Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тең түскен тартыс

Тең түскен тартыс

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Өз алаңымызда Бельгия құрамасымен тереземіз тең түсіп, топтық кезеңді 8 ұпаймен жаптық. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» демекші, футболшыларымыз бұл ойында жан беріп, жан алысты деуге болады. 

«Астана Арена» 28 мың жан­күйерге лық толып, нағыз футбол фес­тиваліне айналды. Ойынды Литвадан келген бас төреші Донатас Румшас бастаған қазылар алқасы басқарды.

Бельгияның ұлттық құрамасы әлемдегі үздік құрамалардың бірі екеніне сөз жоқ. «Манчестер сити», «Арсенал», «Астон Вилла» сынды мықты клубтардың жұлдызын жандырып жүрген Леандро Троссард, Жереми Доку, Амаду Онана сияқты ойыншылар үрейімізді ұшырғаны рас. Бельгия құрамасымен біз J тобында күш сынастық. Бельгия бізбен тең түскенімен, әлі де тур­нирлік кестеде бірінші орнын сақтап қалды. Келесі ойыны кестенің соңында тұрған Лихтенштейн құрамасымен болмақ.

Бұған дейін Ұлттық құрама сырт алаңда Бельгиядан 6:0 есебімен ойсырай жеңілген еді. Жалпы, екі құрама қазірге дейін 7 мәрте кезде­сіп, оның екеуінде тең нәтиже тір­келсе, қалғанында отандастары­мыз қарсыласына есе жіберген. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов баспасөз мәслихатында: «қарсылас өте мықты, бірақ матчқа нағыз бабында тұрған спортшыларымызды шығарамыз, өз ойнымызды көрсетеміз», – деді.

Бірінші тайм бастала салысы­мен «қызыл перілер» допты өз бақы­лауында ұстап шабуылға дайын екенін көрсетті. Алайда жігіттеріміз қателікке бой алдырған бельгиялық футболшылардан допты лезде қағып алып, қарсы шабуылға шығып отырды. Ә дегеннен матчтың 9 минутында Дастан Сәтпаев қарсыластың қателігін пайдаланып, құйындай жүгере қарсыластың қақпасына допты дәл тигізді. Бұл Дастанның құрама сапында соққан алғашқы голы еді. Дәл осы кезде стадион «Оооо, Дастан Сәтпаев!» деп шырқата жөнелді.

Үзіліске дейін қос тарап та бірқатар қауіпті сәттерді ұйымдас­тырды. Есепті теңестіруге асық бол­ған бельгиялықтар Темірлан Анарбековті әбден қыспаққа алып, қақпаны торуылдап жүріп алды.

Екінші таймның басында Ханс Ванакен жақын қашықтықтан баспен дәл соққы жасап, есепті теңестірді. Одан кейін бельгиялықтар бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдас­тырғанымен есепті еселей алмады. 79 минутта Ислам Чесноков Джере­ми Докуға аяғы тиіп кетіп, «қызыл қағаз» алып, алаң иелері азайып қалды. Соған қарамастан, Қазақстан қорғанысты ұстап, фаворитке қарсы тең нәтижені жұлып алды.

Футбол сарапшысы Есет Төлештің сөзінше, Ұлттық құрама бұл ойынмен мақтануы керек.

– Әрине, біз күтпеген нәтиже. Біздің құрама өз тарихында алғаш рет ФИФА рейтингінде топ-10 тізіміне енетін коман­дадан ұпай алып отыр. Қорғаныс арқылы ойнайтынымыз белгілі болған, бірақ қарымта шабуылдар қауіпті көрінді. Ойынды өзіне ала алатын жас буын өскені қуантады. Бұл Қазақстан құрамасы­ның мен көрген ең үздік бірінші таймы болды. Әдетте, ойынға бірден еніп кетуіміз қиын еді, бұл жолы ойын бастала сала шабуыл­ жаса­ғаны ұнады.

Сонымен бірге, бапкерлердің тактикалық шешімдері де ойынды өзгертуге үлес қосты. Жас ойыншы­ларға сенім арту, кейбір тәжірибелі футболшылардың рөлін тиімді пай­да­лану команданың жаңа дең­гейге көтерілгенін көрсетеді. Осылайша, команда тек қорғаныста емес, шабуылда да өз мүмкіндігін толық көрсете алды, – деді Есет Төлеш.

Жақсы қақпашы – жарты команда

Ойындағы қаһармандардың бірі Темірлан Анарбеков жайында айтпай кету әбестік болар еді. Ойын барысында 8 сейв жасап, өз қақпасына шаң жуытпады. Барша футболсүйер қауым Темірланның қайтарған доптарынан ләззат алып, керемет ойын өрнегінің куәсі болды. Тіпті, азулы қарсыласымыз матчтан соң Темірлан Анарбековке мақтау айтып, өнерін жоғары бағалады.

– Менің ойымша, Темірлан Анарбеков қазір Қазақстан ұлттық құрамасының нөмірі бірінші қақпашысы екенін дәлелдеп отыр. Ол өз деңгейін бұрын-ақ көрсетіп үл­герді. «Селтик», «Пафос», «Аста­на», «Интер», енді Бельгия құрамасы. Бәрі де мақтауға лайық болды. Расы­мен, өніп-өсемін десе, шетелдік клубқа ауысқаны жөн болар еді. Еуропаға кету үшін тәжірибе толыс­қаны қажет емес, сол жақта-ақ жи­найды. 

Біздің көршілер мен жақын елдер мысалы да дәлел: украиналық голкиперлер Андрей Лунин мен Анатолий Трубин жастайынан Еуропаға аттанды, ал көршіміз Өзбекстанның қорғаушысы Абдуходир Хусанов 21 жасында «Манчестер Сити» сапында өнер көрсетіп жүр. Сол себепті дәл қазір бабында тұрған шағында мүмкіндікті жіберіп алмау керек, – спорт коментаторы Дидар Есемов.

Бас бапкер ауыса ма?

Бапкер Талғат Маруаұлының тағдыры осы ойыннан кейін шешілуі әбден мүмкін болған. «Егер өткен турдағыдай жігіттер келісті ойын көрсетіп жатса, келісімшарт мерзімі ұзарады» деп жатты сарапшылар. Иә, Талғат Байсуфинов тізгінді қол­ға ұстағаннан бері Ұлттық құ­рама­мыз әлі жеңілістің дәмін татқан жоқ. Тіпті, «құраманы әуелден жат­тық­тыру керек еді» деп жатқан­дардың қарасы аз емес.

– Әрине, қазір Талғат Байсу­финовті ертерек қою керек еді деп айту оңай. Бірақ биыл жыл басында бұл жайында ешкім де ойламаған. Себебі ол бапкерліктен біраз алыстап қалған еді. Ал қазанда басқа бапкерлердің бос емесіне байла­нысты шақырту алды ғой. Құрамаға осыдан екі жыл бұрынғы атмосфера қайта келгендей. Расымен, таза қазақтілді, рухы бар команда қайта жиналғандай көрінеді. Үш матчта бес ұпай жинағаннан кейін ол қызметінде қалуы керек. Келесі циклді өз қолына ала алады деп ойлаймын, – деді Есет Төлеш.

Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Тал­ғат Байсуфинов Бельгиямен өткен матчты қорытындылады. Оның ай­туынша, біздің жігіттер сәтті ойын көрсетті.

– Цикл аяқталды. Тең түстік, бір ұпай алдық. Осы нәтижеге кө­ңіліміз толады. Өздеріңіз көрдіңіздер, ойын қандай болды. Бельгияға әлем чемпионатына шығу қажет. Сол се­бепті олар бізге үлкен қысым жа­сады. Жігіттерге алғыс айтамын. Соңына дейін шыдады, – дейді бас бапкер. 

Байсуфинов екінші таймда Ислам Чесноковтың алаңнан қуылған сәтіне де пікір білдіріп:

– Бұл эпизодты тағы да қарай­мыз. Біздің ойыншыға қарсы да ереже бұзылды. Бірақ төреші осын­дай шешім қабылдады. Македонияға қарсы матчта екі ұпай жоғалтқаны­мызға өкіндік. Бүгін осы нәтижеге лайық болдық деп ойлаймын. Біз чемпионатты аяқтаған әрі әлі ба­бын­да жүрген ойыншыларды са­­лыс­­тыра отырып шешім қабылда­дық, – деді.

Сондай-ақ бас бапкер көптің көкейінде жүрген сұраққа қызметінде қала ма, әлде жоқ па деген сұраққа жауап берді. 

– Мен қазақпын ғой. Ал Ұлттық құраманың аты – Ұлттық құрама. Менің қалғым келеді, бірақ алдымен Фарер аралдарымен ойнайық. Содан кейін басшылықпен бірге шешім қабылдаймыз. Көмегім қажет болса, әрдайым қолұшын созамын, – деп қорытындылады сөзін бас бапкер.

Әсет ҚАЛИ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 09:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары