Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Таласқа түскен таңдау

Таласқа түскен таңдау

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жұмыс күшін технология жау­ла­ған құбылмалы кезеңде бір ғана мамандық­пен шектеле алмайсың. Адамға екінші бір маман­дықты мең­геруге дипло­м­дағы кәсібінің қазірге қа­жет болмай қалуы мәж­бүр­лейді. Енді бір жағ­дай­да кей мамандарға сұра­ныс­тың, қолдаудың артуы себеп болуы мүмкін, бұған кейінгі жылдары мұға­лімдікке бет бұрғандар­дың көбейгенін мысал ету­ге болады. Іздене келе жаңа ма­мандық алудың екі жолы шығады, мұның бірі – екінші жоғары білім алу, екіншісі – магистратура. Осы тұста талапкер екеуінің қайсысы тиімді екенін білмей дағдаратыны бар.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Екінші мамандық неге керек?

Марат Ержанұлы – инженер-конструктор. Өз мамандығы бойынша құрылыс материалдарымен айналысатын компанияда жұмыс істейді. Құрылыс материалының қандай да бір жетіспей тұрған бөлшегін қолдан құйып немесе иіп жасауы үшін әрбір миллиметрін өлшеп, 3D моделін жасайды. Былайша айт­қанда, сұранысқа ие маман, өз ісінің шебері. Бірақ ол кейінгі кезде өзін мүлдем басқа салада көргісі келеді.

– Мен 3D бағдарламаларын мықты мең­герген маманмын. Қазіргі таңда техникалық салада құралдардың қажетті бөл­ше­гін сызумен, 3D моделін жасаумен шұғылданамын. Ал бос уақытымда анимациялық кейіп­керлердің 3D моделін сызамын, ол маған ерекше ұнайды. Тіпті ізденіп 3D аниматорлардың жұмысын да жіті қарап, зерттеп, бағдарламаларын меңгердім. Бір байқағаным – істеген жұмыстарым бірнеше кәсіби аниматордың көңі­лінен шықты, демек бұл саланы мең­гере аламын. Кенжелеп қалған отандық ани­мацияға кішігірім болса да үлесімді қоссам деймін. Десе де кәсіби білімнің орны бөлек. Сондықтан жаңа мамандыққа оқығым келеді. Әзірге қаржы жағын реттеуім керек, өйткені екінші жоғары білім алуға грант жоқ екен, – дейді М.Ержанұлы.

Ал екінші кейіпкеріміз – әріптесіміз, журналист. Атын ата­мауды сұраған ол журналис­тикада қызмет атқарған бірнеше жылда экономика, қаржы саласын жаза жүріп дәл осы есеп-қисап жағына қызыққанын айтады. Болашақта экономист болуды көздейді.

– Журналистикада жинаған тәжірибемді білікті экономист-сарапшы ретінде пайда­лан­ғым келеді. Кез келген салада өз ойын дәл, анық жазып, айтып, түсіндіре алатын мамандар аз. Соның ішінде экономикада тіпті саусақпен санарлық. Кейбірінің білімі терең болса да ойын дәл жеткізе алмайды, сондайда өзім аузына сөз салып беремін. Сөйтіп кәнігі экономист-сарапшыға айналдым, мақалаларымды оқыған экономистер анық түсіндіргенімді айтады. Маған кейде экономист дипломы ғана жетіспей тұрғандай көрінеді. Егер осы мамандыққа оқысам, қазіргі сарапшылардан да білікті болатыныма сене­мін. Жур­налистиканы бітірген дипломым­мен экономика мамандығына магистратураға тапсыруға болады, бірақ теориялық білімім жеткіліксіз болып түсе алмадым, тағы тапсырсам деймін, – дейді кейіпкеріміз.

Екі кейіпкердің пікірінен-ақ жаңа мамандық алудың қажеттілігін аңғаруға болады. Бірқатар артықшылығы тағы бар. Мәселен, жұмыс таңдау мүмкіндігінің аясы кеңейеді, бір мамандығыңыз бойынша жұмыс табылмаса, күнкөріс үшін екіншісін істей тұрасыз. Яғни әрқашан жұмысты ауыстыруға я қажет болғанда қосымша білімді пайдалануға болады. Басқаша айтқанда, екі мамандығы бар адам жұмыссыз қалмайды. Жалпы, қосымша мамандық жеке дамуға жетелейді, бұрынғы идеялар байытылып, жаңа мақсаттар бел­гіленеді.

Екі жолдың қайсысы дұрыс?

Жалпы, екінші мамандық туралы мәселе қайдан, неден шығады? Қызығушылықтың тұрақсыз­дығы ма, әлде мемлекет грантты қажетті мамандыққа бөлмей ме? Елімізде білім алушылардың басым бөлігі бакалавриат­та тегін оқиды, соған қарамастан, тағы бір мамандық алғысы келеді. Біреу екінші жоғары білім алу арқылы меңгеруді көздесе, енді біреуі магистратурада оқу арқылы игеруге ниетті. Енді осы екі жолдың қайсысы дұрыс?

Профориентолог, PhD Жадыра Тойбаева түйткілдің түйіні – әуелде мамандықты дұрыс таңдауда жатқанын айтады. Ал тиімдісін таңдау, оның ойынша, әр адамның жеке жағ­дайына байланысты.

– Айталық, кезінде информатика маман­дығын бакалавриатта оқығандар мектепте сабақ бергісі келгенімен, педагогикалық білімі болмаса, оған магистратурада информатика пәнінің мұғалімі мамандығын бейінді емес, ғылыми-педагогикалық бағытта оқығаны дұрыс. Сонда ол әрі педагогикалық білім алып, әрі екінші мамандыққа бейімделеді. Білімін жетілдіреді. Ал егер журналист қаржы немесе экономика саласына бейімделгісі келсе, онда оны бакалавриатта, яғни екінші жоғары білім ретінде алғаны жөн. Себебі бакалавриатта мамандықтың негізі, теориясы оқытылады. Ал магистратура – ғылыми бағыт, белгілі бір саланы меңгергеннен кейін әрі қарай жаңалық ашуды, тереңдете зерттеуді көздейтін кезең. Бұл жерде де сәйкес мамандықтар, болмаса тез меңгеруге болатын салалар бар. Сонымен қатар педагогика, медицина секілді күрделі бағыттар болады, ондайда бакалавриаттан қайта оқуға тура келеді, – деді ол.

Cарапшы Ж.Тойбаеваның пікірінше, екінші жоғары білім алу оңай емес. Өз мамандығыңызға мүлдем сәйкес келмейтін саланы меңгергіңіз келсе, қайтадан ҰБТ тапсырып, тағы 4 жыл оқуы­ңыз керек. Бакалавриатта бір мамандықта оқып, магис­тратурада соған «туыс емес» мамандыққа түсуге көп жағдайда мүмкіндік жоқ. Бұл әу баста оқушылар мамандық дұрыс таңдауы қажет дегенге саяды. Сондықтан да мек­тептерде профориентолог мамандар жұмыс істейді. Ал мамандық таңдаудан қателесу дегеніміз – елдің мәдениетін, әлеуетін, экономикасын дамытуға тежеу деген сөз. Өйткені мемлекет өзіне қажет мамандарды 4 жыл қаражат бөліп оқытады, ал олар тиісті салада жұмыс істемесе, грант өтелмесе, қаржы дұрыс игерілмеген болады.

– Магистратура әуелде ал­ған­ мамандығы бойынша өзін әрі қарай жетілдіруді көздей­тін ба­ғыт болуға тиіс. Ал тәжіри­беміз­ден байқағанымыз, жастар магистратураға түрлі мақсат­пен түседі. Бакалавриатты тегін оқы­ғандар кейін грантты жұмы­сы арқылы өтемеуі үшін магистра­тураға тапсырады. Енді бірі әскери борышын өтеуден қашып, тағы бірі стипендия алуды көздеп магистратураға түседі. Бір топ жай ата-анасы айтқандықтан, оқиды. Бұл да – еліміздегі магистратураға бөлінетін гранттың мақсатсыз жұмсалып жатқанының көрінісі, – деді профориентолог Ж.Тойбаева.

Тиімдісі қайсы?

Біз осы мақаланы әзірлеу барысында бірқатар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына арнайы бардық. Кейбіріне, яғни Астанадан басқа қалалардағы универ­ситеттердің қабылдау комиссиясымен телефон арқылы байланыстық. Алған ақпарат­тарымызға сүйеніп, қос таңдаудың қайсысы тиімді екенін талдап көрелік.

Қаржы тұрғысынан алғанда грантқа түскен тиімді, себебі стипендия алып оқиды. Мұндайда магистратура қолайлы. Екінші рет басқа мамандыққа қайтадан бакалавриатты тегін оқуға мүмкіндік жоқ, болған күннің өзінде бакалавриатқа қарағанда магистратураның стипендиясы жоғары. Негізінен екінші жоғары білім алу тегін емес. Десе де қызметкерлерінің кәсіби өсуіне мүдделі, соған жағдай жасайтын компаниялар да бар. Мысалы, елімізге белгілі құрылыс компаниясы (жарнама болмас үшін атын атамауды ұйғардық) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін­де бірінші мамандығы келмесе де құрылыста, ұжымда жұмыс істеп жүрген қызметкерлерін бакалавриатта 4 жыл бойы өз қаражатына оқытады. Бұған түсу үшін әңгімелесуден өту жеткілікті.

Магистратурада білім алу ғылыми-зерттеу гранттарына зерттеуші ретінде қатысуға да жол ашады, бұған бейінді магис­тратураны бітірсе болды. Осыған қоса магистр дәрежесін алғандар жоғары оқу орындары мен колледж­дерде дәріс оқуға мүмкіндігі бар. Алайда бұл үшін ғылыми-педагогикалық магистратураны бітіру қажет. Екі таңдаудың уақыт үнемдеу жағынан айырмашылығы аз, мәселен, екінші жоғары білімді де 2 жылда, магистр дәрежесін де 2 жылда алуға болады, тіпті бейіндік магис­тратураны 1,5 жылда бітіруге болады. Бірақ көп университетте екінші рет бакалавриатты 2 жыл оқуға мүмкіндік жоқ екен. Мұндайда қайтадан ҰБТ-ға дайындалып, сәтті тапсырып, 4 жыл бойы тағы оқу қажет. Бұл жолды ешкім қайталағысы келмейтін болар. Деген­мен бірнеше университет­те 2 жылда басқа маман­дыққа да­йындап шығатын мүмкіндік бар, сол себепті талапкер өзінің мақсатына қарай қалаған оқу орнына хабарласқаны жөн. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 09:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see163

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see151

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see151

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see149

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see147

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see143

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see137

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see133

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see128

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see124

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see123

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see122

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары