Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Almaty Open: тартыс қыза түсті

Almaty Open: тартыс қыза түсті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл – ТМД бойынша ATP 250 деңгейіндегі жалғыз турнир. Биыл аталған спорттық іс-шара екінші мәрте Алматыда ұйымдастырылып отыр. Әлемдік деңгейдегі бәсекеде теннис кортына шығып, ел намысын қорғаған спортшылардың қатарында Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Әмір Омарханов, Денис Евсеев, Тимофей Скатов және Михаил Кукушкин бар. 

2020 жылдан бері елімізде дәс­түрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл турнир әлемнің озық спорт­шыларын бір алаңға тоғыстыру­мен ерекшеленеді. Мәселен, биылғы жарыста бақ сынайтын­дардың тізімінде дүниежүзілік рейтингте үздік отыздыққа кіретін ракеткалар да бар. Додаға әлемнің 10-ракеткасы, өткен жылғы тур­нир­дің чемпионы Карен Хачанов, Даниил Медведев (18-ракетка), Флавио Коболли (25-ракетка), Лучано Дардери (30-ракетка) және т.б спортшылар бой көрсетті.

Жарыс жолын жеңіспен бас­таған қазақстандық теннисші, әлемнің 91-ракеткасы Александр Шевченко алғашқы кездесуін сербиялық Ласло Джеремен өт­кіз­ді. Қарсылас спортшы қазір жаһандық тізімде 79-орында тұр. Алайда екі сағат алты минутқа созыл­ған тартысты ойын отанда­сы­мыздың пайдасына шешілді. Алайда Шевченко турнирдің екін­­ші айналымында франциялық Корентен Мутеге есе жіберіп, жар­ыс­ты аяқтады.

Осыған дейін Александр Шев­ченко ATP деңгейінде 45-орынға дейін көтерілгені есімізде. Спорт­шы турнир алдындағы баспасөз мәслихатында берген сұхбатында алда бұл көрсеткіштен де жоғары нәтижеге қол жеткізуге күш са­лат­­ынын жеткізді. 

– Біріншіден, теннисте сәт­ті­ліктің де орны бар. Әсіресе, өзіңе ыңғайлы жабындыда өтетін тур­нир­лерге қатыссаң, жеребең жеңіл түссе, қолайлы қарсыластар болса, демек көбірек ұпай жинауға мүмкіндік бар. Шынымды айтсам, үздік елу спортшының тізімінде тұр­ған кезең мен қазіргі ойын­ымды салыстырсам, айтарлық­тай үлкен айырмашылық көріп тұр­ған жоқпын. Мүмкін тәжіри­бем аз бол­ған шығар, бірақ әр доп үшін басымды тігіп, бар күшіммен ойнайтынмын. Мен өзімді үздік отыздыққа, тіпті жиырмалыққа ене алатын ойыншы деп санай­мын. Сол мақсатқа жету үшін еңбек ете беремін, – деді ол.

Спортшы Шанхайда өткен ойыннан кейінгі ұлттық құрама­ның көңіл күйі, командадағы ат­мосфера туралы да пікірін бөлісті. 

– Иә, шынын айтқанда, жеңіліс көңілге қатты тиді. Сол үшін жанкүйерлерден шын жү­рек­тен кешірім сұраймыз. Бірақ біз міндетті түрде бұл жағдайдан шығуға тырысамыз. Біздің құра­ма­ның әлеуеті қазіргі деңгейде тоқтап қалмауға тиіс. Сондықтан бәрін түзету үшін жұмыс істейміз. Жалпы, көңіл күй қалыпты, бірақ әрине, жеңілістен кейін бәрінің де еңсесі түсті. Себебі команда­дағы әрбір ойыншы жеңіске жету үшін барын салды, – деді А.Шевченко.

Биылғы қатысушылардың ара­сында әлемдік тізімдегі пози­циясымен оқ бойы озық тұрған спортшы – Карен Хачанов. Спорт­шы өз сөзінде Қазақстанға қайта оралғанына қуанышты екен­ін айтып, жанкүйерлерін сәтті ойынымен қайта қуантқысы келетінін жеткізді. Спортшы осы жолы да өткен жылғы жеңісін қай­та­лауға ниетті еді. 

– Қазір турнирді Алматыға көшіру арқылы теннис ойынын елдің әр өңіріне таратуға тырысып жатыр. Бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Былтыр ширек финал­дан кейін стадион лық толы бол­ды. Ең маңыздысы да сол, көрер­мен қызығушылығының жоғары болуы. Теннисте күтпеген жағдай­лар жиі кездеседі. Алматыдағы тур­нирде ойнау – мен үшін өте маң­ызды. Бұл – бойымдағы сен­ім­ділікті қайта қалпына келтіру мүм­кіндігі деп білемін. Себебі осыған дейін мұнда сәтті ойын көрсеткенмін. Ең бастысы – қол­ың­дағы бар мүмкіндікті уақы­тыл­ы пайдалану. Қалғаны өз нәтижесін береді, – деді теннисші.

Алайда Хачанов жарыстың екінші айналымында әлемнің 98-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруфқа жол беріп, екінші мәрте чемпион атану бұйыр­мады. 

– Мен бұл жолы қарсыла­сым­нан не күту керегін жақсы түсін­дім. Мұндай сәттерде бәрі өз ойын­ыңа, тактикаңа байланысты. Қарсыла­сымның ойыны туралы айтсақ, ол кейбір сәттерде менен қарағанда сәттірек ойнады. Матч тартысты әрі ауыр өтті. 2019 жылы Парижде дәл осындай жағдайда одан ұтылып қалғанмын. Сол кез­де қарсыласым үшінші сетте 7:5 есе­бімен басым түскен еді, – деді ол.

Атап өтерлік жайт, Алматы­дағы жарысқа дейін спортшы Шан­хайдағы теннис турнирінде күш сынап, маңызды кездесулер өткізген еді. Қаланың ылғалды ауа райын ескерсек, бұл кейбір спорт­шылар үшін қиындық тудырған. Осыған байланысты спортшы Қа­зақстанда өтетін ойын алдын­дағы акклиматизация проце­сі туралы айтып берді. Хачановтың сөзінше, ол Қазақстанға сапары алдында отбасымен демалып үлгерген. 

– Мен Шанхайдан кейін Алма­тыға бірден ұшып келген жоқпын. Жарыс аяқталған соң Мәскеуге қарай жол тарттым. Отбасым мен балаларымды көріп, бірнеше күн сонда демалдым. Содан кейін аздап жаттығумен айналыстым. Жарыстың алғашқы күндері – ауа райына бейімделіп, турнирдің ырғағына ену үшін өте маңызды кезең. Иә, маусым ұзақ, турнир көп. Қазір соңғы 3–4 тур­нирге күш жинау маңызды. Мау­сым соңында кім сергек әрі жина­қы болса, сол спортшының ар­тық­шылығы көп болады, – деді К.Хачанов.

Бүгін теннис жанкүйерлері жартылай финал кезеңінің тар­тыс­ты ойындарына куә болады. Ал күні ертең шешуші матчта үздіктер жеңіс тұғырынан көріну үшін сынға түспек.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 05:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see131

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see130

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see127

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see126

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see117

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see115

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see114

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see113

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see113

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see112

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see111

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see111

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see111

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see111

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see111

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see110

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see110

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see110

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see109

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары