Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Бәйтерек кепілгер болады: ШОБ үшін банктен несие алу жеңілдейді

Бәйтерек кепілгер болады: ШОБ үшін банктен несие алу жеңілдейді

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Рустам Карагойшиннің айтуынша, 2025 жылы холдингтің барлық бағыт бойынша қаржыландыру көлемі жоспарланған 10 трлн теңгенің орнына 10,4 трлн теңгеге жеткен.

Өткен жылы:

77 ірі инвестициялық жоба қаржыландырылды;шағын және орта бизнестің 27,4 мың жобасына қолдау көрсетілді;131 экспорттаушы кәсіпорын қаржыландырылды;көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 7,2 мың ауыл шаруашылығы өндірушісі қолдау алды.

Сонымен қатар холдингтің көмегімен 77,5 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етілген.

"Бұл 2025 жылғы ішкі жалпы өнімнің өсіміне 1 пайыздық тармаққа дейін үлес қосуға мүмкіндік берді. 2026 жылы холдинг экономиканың нақты секторын қаржыландыру көлемін 8 трлн теңге деңгейінде сақтайды. Оның жартысынан астамы екінші деңгейлі банктер арқылы бағытталады. Банктерді қолдау көлемі былтырғы 3,1 трлн теңгеден 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды", – деді холдинг басшысы.

Оның сөзінше, холдингтің қолдауы нәтижесінде 2025 жылы 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 140 мыңнан астам жұмыс орны сақталған. Сондай-ақ бюджетке 596 млрд теңге көлемінде салық түсімі түскен.

Брифинг барысында холдингтің әкімдіктермен және салалық министрліктермен бірлесіп жұмыс істеу тетігіне де тоқталды. "Инвестицияға тапсырыс" қағидаты негізінде мемлекеттік органдар экономика қажеттілігіне сай жобалар пулын қалыптастырады. Оның ішінде ел үшін маңызды өндірістер, инфрақұрылымдық нысандар, жаңа технологиялар мен тар нарыққа бағытталған қызмет түрлері бар.

"Бұл жобалар Холдингтің қарауына ұсынылады. Сонымен қатар Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен екінші деңгейлі банктердің жобаларды қаржыландыруға қатысуын кеңейту бойынша алдын ала келісімге қол жеткізілді", – деп нақтылады спикер.

Рустам Карагойшин Үкімет кулуарында сөйлеген сөзінде бұл экожүйе аясындағы шағын және орта бизнесті қолдау тетіктері Холдинг тарапынан ұсынылатын барлық қаржылық құралдарды қамтитынын айтты.

"Негізгі мақсат – "Өрлеу", "Іскер Аймақ" және басқа да бағдарламалар аясында басым бағыттар бойынша қолжетімді несие беру жүйесін қалыптастыру. Қазіргі таңда біз "Өрлеу Лизинг" атты жаңа бағдарламаны іске қостық. Бұл – шағын және орта бизнес субъектілерінің басым бағыттардағы өндірістік қуаттарын жаңғыртуға арналған жоба. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге кепіл мүлкін ұзақ қарастырмай-ақ несие беруі үшін кепілдік тетігі ұсынылады. Себебі әр банктің кепілдік мүлікті бағалау талаптары әртүрлі. Біз осы процесті жеңілдету арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыруға қолайлы жағдай жасап отырмыз. Мәселен, 3,5 млрд теңгеге дейінгі несие бойынша кәсіпкерге 85 пайызға дейін кепілдік береміз. Жалпы қолдау көлемі 7 млрд теңгеге дейін жетеді", – деді "Бәйтерек" холдингінің басшысы.

Сондай-ақ оның айтуынша, "Іскер Аймақ" бағдарламасы аясында 200 млн теңгеге дейін субсидия беру көзделген.

"Бұл бағдарламаны әкімдіктермен бірлесіп әзірлеп жатырмыз және басымдықтар тікелей өңірлердің сұранысына қарай айқындалады. Яғни, әрбір әкімдік өз аймағында қай салаларды дамытуды қажет деп санаса, сол бағыттарға қолдау көрсетіледі. Қазіргі таңда негізгі басымдықтар қатарында өңдеу өнеркәсібі, IT саласы, қонақүй бизнесі, туризм және жаңа бағдарламалық өнімдерді әзірлеу бар. Негізінен өңдеу секторына ерекше көңіл бөлініп отыр. Оның ішінде азық-түлік өндірісі, ұн өнімдерін шығару, тері өңдеу секілді көптеген бағыт қамтылған. Жалпы, өңдеуші өнеркәсіпке қатысты экономикалық қызмет түрлерінің барлығы дерлік осы бағдарламаға енгізілген", – деді Рустам Карагойшин.

Жаңа инвестициялық миссияның ауқымы мен міндеттеріне сай Холдингтің қолданыстағы құрылымы да қайта жаңғыртылды. Инвестицияларға және салалық мамандандыруға басымдық беру арқылы ұйымдық модель күшейтілді.

Атап айтқанда, құрылымдық бөлімшелердің функцияларын қайта бөлу есебінен негізгі бағыттар бойынша салалық инвестициялық дирекциялар құрылды. Олар агроөнеркәсіп кешені, тамақ өнеркәсібі, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, энергетика, химия, инфрақұрылым, логистика, көлік, туризм және өзге де салаларды қамтиды.

Сонымен қатар тәуелсіз директорлардан құралған Инвестициялық кеңес жасақталды. Оның құрамына ірі жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар сарапшылар енген. Олар жобалардың өміршеңдігін бағалау, қаржыландыру құрылымын әзірлеу, ірі инвесторларды тарту және елдік маңызы бар жобаларды іріктеу жұмыстарымен айналысады.

"Агроөнеркәсіп кешенін мысалға алсақ, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа аясында іріктелген жобалар пулы ішкі нарықтың сыртқы жеткізілімдерге тәуелділігін едәуір төмендетіп, отандық агроөнеркәсіп өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, болжамды деректерге сәйкес, бұл жобаларды жүзеге асыру 2030 жылға дейін сүт пен ірімшік, құс еті, қант және жылыжай көкөністері бойынша импортты 100 пайызға дейін алмастыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар аталған жобалар ет өңдеу өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін арттырып, импортқа тәуелділікті 79 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді", – деді "Бәйтерек" холдингінің басшысы.

Сөз соңында Рустам Карагойшин 2026 жылы Холдинг экономиканың нақты секторын қаржыландыру көлемін 8 трлн теңге деңгейінде сақтайтынын атап өтті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Мамыр 2026 15:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары