Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Жастар неге шетелге кетеді?

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Төртеудің тартысы қыза түспек

Төртеудің тартысы қыза түспек

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алдымен АҚШ-тың Инглвуд қала­сын­дағы «Соу-Фай» стадионында өткен тартыс­та Испания құрамасы Бель­гия футболшыларын 2:1 есе­бімен ығыстырып, жарты­лай финалға шықты. 70 мың кө­рерменді еркін сыйдыра­тын стадионда ине шаншар орын болмады. Фабиан Руистің 30-минутта соққан голынан кейін алға ұзаған испандықтар басымдықты уыс­тан шығармады. Бірінші тайм­ның 41-минутында Бельгия құрамасының шабуылшысы Шарль Де Кетеларе таразы басын теңестірген. Алаң­ға 86-минутта шыққан Испа­ния құрамасының жартылай қорғаушысы Микель Мерино араға екі минут салып жеңіс голын соқты. Бель­гия құрамасының шабуыл­шы­сы Тибо Куртуаның жара­қаты сыр беріп, 71-минутта алаңнан кетуі де командалас­тарына айтарлықтай соққы болды. Даңқты қақпашыны алмастырған Сенне Ламменс барын салғанымен ұжымды жеңілістен құтқара алмады. Испания құрамасы жартылай финалда Франция футболшыларына қарсы ойнайды.

Ширек финалдың кезекті тартысы Канзас-Ситидегі (АҚШ) «Эрроухед» стадионында өтті. 2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатында кубок олжалап, жаһан үздігі атанған Аргентина құрамасы Швейцария футболшыларын экстра таймда жеңді. Матч­тың 10-минутында Лионель Мессидің бұрыштамадан әуе­летіп жеткізген пасын Алек­сис Мак Аллистер бас­пен дәл бағыттап есеп ашты. Швей­цария футболшыларын шең­гелдеп ұстап, басымдықты уыст­ан шығармаған арген­ти­­на­лықтардың қорғанысы ­67-ми­нутта сыр берді. Швей­цария құрамасы ұрымтал сәтті мүлт жібермеді. Сол қапталдан шабуылды өрбіткен Дан Ндой командаласы Рикардо Родиригеске пас беріп, өзі қарсыластың айып алаңына өтіп алды. Рикардо да ала доп­ты жер бауырлата Ндойдың алдына жеткізді. Әлем чемпио­ны атағына ие аргентиналық қақпашы Эмилиано Мартинес еш қайран көрсете алмады. Бұл ойынға португалиялық Жоау Педру Пиньейру қазы­лық етті. 44-минутта ес­керту алған Швейцария құрамасының шабуылшысы Брил Эмболо 71-минутта алаңнан қуыл­ды. Бір ­ой­ын­шысы кем швей­цариялықтар негізгі уақытта тең нәтижені сақтап қалған. Экстра таймда Лаутаро Мартинес 98-минутта екінші голды соқса, Хосе Лопес 114-минутта үшінші голды соғып, командасын жартылай финалға шығарды.

Майамидегі (АҚШ) «Хард Рок» стадионындағы Норвегия мен Англия тартысы 1:2 есебі­мен ағылшындардың пайда­сына шешілді. 36-минутта Андреас Шельдеруптің соқ­қан голы Норвегия құрамасын алға шығарған. Франциялық төреші Клеман Тюрпен бірін­ші таймға қосқан қосымша уақытта Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем есепті теңестірді. Жеңіс голын да осы Беллингем соқты. Экстра таймның 93-минутында дубль авторы атанып, Англия құрамасы мундиальдің жартылай финалына шықты. Енді олар финалға шығар жолда Аргентина футболшыларымен тартысқа түседі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:63
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 09:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see154

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see153

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see152

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see150

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see149

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see148

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see141

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see135

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see132

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see132

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see132

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see129

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see126

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see126

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see125

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see123

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see122

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see120

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see120

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары