әлі 3 жасқа да тол­маған. Балалар арасында мүгедектікке, негізінен, көздің туабітті ақаулары, торқабықтың тұқым қуалайтын дистрофиялары, көру жүйкесінің, көздің тамырлы қабығы мен торқабығының аурулары, жоғары дәрежелі миопияның асқынған түрлері себеп болып отыр. Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің дерегінше, бүгінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда көздің тамырлы қабығы аурулары диагнозымен 2 мыңға жуық бала ем алған. 1 062 балаға – торқабық аурулары, 1 025 балаға – көру жүйкесінің аурулары, 1 016 балаға қабақ аурулары диагнозы қойылып, тиісті меди­циналық көмек алған. Сонымен қатар қылилығы бар 852 балаға ем-дом жасалған. Министрліктің мәліметінше, амбулаториялық деңгейде балалар арасында ең жиі кездесетін көз ауруларының қатарына миопия, қылилық, катаракта және глаукома жатады. Қазір 30 мыңға жуық бала ди­намикалық бақылауда, оның ішінде 25 193 бала­да рефракция және аккомодация бұзылыстары анықталған. Онымен қоса, миопия диагнозымен 18 211 бала есепке алынған екен. Сонымен қолда бар есепке қарағанда, бүгінде 50 мыңнан аса мектеп оқушысында көз аурулары анықталған. Былтыр көз ауруларына байланысты 388 830 бала медициналық көмек алған, жалпы 1,3 млн-нан аса балаға медициналық көмек көрсетіліпті. 

Телефонға тәуелділік ушықтырып тұр

ЮНИСЕФ қорының дерегінше, әлемде кәмелет жасына толмаған 2,4 млрд бала болса, соның 90 пайызында жеке смартфон бар. Бұл дегеніміз – олар уақытының көбін телефонға телмірумен өткізеді деген сөз. Телефоны жоқ балалар ата-анасының құрылғысына бақылаусыз қол жеткізе де алады. Ал бұл мәселені одан сайын ушықтырып тұр. Соның салдарынан көз көбіне жақын қашықтықтағы жұмысқа бейімделе бастайды, соңында балалардың ұзақ уақыт жақыннан жұмыс істеуі көз алмасының ұзаруына әсер етіп, миопия пайда болады. Дәрігерлердің айтуынша, 25-30 сантиметрден жақын қашықтықта ұзақ көру миопия қаупін 2,5 есеге арттырады екен. Медицина мамандары кез келген гаджет, телефон не компьютерді қолданған соң 20 минуттай міндетті түрде демалу керектігін айтады. Бұл көз тамыр­ларының босаңсуына мүмкіндік береді. 

Негізінен, дәрігерлер пікірінше, ата-ана экран уақытын шектеуден бөлек, балаларға гаджетті қалай дұрыс пайдалану керегін түсіндірген абзал. Мәселен, офтальмолог Ербол Сарымсақов көз саулығын сақтау үшін күнделікті таза ауа жұтып, серуендеп қайтудың маңызы жоғары болатынын айтады.

– Күніне екі сағаттан артық таза ауада сер­уендейтін балаларда көру қабілетінің төмендеуі 50-60 пайызға сирек кездеседі, себебі бұл кезде бала гаджеттен алыстап, көзі алысқа қарап, көз бұлшық еттері демалады, – дейді маман. 

Оның айтуынша, гаджетті толық алып қоюдан гөрі оны дұрыс пайдалану режимін қалыптастыру керек. Мысалы, 2 жасқа дейінгі балаларға телефон­ды мүлде бермеген дұрыс. 2-7 жас аралығында экран уақыты күніне бір сағаттан аспағаны жөн. 7-14 жаста гаджетті үзіліспен қолдану қажет. Ал 14 жастан кейін жарты сағат қарап, жарты сағат демалатын режимді ұстанса, көзге түсетін салмақ айтарлықтай азаятын көрінеді. 

Офтальмолог Алуа Талғатқызы да бала саулығына үнемі мән беру ата-ана міндеті екенін ескертіп, көру қабілетіне бейжай қарамауға шақырды. 

– Кішкентай балаларға ұзақ уақыт телефонға шұқшия қарап отыруына болмайды. Бала өсіп келе жатқанда, көз алмасы да өседі, мұндай кезде ұзақ уақыт телефонға қараудың кесірінен бұлшықет спаз­мы болуы мүмкін, содан кейін миопия пайда бола­ды. Ата-ана баласын қадағалап-қарау керек, мектепте түсіндірме жұмыстары өтуге тиіс, – дейді ол.

Дәрігердің айтуынша, дүниеге келген сәбидің көру қабілеті +3, 3,5 тіпті +5-ке дейін болады екен, мектеп жасына дейін көз алмасы өсіп, көрсеткіш төменге түседі. Егер осы кезде баланың күтіміне көңіл бөлмесе, көру қабілеті төмендеп, миопияға айналады. Ересектер жұмыс арасында үзіліс жасап, күтінсе, көп мәселе туындамайды. Ал миопия әдетте мектеп және университетте оқып жүрген кезде жиі байқалады екен. 

Сонымен қатар түнгі ұйқының бұзылысы, D дәрумені тапшылығы, табиғи жарықтың жеткіліксіз болуы да көру қабілетін нашарлатады. Телефонға тәуелділіктің әсерінен де елде 1-2 жасар балалар арасында көздің қылилануы көбейіп барады. Әдетте кейбір балалар көру қабілетінің нашар­лағанын ата-анасына айтса ұрсады деп ойлап, қорқып жүреді. Егер де қандай да бір шағымдар болса, уақыт создырмай дәрігерге бару қажет. Бұл асқынулар мен қауіп-қатердің алдын алуға көмектеседі.

Бұл мәселе әлемдік жағдайда алаңдатарлық күйде. 2050 жылға қарай бұл көз ауруының таралу деңгейі шамамен 40 пайызға жетуі мүмкін. Алдағы 10 жылда барлық адам көзілдірік тағады деген болжам шындыққа жанаса ма деп қорқатын күн туды. Ендігі бар амал, көз ауруын ауыздық­таудың жалғыз жолы – балаларды қадаға­лаусыз қалдырмау және уақытылы меди­циналық тексерілуден өтіп тұру.

Айсұлу СЪЕЗХАН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қыркүйек 2026 04:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see126

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see124

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see122

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see120

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары