Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

АҚШ билігіндегі тартыс долларға әсер етті

АҚШ билігіндегі тартыс долларға әсер етті

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Долларға қауіп төнді. Бұған президент Трамп пен Федеральды резерв жүйесі төрағасының арасындағы текетірес себеп. АҚШ-та Ұлттық банк президентке бағынбайды.

Ал Ақ үй басшысы мен Джером Пауэллдің ақша-несие саясатына қатысты көзқарасы екі бөлек. Сондықтан  Федеральды резерв жүйесінің басшысы Дональд Трамптың сынына жиі ұшырайтын. Енді Құрама Штаттардың бас банкирі сотқа шақырту қағазын алды. Яғни Джером Пауэллдің үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл президент Трамп ұйымдастырған қудалау ма, әлде оның расымен заң алдында кінәсі бар ма? 

АҚШ Орталық банкінің дербестігіне қауіп төнді

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Федеральды резерв жүйесі төрағасы Джером Пауэллдің арасындағы текетірес күн санап ушығып барады. Ақ үй басшысы оның жұмысын үнемі мінеп-сынайтын. Тіпті жеке басына тіл тигізіп, «ақымақ адамға» теңегені де бар. Осыған дейін Құрама Штаттардың бас банкирі үндемей құтылатын. Алайда сотқа шақырту қағазының келуі Пауэллдің шымбайына батқан сыңайлы. Ол көп күттірмей, теледидардан үндеу жасады. Қудалауға ұшырағанын айтып, Федеральды резерв жүйесінің дербестігіне қауіп төніп тұр деп мәлімдеді.

Джером Пауэлл, АҚШ Федеральды резерв жүйесінің төрағасы:

- Мен заң үстемдігін құрметтеймін. Барлығы заң алдында тең. Оған Федеральды резерв жүйесі төрағасы да бағынуға тиіс. Алайда бұл Ақ үй әкімдігінің араласып отырған ерекше жағдай екенін ескеру керек. Федеральды резерв жүйесі базалық мөлшерлемені макроэкономикалық көрсеткіштеріне сүйене отырып белгілейді. АҚШ-тың Орталық банкі президенттің айтқанын емес, халықтың игілігіне қарай шешім қабылдайды. Ал бұл әрекетіміз Ақ үй әкімдігіне ұнамайды. Сондықтан бізді қорқытуға көшкен сыңайлы.

Федеральды резерв жүйесі ғимаратын жаңартуға бөлінген 3 млрд доллардың қайда кеткенін тексеруге қатысты мәселені әуелі президент Трамп бастады. Бірақ кейінгі мәлімдемесінде ол тергеу туралы ешқандай ақпарат білмейтінін айтып, іргесін аулақ салды. Ақ үй басшысы Джером Пауэллді 2017 жылы, яғни президенттігінің бірінші мерзімі кезінде бұл орынға өзі тағайындаған. Алайда екеуінің арасы сол жылы-ақ бұзылады. Себебі президент Трамп мемлекеттік қарыз бойынша төлемдерді азайту үшін  базалық мөлшерлемені түсіру қажет деп санайды.  АҚШ-тың бас банкирі болса, бұл Құрама Штаттарда инфляцияның өсуіне әкеледі, - деп алаңдайды.

Керолайн Левитт, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:

- Президент Трамп Федеральды резерв жүйесі төрағасын сынауға құқылы. Өйткені, Джером Пауэлл міндетін дұрыс атқарып жүрген жоқ. Оның заң алдында кінәсі бар-жоғын АҚШ-тың Әділет министрлігі анықтауға тиіс. 

АҚШ билігіндегі тартыс долларға әсер етті

Әлем елдері банк басшылары бірлескен мәлімдеме жасады. Олардың қатарында Еуропалық Орталық банк басшысы Кристин Лагард пен Халықаралық есеп айырысу банкінің жетекшісі Пабло Эрнандес де Кос та бар. Әлемнің білікті қаржыгерлері Федеральды резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэллді қолдайтынын жеткізді. Орталық банктердің дербестігі – халық әл-ауқаты тұрақтылығының негізгі іргетасы саналады. Сондықтан заң үстемдігіне сүйене отырып, бұл жүйенің тәуелсіздігін сақтау өте маңызды, дейді. Құрама Штаттардың бас банкирін Федеральдық резерв жүйесінің бұрынғы 3 төрағасы,  яғни Джанет Йеллен, Бен Бернанке және Алан Гринспен қолдап, Джером Пауэллмен бірге екендігін айтты. Бұл қылмыстық тергеудің астарында басқа мән бар екенін меңзеп, инвесторларды алаңдаушылық танытуға шақырды. Егер АҚШ-тың Орталық банкі Ақ үйдің бақылауына өтсе, оның беделіне нұқсан келеді, - дейді олар.

Эдвард Ярдени, Yardeni Research сараптама орталығының президенті:

- Федеральды резерв жүйесі дербес Орталық банк ретінде үлкен беделге ие. Қазірге дейін президентке бағынбайтын. Федеральды Резерв жүйесінің мүшелері экономиканы ілгерлетуге бағытталған шешім қабылдап келді. Орталық банк Ақ үй әкімдігінің ықпалында болса, әлемдік нарықта АҚШ-тың ақша-несие саясатына сенім азаяды. Бұл доллардың әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Қазір алтын нарығындағы ахуал Құрама Штаттар Орталық банкіне деген сенімнің жоғалып бара жатқанын көрсетіп отыр. Өйткені инвесторлар сенімді актив ретінде долларды емес, алтынды таңдайтын болған.

Федеральды резерв жүйесі төрағасына қарсы тергеудің басталуы доллардың әлсіреп, алтынның қымбаттауына әкелді. Бағалы металл унциясына 4 600 долларға дейін жетті. Сөйтіп жыл басталғалы алтынның құны 6 пайыз өсті. Ал күмістің бағасы 4 жарым пайыз артты. 

Федеральды резерв жүйесінің келесі басшысы кім?

Джером Пауэллдің қызмет ету мерзімі биыл мамырда аяқталады. Тақауда президент Трамп келесі басшыға қатысты шешім қабылдауы тиіс. Сарапшылар Ақ үй басшысы өзінің айтқанына көнетін үміткерді ұсынады деп топшылайды. Бірақ ол ұсынған кандидат сенаторлардың қарсылығына тап болуы мүмкін. Өйткені президент Трамптың партияластары Джером Пауэллдің тергеуі біржақты болмай, Федеральды резерв жүйесінің келесі басшысын бекітуге дауыс бермейміз деп отыр.

Элизабет Уоррен, АҚШ Конгресінің сенаторы, демократ:

- Трамп Федералды резерв жүйесінің төрағасын қызметінен ығыстырып, АҚШ-тың Орталық банкін өз мүддесіне, сондай-ақ миллиардер достарының пайдасына жұмыс істеткісі келеді. Сорақысы сол президент Трамп Әділет министрлігін қару ретінде ашық пайдаланып отыр. Оның бұл әрекеттері экономикамызды құлдыратуы мүмкін. Федералды резерв жүйесінің кейбір шешімі маған да ұнамайды. Бірақ бұл дербес қабылданатын шешім. Оған ешкімнің араласуға құқы жоқ.

Рейтер агенттігінің мәліметінше, Федеральды резерв жүйесін басқаруға оның қазіргі мүшесі Кристофер Уоллер тағайындалуы мүмкін. Ол Президент Трамптың базалық мөлшерлемені төмендетуге қатысты саясатын қолдап отырған үміткердің бірі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 08:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары